Шешім қабылдау үлгілері мен әдістері


Slide 1

Қазақстан- Ресей медиицна университеті қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Тақырыбы:

Шешім қабылдау үлгілері мен әдістері

Орындаған: Мұқаш Б

Тобы: 306 А ЖМ

Қабылдаған: Бектурысова К

Slide 2

Жоспары

Басқару шешімінің мәні, қасиеті, ролі.

Шешімдерді жіктеу.

Шешімдерді шығару және қабылдау теориясы.

Slide 3

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Slide 4

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. - бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қатарларды, т. б. ; - екінші жағдайда- мәселелер мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы нұсқасын білдіреді.

Slide 5

Басқару шешімінің ең маңызды белгісі- өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады. Шешім туындаған мәселе болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз- жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.

Slide 6

Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған мәселелерді шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы өрістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Басқару шешімінің маңызды талабы- соңылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды қысқартып, жұмыстың орындалуына кедергі жасамау керек.

Slide 7

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі- мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды. Кез келген шешім ауызша немесе жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, орындауға жауаптылар көрсетілуі тиіс.

Slide 8

Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе.

Slide 9

Шешім дегеніміз - бұл альтернативті тандау. Альтернатив - мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама, тіршілікте қажетті, маңызды шешімдермең байланысты. Басқарушы шешімдер деген сөз көп аспектілі мағынаны сипаттайтын категория.

Slide 10

Басқарушы шешімдер өзара байланыста 3 аспектіден тұрады: Біріншіден, басқарушы шешім - басқару жүйесінде жүретін қызмет түрі. Ол белгілі бір іс-әрекеттерді дайындау, табу, таңдау және қабылдаумен байланысты; Екіншіден, басқарушы шешім - басқару объектісіне басқару органдарының ықпал тигізуіне варианттар үсынады; Үшіншіден, басқарушы шешім - ол басқару жүйесінде тәжірибе - ұйымдастыру қызметі болып табылады.

Slide 11

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады. Интуитивтік шешім- бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Slide 12

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

шешім қабылдаудың қажеттілі

гін анықтау

Проблемалар мәселе

сен қою

жинақталған мәлімет

терді талдау

шешім мәселелерінің негізде

луін бағалау

мәселе бойынша шешімді таңдау

және қабылдау

шешімнің

орында

луын ұйымдас

тыру

орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау

Slide 13

Шешім қабылдау және жүзеге асыру

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы ойлары
Атомды- эмиссиялық спектроскопия
ҮЙРЕТУ ТЕОРИЯСЫ
Басқару шешімдерін құрастыру технологиясы
Азаматтық қарым- қатынастарды реттейтін құжат Өтініш
Күннен - күнге медиаменеджментті тиімді жүзеге асырудың жаңа үлгілері алға шығуда
Менеджменттегі басқару шешімдері
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық және практикалық алғышарттары
Сыни ойлау қабілетін дамытудың маңыздылығы
Эксперттік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz