Қазақстан аумағындағы мұздықтар — жер суару мен гидроэнергетиканың басты көзі. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы





Мұздықтардың географиялық таралуының жалпы жағдайы, олардың режімі мен мұзбасудың эволюциясы, су қоры жөніндегі зерттеулер кеңінен дамуда. Қазақстан мұздықтары жөнінде XX ғасырдың 20-30 жылдарында мол жиналған нақты материал іле және Жоңғар Алатауының қазіргі, көне мұзбасулары жөнінде жалпы түсінік берді, гляциологияның кейбір теориялык негіздерін жоне алғашқы ірі ғылыми қорытындылар жасауға мүмкіндік туғызды. Аса ірі мұздықтардың, өзендердің мүзбасу аңғарларының карталары жаса- лып, олардың үзындығы мен ауданының параметрлеріне баға берілді. Мұзбасудың орографияға, биіктікке, жоталардың орналасуына, климаттық жағдайларға байланыстылығы анықталды. Мұздықтардың қазіргі режімі зерттелді. Өзендерді қоректендірудегі мұздықтардың алатын орны айқындалды. Мұздықтардан қоректенетін ағындарды есептеудің теңдеулері ұсынылды. Жауын-шашын мен қар жамылғысы таралуының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары анықталды. Қозғалған мұздықтардағы мұз құрылымының, оның жылуының және механикалық қасиеттерінің өзгерістері қадағаланады. Мұздың серпімділігі, пластикалығы, геологиялық қасиеттері жөніндегі деректер жинақталды. Анықталған статистикалық және динамикалык параметрлер мұздықтардың математикалық теориясын дамытуға пайдаланылуда. Мұздықтар типінің кеңістіктегі айырмашылықтары сипатталды; мұздықтардағы гляциологиялық зоналылық анықталды; мұздың жылулық-физикалық параметрлерін аналитикалық есептеудің тәсілдері жасалды. Мұздықтар ауытқуының теориялық мәселелері шешілді. Геофизикалық тәсілдер мұздың электр тогын өткізгіштігін, оған электрод қадаларын қағу аркылы электр өткізу кедергісін өлшеуге мүмкіндік берді. Электрометрия тәсілі арқылы мұздың бетінен табанына дейінгі қозғалысының ішкі жылдамдығы анықталды. Мұздықтар бетінің фильтрациялық ерекшеліктерін көрсететін электр өрістері зерттелді. Жарияланған еңбектер: "Гляциологиялық зерттеулердің материалдары", "Мұздықтар каталогы", "Қазақстандағы гляциологиялық зерттеулер", гляциологтардың көптеген монографиялары. Қазақстан гляциологтары мұздықтардың ауытқуы жөніндегі халыкаралық семинарларға белсене қатысып отырды

Қар сызығы
Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын-шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде - хионосферада (грекше - қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі. Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биікте жатыр. Қар сызығы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь-Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600 м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200-400 м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін. Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300-2800 м, оңтүстікте 2500-3000 м, Сауырда - 3300 м. Қар сызығы Жетісу Алатауының солтүстігінде 3300-3500 м, оңтүстік беткейде 3300-3900 м, ал Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700- 3900 м биікте, оңтүстікте 3900-4200 м биікте өтеді.

Тау мұздықтарының типтері
Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жетісу Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км². Оның 996 км²-і солтүстік беткейде жатыр. Тянь-Шань тау жүйесінің республика жерінде 1009 мұздығы 857 км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89, 6 км²-ге жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан. Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар: 1. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында пайда болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі, басқа тауларда сирек, бүкіл мұздықтар ауданының 1%-ына тең. 2. Тау беткейлерінің мұздықтары тік беткейлердің ойыс жерлеріндегі аспалы мұздықтары, беткейлерде тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасқан. Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр. 3. Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады. Олар бүкіл мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды.

Қазақстан мұздықтарының ерекшелігі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz