Су тасқыны, пайда болу себептері, салдары. Селдің сипаттамасы



Су тасқыны, пайда болу себептері, салдары. Селдің сипаттамасы.
Орындаған: Хабиева А.
Тексерген: Мамутов Ж. У.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.

Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.
Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т. б гидравликалық соққысы болуы мүмкін.
Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін




Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда - наурыз - шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде - наурыз-маусым айларында болады.
Жаңбырдан болатын тасқындар, Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде. Ертіс байссеіні өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынының ерекшелігі сол, белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы мүмкін.

Қазақстанда 2010-2016 жылдар аралығынла болған су тасқындары
2010 жылы, Алматы облысы, Қызылағаш ауылы
42 адам көз жұмды,
1153 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды
Ауылдың 80%-ы су астында қалды
2010 жылы 20 наурыз
ШҚО, Көкжара ауылы
6, 4 мың адам баспанасыз қалды
673 тұрғын үй, 754 шаруашылық ғимараттар
42 қыстақты су басты
2011 жылы БҚО, Шыңғырлау және Теректі аудандары
8624 үй суға кетті
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
118 үйді су басты
2016 жылы Қазақстанның 5 облысында су тасқыны болды
Солт. Қазақстан және Қостанай облыстарында 116 үй су астында қалды

Алдын алу шаралары:
Республика аумағындағы көптеген тасқыдардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар:
судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын бұру;
су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу;
жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;
ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшаландыру қондырғысын қою;
қысқа бұталы ағаштар отырғызу;
жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау;
толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу;
отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету;
қайықтың болуы;
жақын орналасқан биік жерді білу;
жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын болу;
тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.



Сел қаупінің белгілері:

Жақын қалған және міндетті түрде болатын сел басу қаупінің белгілері:

Қазақстанда болған селдер:
Қазақстанда өткен сел тасқынның 250 оқиғасының 100 - і Іле алатауында болған. Әсірісе солтүстік бөктердің орталық бөлігіндегі төкпе өршіктеріне Қаскелең, Алматы, Талғар қалалары орналасқан қапталдарындағы өзендерде сел тасқыны ерекше күшті.
1887 - жылы. жер сілкінуі кезінде Ақсай және Алматы өзендерінде өте күшті лайлы тасқын болған. таудағы қар көшкіні бөгеп тастаған кіші Алматы өзені тасып кетіп, Верный қаласында бірнеше квартал су астында қалған.
1902 - жылы. Ақсай өзені бәссейнінде тау етегінде балшық пен тас аралас лай жиналған.
1918 - жыл. топырақ көшкіні таудан сырғанап кеп Батарея шатқалында өзеннің арнасын бөгеп тастады. Мол су жиналып, көшкін топырақ бөгетін бұзып кеткен де Кіші Алматы өзеніне сарқырай құйылған, жол - жөнекей көпірлерді, су дирмендерді ағызып әкеткен.
1921 - жылы 8 шілдеде. Өте қатты нөсер (бір тәулікте 116м, яғни айлық екі норма мөлшерінде) жауып, таулардың жоғары бөлегінде қар мен мұзартты үдере ерітіп жібергенде Іле алатауының солтүстік бөктеріндегі барлық өзендерде әдеттен тыс орасан көп мөлшерде су жоғары көтерілген. Кіші Алматы өзенінің алқаптарында сел тасқыны арасы 0, 5 - 1 миноттық жиілікпен бірін - бірі қуалай аунаған, биіктігі 2 метр келетін 80 толқын ағып өткен лаймен бірге тасқын тамырымен қопарылған ағаштарды, дәу тастарды, үйлерді ағызып әкеткен.
1933 - жылы Алматы қаласында осы сел тасқынының іздері әлі де көрініп жатыр. М . Горыкий атындағы парктен Фурманов көшесіне дейінгі ауданда кейбір үйлердің төменгі қабатын терезесіне дейін сел тасқыны әкелген лай көміп кеткен, диаметірі 1 метрден 2 метрге дейнгі қойтастар көшелерде жатыр.

1921 - жылы 8 шілдеде. Үлкен Алматы өзенінің алқабында сел көпірлер мен дирмендерді қиратып кеткен. Арнасынан асып шыққан Есік өзені 18 үйді құлатқан. Талғар селосында өзен суы 8 метр көтеріліп, дирмен мен көпірді ағызып әкеткен.
1940 жылғы 29 шілдеде қатты жаңбырдан кейін сол жақ Талғар шатқалының сол жақ қапталынан сел тасқыны сулады; сел терең жыралар қазып, үймек - үймек тастарды, тамырымен қоса қопарылған ағаштарды ағызып әкелді.
1941 жылғы 25 мамырда Іле алатауының жотасында 97 минут ішінде 93 мимллиметр жауын жауды. Бірақ нөсер негізінен алғанда ормандық белдеу үстінен өтті де, ойранды сел туғызған жоқ.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz