Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы


Slide 1

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы

Орындаған: «6М060800 - Экология» мамандығының 1 курс магистранттары

Оразбаева Т. Р.

Хабиева А. М.

Төлепова С. Т.

Тексерген: Касымова Р. С.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

Slide 2

Әдіснама:

ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;

әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;

жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;

белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.

2

Slide 3

М. А. Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады».

3

Slide 4

4

Slide 5

Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетке даярлау-оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі, жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды.

5

Slide 6

Қазақстанда университеттердің инновациялық әрекетінің бірнеше жылдық тәжірибесі ондағы маңызды мәселелерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Университеттердің осы орайда 4 типін қарастыруға болады:

Енжар-бейімделетін стратегиямен жүретін университеттер оның әрекетіне қойылатын талаптардың өзгеруіне әлсіз жауап береді. Олар болашақтағы университеттік білім беруге қойылатын талаптарды ескермейді, көбіне қазіргі жағдай мен талаптарға сүйенеді. Мұндай университеттер өз бетінше жаңалықтарды өндіруге тырыспайды.

Белсенді-бейімделгіш стратегиялы университеттер өз бетінше инновацияны іздейді және ендіреді, сол арқылы тұрғындардың белгілі бір бөлігінің тапсырыстарын орындауға тырысады (қосымша үйірмелер ұйымдастырылады; қызығушылығы, қабілеті және кәсібі бойынша оқыту сараланады және т. б. ) .

Озық немесе көшбасшылық стратегиялы университтеттер білім беру жүйесін ертеңгі күнге арнап құрайды. Оқытушы-профессорлық құрам білім беру жүйесін құру барысында үдемелі ғылыми идеяларға сүйенеді және ғылыммен тығыз байланыста болады.

Өзгермелі даму стратегиясын жүзеге асырушы университеттер де болашақтың талабына бағытталған. Ондағы өзгерістер жүйелі әрі терең сипатта болады. Олар өздерінің білім беру жүйесіне терең талдау жасайды және жақын ортадағы әлеуметтік жағдайларды да қалыс қалдырмайды. Бұл университеттер өзі орналасқан аймақ дамуының әлеуметтік мәдени орталығы болып табылады.

6

Slide 7

Университеттер білім берумен ғана шектеліп қоймай мамандық ауыстыруға, біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Стенфорт университеті тоқсанға жуық қосымша білім беру бағдарламалары мен түрлі курстарды ұсынады. Мемлекеттік университеттердің басты миссиясы штаттың дамуын қамтамасыз ету болғандықтан жергілікті студенттердің оқу ақысында белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.

Жоғары білімнің артықшылығын оның иесі ғана емес, сол аймақтың экономикасында да сезілетіндігі дәлелденген, яғни жоғары білімді адамдар көп болған сайын аймақтың барлық жұмыс күшінің өнімі артады, сонымен қатар айлық жалақының ұлғаюы бар. Білімді адамдар ұтқыр, болашағы зор, олар жаңа жолдарды іздестіруге құмар.

Колумбия университеті - АҚШ-тағы озат, кеңінен танымал жеке меншік университеттердің бірі. Басқа да зерттеу университеттері секілді мұндағы ғылымға бөлінген қаржының ауқымдылығы профессорлар, аспиранттар мен студенттерді іргелі зерттеулер мен қолданбалы өңдеулерге тартумен түсіндіріледі.

7

Slide 8

Жоғары оқу орнында мұғалім даярлау ісіндегі инновация -қарым-қатынас жасаудың әдіс-амалын табу арқылы оқушылар тұлғасын қалыптастыруға үйрету, қоғам сұранысына байланысты білім, тәрбие беру әдістерін жетілдіру, соған сәйкес жаңа нәтижеге жету мүмкіндігін қамтиды.

Ең басты мәселе- болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін оқу орындарында қоғамдық, экономикалық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық оқу курстары оқытылады. Бұлардың ішінде педагогика, студентті белгілі бір мамандыққа даярлап қана қоймай, олардың тұлғасын қалыптастыруға да елеулі ықпал етеді.

Оқытушының маңызды қызметі- оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру.

8

Slide 9

Педагог- оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы, ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын маман.

Педагогикалық мораль- мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.

Педагогикалық стиль-мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.

Педагогикалық шеберлік-балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әрбір педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отыратын өнер.

Педагогикалық әдеп-мұғалімнің кәсіптік сапасы мен кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен оның педагогтік әдебінде.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша, оқушылармен тіл табыспайынша, оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М. Д. Лебитов атап көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын әр түрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады. М. Д. Лебитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастауы ықтимал.

Педагогтың әдебі- ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген қасиеттермен өлшенеді.

9

Slide 10

Педагогикалық шеберлік компоненттері:

-психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдері, өз пәнін еркін, терең игеруі;

-мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;

-педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;

-ұйымдастырушылық шеберлігі;

-оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс, әрі уақытында қабылдай алуы;

-ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;

-педагогикалық техника.

10

Slide 11

Педагогтың қабілеттері мына түрде кездеседі:

ұйымдастырушылық (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу),

дидактикалық қабілеті (оқу материалдарын білуі),

перспективтік қабілет (байқағыштық),

студенттердің психикалық жан-дүниесін анықтау,

коммуникативтік қабілет (байланыс),

студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау,

супесивтік қабілет (беделдік),

студенттің беделіне эмоционалды, еріктік ықпал ету арқылы жету,

зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу,

бағалай білу),

ғылыми-танымдық қабілет;

ғылыми білімдерді білу, тану;

сөйлеу қабілеті (дауыс ырғағының дұрыс болуы),

елестете білу қабілеті (сабақты алдын ала елестету, алдын ала дайындау) .

11

Slide 12

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

«Әдіснама» - ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.

Э. Г. Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі:

философиялық

жалпы ғылыми

нақты ғылыми

технологиялық

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.

Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.

Үшінші деңгей - нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т. б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.

Slide 13

Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Зерттеу әдісі - күрделі таным сатыларының реті, зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс - тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.

Slide 14

Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

«Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай» деген бұлжыма заңдылық қай қоғамда да көкейкесті мәселе.


Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Педагогика әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Музыкалық – педагогикалық білім беру әдіснамасы
Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары
Анықтама сөздік. Музыкалық білім беруде педагогиканың психологиямен және философиямен байланыс
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz