Трансгенді майлар


Slide 1

Трансгенді майлар

Орындаған: Рахымбай Е. м.

Топ: ЖМ15-014-02

Қабылдаған: Өмірзақова К. к.

Slide 2

Жоспары

Трансгенді майлар

Трансмайлардың классификациясы

1) Табиғи трансгенді майлар

2) Жасанды трансгенді майлар

Гидрогенизация

Трансмайлардың кездесуі

Трансгенді майлардың организмге әсері

Тағам рационымыздағы трансмайлар

Slide 3

Трансгенді майлар

Трансмайлар - транс-конфигурация жағдайындағы қанықпаған майлардың түрі, яғни «көміртек-көміртек» қос байланысындағы көміртек атомдаына байналысқан сутектердің әр түрлі жақта орналасуы

Slide 4

Май қышқылдары

Элаидин қышқылы

Стеарин қышқылы

Олеин қышқылы

Slide 5

Трансгенді майлар

Slide 6

Табиғи трансгенді майлар

Табиғи трансмайлар күйіс қайтаратын жануарлардың көпбөлімді асқазандарында тіршілік ететін бактериялардың тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде түзіліп, ет және сүт тағамдарында 5-8 % мөлшерде сақталады. Мысалы, сүт майының құрамында болатын румен қышқылы - линол қышқылының трансизомері болып табылады.

Slide 7

Трансгенді майлар

Трансмайлар қанықпаған майларды гидрогендеу үдерісінің нәтижесінде қосалқы өнім ретінде түзіледі, мысалы маргаринді күнбағыс майынан өндіруде.

Гидрлеу (гидрогенизация, гидрогендеу) - органикалық затқа сутек молекуласының қосылу реакциясы.

Slide 8

Гидрогенизация

Майларды гидрлеу үдерісі қанықпаған май қышқылындағы қос байланыстың үзіліп, екі сутек атомының байланысуымен сипатталады, яғни гидрлеу арқылы қаныққан май қышқылы алынады. Гидрогенизация кезінде рафинирленген майлар ұнтақты катализатордың (әдетте құрамында никель бар) көмегімен, 190-220 ºС температурада сутекпен араластырылады. Реакция нәтижесінде жылу бөлініп, катализатор беткейіндегі температура 1000 ºС жетуі мүмкін. Жоғары температураның әсерінен май қышқылдарыныі құрылысы өзгеріп, трансизомерлер мен басқа да зиян заттар түзіледі.

Slide 9

Гидрогенизация

Ni немесе Pt катализаторының беткейіндегі C=C қос байланысының гидрогенизациясының кезеңдері: (1) Реагент катализатор беткейіне адсорбцияланады және H2 диссоциацияланады. (2) Бірінші H атомы көміртек атомымен байланысады, ал өзге сутек әзірше беткейде қалады.

(3) Екінші Н атомы басқа көміртек атомымен байланысып, молекула беткейден босап шығады.

1 2 3

Slide 10

Гидрогенизация

Slide 11

Гидрогенизация

Slide 12

Трансгенді майлар

Гидрогенделген майларды орысша саломас деп атайды. Саломастың құрамында 67 % мөлшерде май қышқылдарының трансизомерлері кездеседі.

Slide 13

Трансмайлардың кездесуі

Қайда кездеседі

Мөлшері

Америкалықтардың қан плазмасындағы фосфолипидтердің құрамында орташа есеппен

3 %

Ана сүтінде

Испания

1 %

Франция

2 %

Германия

4 %

Канада, АҚШ

7 %

Зерттеулер нәтижесі бойынша жабайы аңдардың (аю, борсық, суыр, түйеқұс, кенгуру), теңіз сүтқоректілерінің (итбалық, нерпа, теңіз қояны, киттер) және омыртқасыздардың (шаяндар, кальмарлар, галатуриялар, мидиялар), сондай-ақ теңіз және өзен балықтарының майында трансизомерлердің болмайтындығы анықталған.

Slide 14

Трансгенді майлардың организмге әсері

Май қышқыдарының трансизомерлері жасуша мембранасындағы фосфолипидтердің құрамына енетін болса, трансмембраналық белоктардың қызметіне әсер етуі мүмкін. Бұл белоктар жасуша рецепторы болып табылғандықтан, олардың қызметінің бұзылуы гормондар арқылы келген сигналдардың жасушаға берілуінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ жасуша ядросының мембранасындағы гендер экспрессиясын модуляциялайтын рецепторлардың жұмысы да бұзылады.

Slide 15

Трансгенді майлардың организмге әсері

ЖИА қаупінің жоғарылауы келесі факторларға байланысты деген қорытындыға келді. Олар:

ТТЛП-холестерин деңгейінің жоғарылауы;

липопротеин деңгейінің жоғарылауы;

ЖТЛП-холестерин деңгейінің төмендеуі;

қабынуды өршіту;

эндотелиалды дисфункция;

қанның ұйығыштығына әсері;

инсулинге жасушалар сезімталдығының төмендеуі;

жасуша мембранасындағы алмастырылмайтын май қышқылдарының орнын ауыстыру;

мембраналар атқаратын кілттік функцияларға әсері

Slide 16

Атеросклероз

Трансмайлардың атеросклероздың даму қаупін жоғарылататыны шынайы дәлелденді. Трансизомерлер маргариннің ғана емес, сонымен бірге эритроциттер мен липопротеидтердің де мембраналарының қаттылығын арттырады. Осы күйінде тіннен тінге майларды тасымалдайды. Патогенді факторлардың, соның ішінде трансмайлардың әсерінен артерия қабырғасының реттегіш және қорғаныс жүйесінің қызметі әлсірей бастайды да, онда тамырлар зақымдала түседі. Онда тотыққан холестеринді жұтатын макрофагтар шоғырланады. Олар біртіндеп дәнекер тінмен және кальциймен нығайтылатын көлемді табақшаларды түзеді. Артерияның саңылауы тарылып, қанмен қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі туындайды.

Slide 17

Трансгенді майлардың организмге әсері

Обыр

Инсулинтәуелді қант диабетінің ІІ типі

Семіздік

Миокард инфарктісі

Тромбоэмболия

Альцхеймер ауруы

Атеросклероз

Slide 18

Тағам рационымыздағы трансмайлар


Ұқсас жұмыстар
Трансгенді жануарлар алу әдісі
Факторлардың экогенетикалық әсері
Трансгенді ағзалар туралы түсінік
Трансгенді ағзалар
Гендік модифицирленген өнімдер
Биотехнология және ауылшаруашылығы
Трансгендік өсімдіктер
Биотехнологиялық өндірістің технологиялық негізі
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
АҚШ адамдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz