Ерік туралы теориялаР


Slide 1

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы

Моөж-3

Ерік туралы теориялаР

Орындаған: «6М060800 - Экология» мамандығының 1 курс магистранттары Хабиева А. М.

Тексерген: Болтаева Ә. М.

Slide 2

Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді. Адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы - ерік болып табылады.

Slide 3

Тұлға қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис- жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.

Slide 4

Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады.

Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.

Slide 5

И. М. Сеченов: «Ерік қимыл-қозғалысқ ғана басшылық ететін өзіндік ерекшелігі жоқ агент емес, ақыл мен моральдық сезімнің белсенді жағы, соның біріншісі немесе екіншісі үшін ол көбіне қимыл-қозғалыст адамның өзін-өзі сақтау сезіміне қарсы келе отырып басқарады» - деп жазды.

Slide 6

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М. Хай-дегтер, К. Ясперс, Ж. П. Сартр, А. Камю ж. б. ) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "

Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі - "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі.

Slide 7

Ж. П. Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, рет­тестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талапта­рының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті.

Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.

Slide 8

И. П. Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік - "еркіндік инстинкті(рефлексі) " деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И. П. Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.


Ұқсас жұмыстар
ЕРІК ЖӨНІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
Тұлғаның психологиялық қасиеттері
Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі
Конституционалды теориялар
Құндылық түрлері
Патриоттық тәрбие беру
Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Тұлғаның дүниетанымы
ФИЛОСОФИЯ БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz