Экологиялық философия



Экологиялық философия.

ХХ ғасырдың ортасынан бастап дүниежүзілік философия ғылымында «Экологиялық философия» атты ағым ерекшеленіп, өз алдына бөлініп шыға бастады. Экологиялық философия ағымы қазіргі философия ілімінің мынадай бірнеше бұтақтарын біріктіретін тұтас ілімге айналды:
табиғат философиясының тарихы,
ауқымды ғаламшарлық философия,
биофилософия және табиғат қорғау философиясы.

Экологиялық философия тарихы
Адамзат ұрпағы мен табиғат арасындағы қарым-қатынастар мәселелері жайлы түсініктерді ерте заман философтары қалыптастырды. Олардың арасында Пире Манон, Лини Уайт және жабайы табиғатты «жырлап өткен» Перли Каскиндерді атауға болады. Сондай-ақ, Карл Вьеланд және Джонатан Сарфати өздерінің «Экологиялық проблемалар туындауында христиан дінінің кінәсі бар ма?» атты мақалаларында Інжілден «экологиялық үзінділерді» молынан келтірген. Ал, кейбір америкалық экофилософтар - мәселен, Ю. Харгроув, Холмс Ролстон ІІІ және басқалары - антропогенді келбет алған экологиялық мәселелердің туындауында діннің емес, керісінше, философия ғылымының үлесі бар деп санайды. Сонымен бірге, аталмыш мәселелердің туындауында адамзаттық мәдениет пен өркениеттің және табиғаттың өзара қарым-қатынасынан деп санайтын философтар да баршылық. Олардың арасында М. Хайдеггер, К. Ясперс, Л. Мамфорд және басқаларын атауға болады.


Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.
Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628-1705 жж. ) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж. ) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707-1788 жж. ) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды.

Табиғатта адамзаттың биологиялық түр ретінде өмір сүруі үшін жағдай тудыратын ортасы ретінде
• Адам ағзасының қабілет-қарымының мүмкіндіктерін ашу үшін және денсаулығын қалпына келтірудің қайнар көзі ретінде (медициналық-қалпына келтіруші құндылығы) ;
• Шаруашылық әрекеттерін жүзеге асыруға қажетті қорлардың жиынтығы ретінде (экономикалық құндылық) ;
•Ғылыми сараптамалар мен тәжірибелер өткізу және ғылыми білімдер жинақтаудың нақты бастауы ретінде (гносеологиялық құндылық) ;
•Эстетикалық көңіл-күй қалыптастыратын әсер негізі ретінде (эстетикалық құндылық) ;
•Адамгершілік және мораль құндылықтарының негізгі жиынтықтары ретінде (этикалық құндылық) және басқалары.

Адамзаттың табиғатқа көзқарасы негізгі екі көзқараста қалыптасты
антроптық принцип
экоцентристік бағыт

Адам өзінің «үйін» толық өзгертуге құқым бар деп санап, түрлі реформалар, тәжірибелер жүргізе бастайды. 1983 жылы Мәскеуде шыққан «Философиялық энциклопедиялық сөздікте» бұл тараптағы жиынтық пікірлер келтірілген: «Р, Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц бастаған классикалық рационализм ортағасырлық философияға және діни догматизмге қарсы табиғи тәртіп идеясын насихаттады». Жаңа заман рационализмінің өкілдері таным іс-әрекеттері арқылы жиынтықталған білімнің объективтілігі туралы гносеологиялық мәселелерді шешуге едәуір талпыныс жасады. Бұл заманның көптеген философтары табиғатты Құдайдың адамға өзгерту үшін, пайдалану үшін, зерттеу үшін берген объектісі деп қана қабылдаған. Осының салдарына адамзат орасан экологиялық проблемаларды басынан кешірді.

Ноосфера (гр. νόος - сана және σφαῖρα - орта, шар) - биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор.
Осындай экологиялық-этикалық әмбебап жүйелерді құру үшін жасалған қадам ретінде Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясы қабылдаған «ХХІ ғасырға арналған күн тәртібі», «Тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы» және басқа да құжаттарды атауға болады.

Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710-1784 жж. ) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты.
Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731-1802 жж. ) "Табиғат ордасы" және т. б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П. С. Паллас (1741-181 Іжж. ), И. И. Лепехин (1740-1802 жж. ), И. Г. Гмелин (1709-1755 жж. ), С. П. Крашенинников (1711-1755 ЖЖ<) және т. б. үлкен үлес қосты.
Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769-1859 жж. ) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) жәнеВ. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.


Н. А. Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.

Топырақтану ғылымының негізін салған В. В. Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809-1882 жж. ) болды.
Оның "тіршілік үшін күрес"және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz