Психологияның даму тарихы



Психологияның даму тарихы (шетелдік, отандық, Қазақстандық)
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
Орындаған: Хабиева Айнагүл
Экология, магистратура 1-курс
Тексерген:Болтаева Ә. М.

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар психикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты.
ХҮІІІ ғ . ” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.

Психологияның ғылым ретінде даму жолдары
нақты кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең (б. з. дейінгі 5ғ. ) .
Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384-322) есімімен байланысты.
Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т. б. ) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б. ) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады.

Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы.
Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б. э. д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.

Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б. э. д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”, - деп тұжырымдады.
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж. ж. ) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

2-ші кезең.
Психология сана туралы ғылым ретінде.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р. Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді. Оның теориясы бойынша жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.

Д. Локк(1632-1704) сенсуализмнің-ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.
Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.
Д. Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.

3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913жылы американ психологы Д. Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді.
Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық -локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.

Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.
Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі, яғни мінез -құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді (сананың орнына мінез-құлық алынды) сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. “Сана”, “түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”( ассоциация, коннексия ) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды.
Д. Уотсон

4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмұны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.
Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті.
Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.

Шетелдік психология
Ғылым білімнің сұранысының дамуына байланысты, XX ғасырдың басында сананың интроспективтік психологиясының дағдарысы байқалды. Интроспективтік психология практикалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді шеше алмады. Қоғамның қарқынды дамуымен анықталатын тәжірибе сұраныстарын бұрынғы субъективтік әдістер қанағаттандыра алмады. Жаңа объективтік әдістерді жасау қажет болды.
Психология ғылымының көрнекті тарихшыларының бірі ─ М. Г. Ярошевский сана психологиясының дағдарысына, осыған дейін Францияда кең таралған невропатология мен психиатрия саласындағы зерттеулер нәтижелері себеп болды деп санайды. Бұл зерттеулер кейде адам психикасында санадан тыс құбылыстар болатынын көрсетті. Санадан тыс құбылыстар аумағы клиникалық және эксперименталдық талдауға түсті. Көлемді зерттеулерді Шарко(1825-1893) жасады. Оның басшылығымен атақты француз психологы Пьер Жане (1859-1937), психоанализ негізін салушы Зигмунд Фрейд(1856-1939) жұмыс істей басты. Атақты француз психологы Альфред Бине объективтік әдістерді жасай бастады. Ол балалар ақыл-ойының деңгейін анықтайтын тестілер жасады. Интроспективтік әдіс, балаларға ұсынылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін немесе өнімдерін объективтік талдаумен салыстырғанда, екінші кезекте болды.

Сонымен, XX ғасырдың басындағы психиканы эксперименталдық зерттеулер, психология ─ сана туралы ғылым ретінде анықталуы мүмкін емес деген тұжырымға әкелді.
Бұл кезеңдегі психологияның дамуына Ч. Дарвинның эволюциялық ілімі үлкен ықпал жасады. бұл ілім мынаны дәлелдеді: психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тіршілік иесінің бейімделу әрекетінен бөлек қарастыру мүлдем мүмкін емес. Эволюциялық теория ықпалымен жануарлар психикасы мен балалар психикасын зерттеу жұмыстары жасала бастады. Бұл зерттеулер интроспекцияны қолдану мүмкіндігін ысырып тастады, адам психикасына генетикалық және салыстырмалы тұрғыдан қарауды бекітті. Осындай әр түрлі ықпалдардың бәрі психологияда жаңа психологиялық теориялар қатарының пайда болғанын көрсетті. Бұл теориялардың өкілдері сана психологиясын психиканың жаңа концепциясымен алмастыруға немесе толықтыруға тырысты.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - мінез-кұлық ) - тілдің мәні мен кызметін адам организміндегі вербалдық және эмоционалдық әсерлердің сыртқы ортамен қатынасы арқылы түсіндіру. Бихевиоризмнің теориялық негізін салған Л. Блумфилд (АҚШ) . Бихевиоризм психологиялық бағыттардың бірі негізінде туған, бірақ психологияның ой-сана жайындағы зерттеулерін мойындамайды. Бихевиоризм дескриптивті лингвистикада (Б. Блок), трансформациялық-генеративтік грамматикада (Н. Хомский) тағы басқа кездеседі. 20 ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт деп те қарастырады. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу обьектісі деп санамайды. Бихевиоризімнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк.

Ресей психологиясы
Ресей психологиясын ерекше етіп қарастыра алмаймыз, себебі ол тікелей Шетелдік психологияның даму тарихымен байланысты болып келеді.
Материалисттік психологияның негізін қалаушы атақты орыс ағартушысы, ғалым, философ М. В. Ломоносовқа тиесілі. Ол ой өрістің дамуына ерекше жаңа көзқарасты ұсынды, сыртта болып жатқан факторлардың сезім мүшелеріне әсер ететіні туралы ойларымен бөлісті. Ломоносов мидың тітіркенуге рөлінің үлкен екеніне ерекше көңіл бөлді, осымен психологияның материалдық болмысы екенін растады.

Ресейде психологияның ғылым ретінде негізін қалаушы атақты ғалым және дәрігер- В. М. Бехтерев атанды. Ол психологияны әлеуметтану мен биология ғылымдарымен тығыз байланыстырды. Вундтың экспериментальді психологиядан лабораториясын Ресейде алғаш рет Бехтерев ашты.

Қазақстанда психологияның дамуы
Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі - кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХV-ХХғ. ) болса, екінші кезеңі - марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006) .
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор Қ. Б. Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz