Медициналық қызмет көрсету нарығы


Slide 1

Қазақстан-Ресей медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы

Тақырыбы:

Медициналық қызмет көрсету нарығы

Орындаған: Ярмагамед Д

Тобы: 305 А ЖМ

Қабылдаған: Тұрсынова К

Slide 2

Жоспары

Менеджмент

Менеджменттің функционалді міндеттері

Инвестициалардың жіктелуі

Slide 3

Менеджмент - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіншілік туғызатын және кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған басқару формалары мен әдістемелік құралдардың жинтығы. Басқарудың мақсаты - кәсіпорындардың тиімділігін жоғары деңгейге жеткізу және үнемі жаңа өнім түрлерін енгізе отырып сапалы өнімдер шығару немесе қызмет көрсету.

Медициналық қызметтер нарығы - бұл өте қажетті нарық, себебі адамдарға қажетті салауатылықты қанағаттандыратын және сапалы деңгейде, қажетті көлемде медициналық көмек алуға кепілдік береді. Мұндай нарықтық жүйенің қызмет етуін қамтамсыз ететін өзіндік инфрақұрылымы бар: емдеу-профилактикалық мекемелер, жоғарғы оқу орындары, медициналық ассоциациялар, медициналық сақтандыру компаниялары, т. б. медициналық орталықтар.

Slide 4

Денсаулық сақтау жүйесі медициналық техникалардың нарық жүйесі, фармакологиялық өнімдердің нарық жүйесі, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған аппараттық жабдықтардың нарық жүйесі т. б. болуы мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстанның медициналық қызмет нарығын жоғары сапалы әлемдік деңгейге жеткізу үшін осы саладағы менеджментке көңіл бөлінуде. Осыған байланысты менеджер мамандарды оқытып дайындауда. Бұл саладағы менеджменттің басқа сала менеджментінен ерекшелігі тауар шығарумен емес, адамның денсаулығымен байланысты. Қазақстан Республикасында денсаулық саласына бөлінетін қаржы жыл өткен сайын артуда. Денсаулық сақтау саласының ерекшелігіне байланысты осы қаржылар тиімді басқарылуы керек.

Slide 5

Емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметін басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде олардың қаржы ресурстарын басқару жүйесін. Емдеу мекемелерінің қаржысын басқару - бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін емдеу-профилактикалық мекемелерінің ресурстарын қалыптастыруға және оларды орынды пайдалануға бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың кешені болып табылады. Денсаулық сақтау саласында қаржылық менеджмент күрделі, емдеу мекемелерінде әлі толығымен қолданылып үлгермеген басқару жүйесі болып саналады. Алайда бұл жүйені денсаулық сақтау мекемелеріне толығымен енгізу медициналық мекемелердің нарықтық жағдайдағы өмір сүру қабілеттілігінің артуына тікелей әсер ететін фактор болып табылады.

Slide 6

Егер емдеу-профилактикалық мекемелерін нарық жағдайында еркін қызмет ететін кәсіпорын ретінде қарайтын болсақ, қаржы менеджерлері сол кәсіпорынның қаржылық қызметін жүргізетін басқару органының субъектілері ретінде қаралады. Осы орайда қаржы менеджерлерінің функционалдық міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады: - емдеу мекемесінің қаржылық қызметін ұйымдастыру; - емдеу мекемесінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын жасау; - емдеу мекемесінің негізгі және айналым капиталын басқару, олардың құрылуын және орынды пайдаланылуын ұйымдастыру; - денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызметінің жағдайына және көрсеткіштеріне талдау жасау; - емдеу мекемелерінің медициналық қызметтерді тұтынушылармен және медициналық қызметтер нарығындағы басқа да субъектілермен болатын қаржылық есеп айырысуларын ұйымдастыру; - медициналық мекемеге капитал тарту мақсатында жүргізілетін инвестициялық саясатын жүзеге асыру; - емдеу мекемесінің бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру; - денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызметіне үнемі бақылау жасап отыру.

Slide 7

Қаржылық механизмді қолдану арқылы қаржылық менеджменттің объектілеріне әсер ету үшін қаржы менеджерлері әртүрлі қаржылық әдістерді қолданады. Бұл әдістердің негізгілеріне қаржылық жоспарлауды, қаржыландыруды (мемлекеттік бюджет немесе ерікті медициналық сақтандыру компаниялары арқылы, сондай-ақ ақылы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру арқылы), несиелеу мен инвестициялауды, сондай-ақ салық салуды жатқызуға болады.

Slide 8

Емдеу-профилактикалық мекемесінің айналым капиталы - бұл мекеменің медициналық қызметтерді көрсету үшін қажетті қорларды құруымен, сондай-ақ қызмет көрсету процесінде шығындарды аванстаумен байланысты болатын ресурстары. Негізгі капиталдан айырмашылығы айналым капиталы медициналық қызметтерді көрсету процесіне 1 рет қана қатысып, өзінің құнын көрсетілетін медициналық қызметтің бағасына толығымен қосады. Емдеу мекемелерінде дайын өнімнің қорлары болмағандықтан, айналым капиталын нормалау өндірістік кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда қиын болып келеді. Сондықтан, нормаланатын айналым капиталы ретінде тек медициналық қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдар мен емдеу мекемесінің болашақтағы шығындарын ғана атауға болады. Жалпы, емдеу-профилактикалық мекемелерінің айналым капиталының құрылымын төмендегі сызбадағыдай етіп көрсетуге болады.

Slide 9

Жалпы денсаулық саласына тартылатын инвестицияларды келесі топтарға жіктеуге болады: инвесторлардың түрлеріне қарай: а) мемлекеттік бюджеттің қаражаттарының есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар; б) шет мемлекеттердің, шетелдік банктердің, компаниялардың, кәсіпкерлердің қаражаттарының есебінен жүзеге асырылатын шетелдік инвестициялар; в) отандық жеке меншік фирмалардың, кәсіпкерлердің капиталының есебінен жүзеге асырылатын жеке инвестициялар. салыну объектілеріне қарай: а) өндірістік инвестициялар (жаңа объектілер салуға бағытталған және бұрынғы объектілерді қайта жөндеуге, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға бағытталған) ; б) интеллектуалдық инвестициялар (интеллектуалдық өнімдерге, ноу-хау, ғылыми жобаларға салынатын инвестициялар) .

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қызмет көрсету нарығының инфрақұрылымы
Фармацевтикалық көмек түсінігі
Көлеңкелі нарық
Жылжымайтын мүлік нарығы
Нарықтық құрылымның жіктелуі
Макроэкономикаға ғылымы
Қызметкерге берілетін сыйақылардың анықтамалары
ЖАПОНИЯ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Еңбек және оның экономикалық мәні
Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz