Билік



Билік дегеніміз :
Көптеген бұхара халықтардың тағдырына ықпал нтетін және олардың өмірлік мүдделерін қорғайтын шешімдерді қабылдау мүмкіндігі немесе жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың қандай да бір құралдарды пайдаланып, өз үстемдігін көрсететін қоғамдық қатынастар.

Билік
Заң шығарушы
Атқарушы
Соттық
Ақпарат құралдары
Бақылау
Сайлаушылар
Саяси
Әскери

Биліктің объектісі және субъектісі
Объектісі дегеніміз - cубъектінің іс әрекетіне бағытталмаған нысан. Халық, қоғам жатады.
Субъектісі дегеніміз - билікті жүзеге асырушы адамдар, топтар немесе институттар. Мысалы: басқарушы, мемлекет, саяси партиялар билік субъектісі бола алады.

Саяси биліктің негізгі принциптері:
Легитимділік
Әрекет етуші
Айқындық
Алдын ала қарастыру
Қорғау
Ұтымдылық
Сыр бермеу
Шыдамдылық
Батылдық

Биліктің ресурстары:
Мемлекет және аппараты
Адамдардың мүддесі, сезімдер, эмоциялар, т. б.
Саяси әдеттердің құрамы
Экономикалық, әскери, мәдени потенциал, тұрақтылық, тәртіп
Қоғамның бірлігі дәстүр, идеология, сенім
Халықтардың саны мен сапасы
Материалдық мүдде
Мәжбүрлеу

Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі
Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т. с. с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге қойылтын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.
Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі - саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т. с. с. жатуы мүмкін, Талапкер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңданудың бұл түрі жабық болып саналады

Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдықтоптан іріктеп алатын, кертатпа түр. Оның артықшылығы - саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.
Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандамен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.
Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегіндее 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлр, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер) ; 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (мргиналдық) жағдайдағы адамдар.
Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламй, шектеулер қойып қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.
Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдыағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті, 1993 ж. Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігің бастығы, орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері) Парламент, министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. Олар қаржы-қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтартарға иелік етеді.
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол «сырттан келетін» адамдарға жабық элитаға айналд. Шынайы көппартиялық болмған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйтеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білімді, білікі, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.

ҚаҚққапуіпсіздік д/з. :
Өмір сүруді қамтамасыз ету территориясына ешкімнің қол сұқпауы, мемлекеттің біртұтастығы.
Ішкі істермізді сыртқы араласудан сақтауға кепіл беру
Айқын және алдын - ала болжалмаған қатерді болдырмау

Ұлттық қауіпсіздік д/з. :
Азаматтар мен мемлекеттің өте қажетті мүдделерінің қорғалу деңгейі және даму бағыттары
Ұлттық құндылықтардың және өмір сүру жағдайының шынайы және потенциалды қауіптен қорғалуы

Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекеҰлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ҚазақстанҰлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады. Республикасының тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты болып табылады. т ретiнде дамуының басты шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы 1998 ж.
26 маусымдағы N 233-1 Қазақстан Республикасының Заңы

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының 5 үлкен бағыты:
Ғаламдық сауда жүйесін дамыту
Еуропадағы ұлттық қауіпсіздіктің жаңа тәртібін дамыту
Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауына ықпал ету
Жаппай қырып - жою қаруының таралуына тыйым салу
Халықаралық тероризммен, наркобизнеспен күрес

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz