Аритмияға қарсы негізгі препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері


Slide 1

Қазақстан - Ресей Медициналық Университеті Кафедра: Жалпы және клиникалық фармакология

Тақырыбы:Аритмияға қарсы негізгі препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.

Тексерген:Лигай Д. Н

Орындаған:Дабылбек А.

Тобы: 306 A

Факультеті:Жалпы медицина

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

А) Аритмия, этиологиясы, түрлері

Б) Аритмияға қарсы дәрілік препараттар жіктелуі, түрлері

В) Кардиомициттердің иондық каналдарын айрықша тежейтін заттар, жіктелуі, әсер ету механизмі мен қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері

Г) Жүректің эфференттік иннервациясының рецепторларына айрықша әсер ететін заттар, жіктелуі мен жалпы сипаттама, қолдану жағдайлары

Д) Аритмияға қарсы белсенділіг бар әртүрлі заттар, әсер ету механизмдері, негізгі жанама әсерлері мен қолдану көрсеткіштері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Аритмия - жүрек соғуы реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, сол сияқты жүрекше мен қарыншаның қозуы мен жиырылу үрдістерінің бұзылуы.

Аритмияның даму себептері:

1) Синус түйінінің автоматтық өзгеруінен, серпімділік реттілігі және жылдамдығынан;

2) Миокардтың белгілі бір аймағында белсенділігі жоғары, синус түйінінен басқа жүрек соғуына серпілістер шығаратын ошақтың пайда болуынан,

3) Жүрекшенің немесе қарыншалардың ішінде серпіндердің бұзылуы

4) Миокардтың жиырылуы бұзылуынан

Slide 4

Аритмияға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі

I. Кардиомициттердің иондық каналдарын айрықша тежейтің заттар ( жүректің өткізгіштік жүйесін және жиырылған миоардты)

1. Натрий каналдарын тежейтін заттар ( заттар)

IA топшасы ( хинидин және хинидин тәрізді заттар) :

Хинидин сульфаты, Дизопирамид

Новокаинамид, Аймалин

IB топшасы:

Лидокаин, Дифенин

IC топшасы:

Флекаинид Пропафенон, Этмозин, Этацизин

2. L-типті кальций каналдарын тежейтін заттар ( IV-топ)

Верапамил, Дилтиазем

3. Калий каналдарын тежейтін заттар ( реполяризация ұзақтығын және әсер потенциалын ұлғайтатын заттар; III- топ)

Амиодарон, Орнид, Соталол

Slide 5

II. Жүректің эфференттік иннервациясының рецепторларына айрықша әсер ететін заттар

Адренергиялық әсерді бәсеңдететін заттар ( II-топ)

Бетта-адреноблокаторлар

Анаприлин

Адренергиялық әсерді күшейтетін заттар

Бетта-адреномиметиктер

Изадрин

Симпатомиметиктер

Эфедрин гидрохлориді

Холинергиялық әсерді бәсеңдететін заттар

М-холиноблокаторлар

Атропин сульфаты

Slide 6

III. Аритмияға қарсы белсенділігі бар әртүрлі заттар

Калий және магний препараттары

Жүрек гликозидтері

Аденозин

Slide 7

Қолданылуы бойынша келесі түрге жіктеледі:

• Тахиаритмияда және экстрасистолияда қолданылатын заттар

Натрий каналдарын тежегіштер

Калий каналдарын тежегіштер

Кальций каналдарын тежегіштер

Бетта-адреноблокаторлар

Жүрек гликозидтері

Аденозин

Калий және магний препараттары

Брадиаритмияда және өткізгіштіктің бұзылуында қолданылатын заттар

М- холиноблокаторлар

Бетта-адреномиметиктер

Slide 8

Новокаинамид( прокаинамид хлориді) фармакологиялық жағынан хинидинге ұқсас. Жүректің жиырылғыштығын хинидинге қарағанда аз дәрежеде төмендетеді. Новокаинамид метаболизмнің жылдамдығы бойынша препараттың әсер еті ұзақтығының айырмашылығын көрсететін баяу және тез ацетиляторларға бөледі. Бүйрек арқылы шығады.

Жанама әсерлері. новокаинамид лоқсу, құсу, диарея, тырысу шақыруы мүмкін, қызба, буын және бұлшықет аймағында ауыру сезімдерімен, терілік бөртпелермен, агранулоцитоз және қызыл жегі сияқты синдромның дамуымен көрінетін сезімталдықтың жоғарылауы негізгі мәселе болады.

Қолданудың қарсы көрсеткіштері: идиосинкразия және жүрекше-қарыншалық тосқауыл. Ал гипотониялық жағдайларда және жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Slide 9

Дизопирамид( ритмилен) - аритмияға қарсы айқын әсерге ие. Хинидин сияқты жиырылғыш миокардтың және өткізгіштік жүйенің барлық бөлімдеріне әсер етеді.

Ішектен жақсы сіңеді. Әсері 30 мин соң дамиды. Препараттың 20-50 % қан сарысуы белоктарымен байланысады. Т1/2=6-8 сағ. Бүйрек арқылы шығады. Қарыншалық аритмияда жиі қолданады.

Жанама әсерлері- айқын м-холиноблокаторлық белсенділігі де жатады, бұл ауыз қуысының, көздің шырышты қабаттарының құрғауына, аккомодацияның бұзылыстарына, құсу, зәр бөліну тежелуіне әкелуі мүмкін.

Slide 10

Аймалин( аритмил) - жылан тәрізді раувольфия алкалоиды. Артериялық қысымды айтарлықтай төмендетпейді, тәждік қан айналымды жақсартуы мүмкін. Сол өсімдік шикізатынан алынатын резерпиннен айырмашылығы аймалиннің тыныштандырғыш және симпатолитикалық әсерлері жоқ. Асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді, сондықтан оны парентералды енгізген жөн. Т1/2=15 сағ. Аймалин экстрасистолияда, жүрекшенің ұстамалы жыпылықтау аритмиясында қолданылады. Әдетте науқастар жақсы көтереді. Кейде диспепсиялық бұзылыстар, жалпы әлсіздік туғызады.

Slide 11

Лидокаин ( ксикаин, ксилокаин) тек жергілікті анестетик қана емес, сонымен бірге аритмияға қарсы зат ретінде қолданылады.

Хинидиннен айырмашылығы- лидокаин әсер потенциалының ұзақтығы ( реполяризация кезеңі) және аз дәрежеде тиімді рефрактерлік кезеңді азайтады Препарат тез дамитын және қысқа уақыт әсер етуімен сипатталады. Лидокаинның көп бөлігі бауырда инактивацияға ұшырайды.

Негізгі қолдану көрсеткіштері - қарыншалық аритмия, экстрасистолиялар, миокард инфарктында дамитын тахиаритмия, операциялық жағдайда, операциядан кейінгі кезеңде; Уытты әсері- гипотония, бас айналу, тырысу реакциялармен және басқа да симптомдары көрінеді. Жүрекше-қарыншалық тосқауыл, тахиаритмия болуы мүмкін.

Slide 12

Мексилетин- аритмияға қарсы лидокаин туындысы. Энтералды енгізгенде тиімді. Әсері ұзақ. Ішектен жақсы сіңеді, емдік кеңдігі аз. Қарыншалық экстрасистолияда қолданылады. Жанама әсерлері- жүрек және гемодинамика жағынан және неврологиялық бұзылыстар болуы мүмкін.

Slide 13

Дифенин ( дифенилгидантоин, фенитоин) - эпилепсияға қарсы зат. Әсері жағынан лидокаинға ұқсас.

Әсер ету механизмі- Пуркинье талшығында диастолалық деполяризация жылдамдығын азайтады, нәтижесінде жүрек автоматизмі төмендейді. Өткізгіштікке мүлдем әсер етпейді. Көп бөлігі қан сарысуының белоктарымен байланысады. Дифениннің қан сарысуы құрамында азаюы баяу жүреді, сондықтан кумуляцияға түсуі мүмкін. Негізгі мөлшерде бауырда инактивацияға ұшырайды. Өнімдері бүйрек арқылы шығады. Ішке және көктамырға енгізеді.

Тахиаритмияда, қарыншалық аритмияда қолданылады.

Жанама әсерлері- аритмиялар, гипотензия.

Slide 14

Натрий каналын тежейтін IC тобының препараттары


Ұқсас жұмыстар
Антиаритмиялық препараттар
Жергілікті анестетиктердің резорбтивті әрекеті
Вирусқа қарсы дәрілер
ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Биотрансформация кезіндегі өзара әсерлесулер
ҰЙЫҚТАТАТЫН ДӘРІЛЕР
Тынысты қуаттандыратын дәрілер
Қан бөлшектесін құю
Вирусты инфекциялар химиотерапиясының негіздері
Вирусты инфекциялар химиотерапиясының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz