Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік


Slide 1

Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік

Орындаған: «6М060800 - Экология» мамандығының 1 курс магистранты Оразбаева Т. Р.

Тексерген: Дускаев Қ. Қ.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

Slide 2

Су ресурстары бойынша халықаралық басымдықтар:

Су туралы БҰҰ конференция, Мар дел Плата, 1977

Су және қоршаған орта туралы халықаралық конференция, Дублин, 1992

Қоршаған орта және тұрақты даму туралы БҰҰ конференция, Рио-де-Жанейро, 1992

1-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Марракеш, 1997

2-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Гаага, 2000

3-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Киото, 2003

4-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Мехико, 2006

5-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Турция, 2009

6-шы Дүниежүзілік Су Форумы, Марсель, 2012

7-ші Дүниежүзілік Су Форумы, Корея, 2015

2

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

Slide 3

Халықаралық су басымдықтары

3

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

Slide 4

Халықаралық су басымдықтары-1

Бірінші Дүниежүзілік Су Форумы 1997 ж. Марракеште өтті (Марокко) . Марракеш Декларациясында мынадай су ресурстары мәселелері орын алды: қауіпсіз ауыз су мен негізгі санитарлық жағдайлар мүмкіндігін қамтамасыз ету, трансшекаралық су алаптарын басқаруда тиімді механизмдерді ендіру қажеттілігі, табиғи экожүйелерді қорғау, суды тиімді пайдалануды ынталандыру.

4

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

1996 жылы Марселдегі штаб-пәтерде Дүниежүзілік су Кеңесі құрылды. Оның қамқорлығымен мынадай Дүниежүзілік су форумдары өтті:

Екінші Дүниежүзілік Су Форумы 2000 ж. Гаагада өтті. Онда “Дүниежүзілік су ресурстарын көру: суды әрқайсысының ісі ету” деген қағида мақұлданды.

Slide 5

Халықаралық су басымдықтары-2

Бесінші Дүниежүзілік Су Форумы Стамбулда 2009 ж. 19-22 наурызда өтті. Негізгі тақырыбы - «Суларды бөлетін шекараларды жою» болды.

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

5

Үшінші Дүниежүзілік Су Форумы 2003 ж. наурызда Жапонияның (Киото, Шига және Осака) үш қаласында өтті. Су үшін пайда болатын кризистік жағдайларды ескерту мен мемлекетаралық қақтығыстарды шешуге бағытталған ЮНЕСКО-ның жаңа халықаралық ұйымдар құруы жайлы шешімі осы форумның маңызды нәтижесі болды. Бұл ұйым “Потенциалды қақтығыстан потенциалды ынтымақтастыққа дейін” деген атқа ие болып, оның Хатшылығы Париждың ЮНЕСКО штаб-пәтерінде орналасты.

Төртінші Дүниежүзілік Су Форумы 2006 ж. Мехикода өтті. Оның негізгі тақырыбы - «Жергілікті әрекет ғаламдық шақырту үшін» деп аталды.

Slide 6

Халықаралық су басымдықтары-3

Жетінші Дүниежүзілік Су Форумы «Су біздің болашағымыз үшін» 2015 ж. 12-17 сәуірде Кореяның Тэгу және Кенджу қалаларында өтті. Форумның тематикалық құрылымы 4 мақсаттық категорияларды қамтыды: «Су қауіпсіздігі барлығы үшін», «Су даму және өркендеу үшін», «Су тұрақтылық үшін: адам мен табиғаттың үйлесімділігі», «Ендірудің пайдалы механизмдерін жасау».

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

6

Алтыншы Дүниежүзілік Су Форумы: «Шешімдер уақыты» 2012 ж. 12-17 наурызда Францияның Марсель қаласында өтті. Форумның тематикалық үрдісінің платформасы 3 стратегиялық бағытта құрылды: «саулық», «экономикалық даму», «ғаламшардың көктігін сақтаймыз». Бұл Форумды қолдау мақсатында азқалдықты технологиялардан әлемдік саясаттың құрылымы бойынша ұсыныстарға дейін 1, 5 мың шешімдер жиналған практикалық шешімдердің Платформасы құрылды.

Slide 7

Ғаламдық су серіктестігі (ҒСС) Global Water Partnership (GWP)

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

7

Су ресурстарын басқарумен айналысатын барлық ұйымдар үшін ашық халықаралық желілік құрылым.

Тапсырмалары - су ресурстарын тұрақты басқаруда мемлекеттердің қолдауы.

Міндеттері - әлемдік деңгейде су ресурстарын бірлесіп басқару қағидаларын, сондай-ақ ақпараттармен, тәжірибелермен алмасуды дамыту және ендіру.

Құрамына кіретіндер: дамыған және дамушы елдердің үкіметтік мекемелері, БҰҰ мекемелері, даму банктері, кәсіби қоғам, ғылыми-зерттеу институтттары, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке меншік секторы.

Slide 8

● ҒСС Дүниежүзілік Су Кеңесімен (ДСК) тығыз байланысты. ● Үшінші Дүниежүзілік Су Форумынан (2003 ж. наурыз Киото) кейін ҒСС су ресурстарын бірігіп басқарудың (СРББ) тұжырымдамалық дамуын кеңейтумен және практикалық дағдыларды күшейтумен айналысады.

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

8

Ғаламдық су серіктестігі (ҒСС) Global Water Partnership (GWP)

Slide 9

Дублиндік қағидалар Су ресурстарын басқару

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

9

1992 ж. Су және Қоршаған Орта жөніндегі халықаралық конференцияда Дублиндік қағидалар ұсынылды.

Дублиндік қағидалар су шаруашылығының келесідей реформаларының негізі болды:

Slide 10

Қағида 1

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

10

Тұщы су - қоршаған ортаның дамуы мен тіршілікті сақтау үшін маңызды болып табылатын қайта қалпына келмейтін ресурс.

Тұщы судың шектеулі ресурс екендігі жайлы көзқарас жылдың орташа бөлігіндегі гидрологиялық циклдың нәтижесінде судың фиксациялық көлемінің болуынан туындайды. Бұл көлем адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде айтарлықтай көбейе алмайды, керісінше антропогендік ластанудың нәтижесінде азаяды. Тұщы судың қорлары - табиғи ресурс болып табылады. Оларға қажетті қызметтерді орындай отырып, үнемі сақтау қажет.

Slide 11

Қағида 2

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

11

Су шаруашылығын дамыту мен басқаруда әр түрлі деңгейде саяси шешімдерді қабылдайтын ұйымдардағы қызметкерлер мен пайдаланушыларды қызықтыру үшін жалпыға бірдей негіздеу қажет.

Су - ресурс, бұл қатынаста адамдардың әрқайсысы бенефициарий болып табылады. Шешімдерді қабылдау үрдісіне ат салысатын қатысушыларды нағыз бенефициарлар деу орынды болады. Қатысудың түрлері өзіндік су шаруашылығына тән және инвестициялық шешімдерге сәйкес келетін жұмыстың көлеміне байланысты. Қатысудың сипаты шешімдер қабылданатын саяси ортаға да тәуелді. Барлық бенефициарлардың қатысуымен өтетін тәсіл - ұзақ уақыттық келісім мен жалпы бітімге келудің ең жақсы құралы. Бұған қатысу жауапкершілікті көтеріп, сондай-ақ суды пайдалану мен ресурстың тұрақты даму тиімділігін арттыруда міндеттемелерді қабылдауды білдіреді.

Қатысу әрдайым бәтуаға әкелмейді, сондай-ақ қақтығыстарды шешуде арбитраж (төрелік) бен басқа да механизмдер қажет. Үкімет бенефициарлардың, әсіресе әйелдер мен басқа да әлсіз әлеуметтік топтардың қатысуына мүмкіндіктер жасауына көмектесу керек. Қатысуды күшейтудің бірден-бір стратегиясы қажетті ең төменгі деңгейге дейін шешім қабылдауды децентрализациялау (жекелендіру) .

Slide 12

Қағида 3

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

12

Су ресурстарын қамтамасыз етуде, басқаруда және қорғауда әйелдер маңызды рөл атқарады.

Су ресурстарын дамыту мен басқару бағытындағы институционалдық іс-шараларда үй шаруашылығына суды негізгі жеткізуші мен пайдаланушы және қоршаған ортаны қорғаушы ретінде әйелдердің рөлі төмен болды. Тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктер үшін суды жинақтау мен пайдалануда, ауылшаруашылығында пайдаланудың көптеген жағдайларында әйелдердің маңызды рөл атқаратыны баршаға мәлім. Бірақ, әйелдер еркектерге қарағанда су ресурстарына қатысты басқаруда, мәселелерді анализдеу мен шешім қабылдау үрдісінде басым рөлді атқармайды.

СРББ әйелдер рөлінің мойындалуын талап етеді. Шешімдерді қабылдаудың барлық деңгейінде әйелдердің толық және тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін еркектер мен әйелдер арасындағы әр түрлі қоғамдық фармациялардың әлеуметтік, экономикалық және мәдени рөлдерін бөліп қарастыратын тәсілдерді міндетті түрде ескеру қажет. Әйелдер мен еркектер арасындағы тең құқылы қатынас пен су ресурстарын тұрақты басқарудың арасында маңызды байланыс бар.

Су ресурстарын барлық деңгейде басқаруда еркектер мен әйелдердің қатысуы тұрақтылыққа жетуді тездетеді, ал су ресурстарын бірігіп басқару еркектер мен әйелдер арасындағы тең құқылыққа жетуге өз үлесін қосады.

Slide 13

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

13

Қағида 4

Әр түрлі мақсатта пайдаланылатын судың экономикалық бағасы болады. Ол экономикалық тауармен, сондай-ақ әлеуметтік тауармен мақұлдануы қажет.

● Бұл қағиданың аясында, ең алдымен, барлық адамдардың сапалы суға қолжетімділігін және қолайлы бағадағы қалыпты санитарлық жағдайларға негізгі құқықтарын мойындау маңызды.

● Суды экономикалық тауар ретінде басқару суды пайдаланудың тиімділігі мен тең құқықтылығын және су ресурстарын қорғау мен экономиканы көтермелеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға жетуде маңызды тәсіл болып табылады.

● Судың экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік тауар ретінде бағасы болады. Су ресурстарын басқарудағы бұрынғы сәтсіздіктердің көбісі судың толық бағасы мойындалмағандықтан туындады.

● Баға мен төлем - екеуі екі түрлі ұғым және де біз олардың арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.

● Судың тиімді таралуы үшін баламалы пайдалануда судың бағасы реттеуші немесе экономикалық құрал ретінде маңызды.

● Төлем - үнемдеу және суды тиімді пайдалану тұрғысынан әлсіз топтарға көмек ретінде қолданылатын экономикалық құрал.

Slide 14

СРББ-ға анықтама

ҒСС анықтамасы бойынша «су ресурстарын бірігіп басқару» (СРББ) бұл «экожүйенің тұрақтылығына зиянын тигізбей, су, жер және басқа да ресурстардың дамуы мен басқаруына максималды түрде әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне жету мақсатына септігін тигізетін үрдіс».

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

14

Суды пайдаланудың барлық түрлерінің өзара тәуелділігін мойындау СРББ негізі болып табылады:

Үлкен суару нормасы мен ластанған кәріз сулардың тастандылары өнеркәсіп пен ауыз су қажеттіліктері үшін тұщы судың қорын төмендетеді;

Ағынды сулар өзендерді ластап, экожүйелерге қауіп төндіреді;

Балық шаруашылығы мен экожүйелерді қорғау мақсатында суды сақтау - ауылшаруашылығындағы тоғандарды азайтады.

Судың шектеулі қорларын тиімсіз пайдалану бейберекет және соған сәйкес тұрақты емес болуына көптеген басқа да мысалдар бар.

Slide 15

СРББ су ресурстарының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерімен қоса, тұрақты дамуын, таралуын және пайдаланудың мониторингін қамтамасыз ететін үздіксіз үрдіс болып табылады.

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

15

СРББ-ға анықтама

СРББ әр түрлі ұйымдардағы жауапкершіліктерді ведомствовалық тәсілмен қарастырады:

ауыз сумен қамтамасыз етуді;

суландыруға бөлінетін суды;

қоршаған ортаны қорғау және т. б.

Сонымен қатар, заңдылығы мен тиімділігі көбірек күдік тудыратын «жоғарыдан төменге қарай» жүйесі пайдаланылады.

СРББ экономиканың жеке секторларын үйлесімділік және ынтымақтастықпен, сондай-ақ аймақтың ашық және тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді.

Салааралық байланыстардың жетіспеушілігі су ресурстарының дамуы мен басқаруында қақтығыстарға, жүйенің жоғалуы мен тұрақсыздығына алып келеді.

Slide 16

ашықтық (ақпараттарға қолжетімділік) ;

айқындық (саяси және қаржы шешімдерде) ;

серіктестік (қызығушылық танытқан қатысушылармен) ;

есеп берушілік (рөлдерді, жауапкершіліктерді нақты бөлген жағдайда) ;

нәтижелілік (нақты мақсат негізінде) ;

логикалық бірізділік (түсіністік пен қолдау үшін) ;

тиімділік (бірінші орында экономикалық) ;

бейімділік (ақпараттармен еркін алмасу) ;

әділдік (негізгі топтардың қызығушылықтарын есепке алу) ;

бірлесу (суды пайдаланудың барлық субъектілері мен олардың әсерлерін есепке алу) ;

тұрақтылық (болашақ ұрпақтар мен экожүйелердің қызығушылықтарын есепке алу) ;

адамгершілік (қоғамның адамгершіліктік қағидаларын ескеру) .

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

16

СРББ-ға анықтама. Негізгі қағидалары

БҰҰ және Ғаламдық Су Серіктестігі бағдарламаларында «тиімді бірігіп басқару» термині мына қағидаларға негізделеді:

Slide 17

Су шаруашылығын басқару практикасындағы ең дұрысы су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) болып табылады. СРББ төмендегі қағидаларға негізделген және жеке мемлекеттердің қажеттіліктеріне бейімделген икемді тәсіл ретінде қарастырылады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Тұрақты Даму бойынша өткен Конференцияда СРББ-ның 6 негізгі қағидалары көрсетілді:

"Су ресурстарын бірігіп басқару", СУР Орталығы, 2015

17

СРББ-ға анықтама. Негізгі қағидалары

Slide 18

СРББ көшу құралдары мен негізгі тәсілдері


Ұқсас жұмыстар
Бассейндік кеңестердің жасау
Су ресурстарын алабтық басқару
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Ағаш сүрегін экспорттау жұмыстарын ұйымдастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
ТҰЛҒА ИНДИВИД
Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері
Лидер менеджер
Қаржы ресурстарын басқару
Ақша төлеу және оны төлеушілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz