Әлем құрлығы және аймақ бойынша ауа температурасы үрдістері және басқа да климаттық сипат


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Әлем құрлығы және аймақ бойынша ауа температурасы үрдістері және басқа да климаттық сипат

Орындаған: Хабиева А.

Тексерген: Мамутов Ж. У.

Slide 2

Жердегі тіршілік үшін, әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары - бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға - қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.

Slide 3

Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді.

Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын - шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.

Slide 4

Жер шарының климаты алуан түрлі.

Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады.

Белгілі климат зерттеуші ғалым Б. П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Slide 5

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

Slide 6

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.

Өтпелі климаттық белдеулер - негізгі белдеудің аралығына орналасқан . Негізгі белдеулер секілді, өтпелі белдеулердің де атаулары олардың географиялық орындарына байланысты қойылған.

Субэкваторлық белдеу ( «суб» жұрнағын латын тілінен аударғанда «маңында» деген мағына береді) - экватор маңындағы, субтропиктік белдеу - тропик маңындағы белдеу деген сөз.

Өтпелі белдеулерде ауа массалары жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады. Олар мұнда көршілес белдеулерден келеді. Сондықтан солтүстік жарты шардағы субэкваторлық белдеудің климаты жазда экваторлық белдеудің климатына, ал қыста - тропиктік белдеудің климатына ұқсас болып келеді.

Субтропиктік бедеудің климаты жазда тропиктік белдеудің, ал қыста - қоңыржай белдеудің климатына ұқсас болып келеді .

Картаға қараған уақытта, онда климаттық белдеулердің шекаралары қатаң түрде параллельдердің бойымен өтпестен, кейбір жерлерде бірде солтүстікке, бірде оңтүстікке қарай ауытқитындығын көруге болады . Себебі: жергілікті жердің климатына сонымен қатар жер бетінің сипаты - жер бедері, мұхиттар, құрлық, теңіз ағыстары, мұздық жамылғысы да зор әсер етеді .

Slide 7 Slide 8

Климаттық белдеулер

Негізгі Ауыспалы

Бір ғана ауа массасы

бар Жер шарының

территориялары

Жыл мезгіліне байланысты өзгеретін Екі ауа массасы бар территориялар

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Дүние жүзінің орташа температурасы

Жер шарының орташа температурасы дегеніміз- белгілі бір аудандағы температура емес, Жер шарындағы бүкіл нүктелердің орташа температурасы. Мысалы Алматы қаласында 20 градус ал Көкшетауда 30 градус болса, онда орташа температура 25 градусқа тең болады.

Қазіргі таңда Шер шарының орташа температурасы +12 градус Цельсияға тең.

Slide 12

Минимум және максимум

Slide 13

Қазақстан климаты

Slide 14

Қыста орташа температура солтүстікте -18°С, ал оңтүстікте -3°С. Жазда орташа температура солтүстікте +28°С, ал оңтүстікте +30°С.


Ұқсас жұмыстар
Ақау себебі Диагностикасы Ақауды жою
Климаттың жіктелуі
ӘР МАЛ ТҮРЛЕРІНЕ МИКРОКЛИМАТ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫ
Қызыл төбе
Американың климаты
КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРІ
Жер бетінде температураның таралуы
КЛИМАТТЫҚ КУРОРТ
СӨЖ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУ СЦЕНАРИЙЛЕРІ
Астықты сақтау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz