Мнемотехника



МОӨЖ-4
Мнемотехника
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы
Орындаған: Хабиева Айнагүл. Экология, магистратура 1-курс
Тексерген: Болтаева Ә. М.

Мнемотехника - дегеніміз не?
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет.

Мнемотехника құрылымы


Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі. Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет. Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті . Ең бастысы - көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Мнемокестелер(мысал)

Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оны біз қолданатын кезіміз: Сөздік қорын байыту үшін Әнгіме құруға үйретуге Көркем әдебиетті мазмұндауда Жұмбақ жасыру және шешуде Өлең жаттауда Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.

Мнемокестені қолдану 3 этаптан тұрады:

Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады. Мысалы: түлкі-тоқсары геометриалық пішіннен тұрады. (үшбұрыш, шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т. б.

Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін. Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.


Мнемотехника нені жасай алмайды?
Бұл жүйенің парадокс туғызатын жері, мнемотехника - ақпаратты жаттауға көмектесетін
жүйе, бірақ ол адам жадының жұмысын жақсарта алмайды. Әрине, ақпаратты қабылдау және мнемотехниканы қолдану кезінде адам жады жұмыс істейді сондықтан аз-маз жақсарады. Бірақ айтып кеткеніміздей, мнемотехника тек адамның қиялдау, назар аудару, ойлау қабілеттерін қолданады.
Сол себепті, мнемотехникамен айналысуды бастағаннан кейін қысқа уақыт ішінде заттарды байқағыштық, айналысып жатқан жұмысыңызға
зейін қою сияқты қасиеттеріңіз күшейіп, бірақ жадыңыздың аса жақсармағанын сезсеңіз, таңқалмаңыз.

Адам жадының айрықшалықтары
Адам негізінен өзіне байланысты және өзінде бар ақпаратқа байланысты заттарды тезірек жаттайды. Сол үшін, әртүрлі фактілерді бір жерге жинап, байланыстыру қажет. Ол байланыстар әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы олар сол адамға қатысты болуы керек. Мүмкін ол күлкілі оқиға болар, анекдот, тіпті ешқашан орындалмайтын ойдан шығарылған қиял болуы мүмкін. Ең бастысы - бұл байланыстар жаттаушы адам үшін жалпы фоннан ерекшеленіп тұруы, бірегей болуы тиіс.

Ассоциациялау әдісі
Жаттаудың бір түрі болып ассоциациялау әдісі есептеледі. Кейде бұл әдісті ассоциациялар тізбегінің әдісі, ассоциациялар байланысының әдісі немесе жаттаудың тізбекті әдісі деп те атайды. Бұл әдіс көбіне сөздер, сандар және даталар тізбегін жаттау үшін қолданылады. Мнемотехника әдісін қолдана білу орындар әдісі сияқты басқа да әдістерді қолдану білу қабілетін тудырады.

Ассоциацияларды қалай құрамыз?
Егер заттардың арасында байланыс болмаса, оны ойлап табу керек. Ол байланыс кез келген түрде болуы мүмкін: ертегілік, фантастикалық, абсурдтік немесе күлкілі. Байланысыңыз неғұрлым ерекше болса, ол заттарды тезірек жаттайсыз.
Ассоциация әдісі арқылы жадыңызды жаттықтыру үшін сөз жаттау тапсырмаларын орындау қажет. Сіздің ойыңызша бұл жаттығудың ешқандай мәнісі де, пайдасы да болмауы мүмкін. «Қайдайғы жоқ сөздерді жаттау маған не береді?»- деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, бұл әдісті игеріп алғаннан кейін дүкеннен сатып алған заттарыңыздын атын, бір күнде жасалуы тиіс жұмыстардың тізімін, цитаталарды, рецепттерді еш қиындықсыз жаттай аласыз.
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДІН ДАМЫТУДА МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ |
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ |
Сандық амперметрлер |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz