Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар




Презентация қосу
Саясаттану сөзі гректің саясат және ілім деген сөздерінен
шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны
ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл
атқарады. Оның дұрыс бұрыстығы, сай келгенде,
адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады.
Оның негізін салушы: Фома Аквинский саяси билікті құдай
орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына
қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген
байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес
қосқан италиян ХVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо
Макиавелли болды.
ХХ ғасырда саясаттану бөлек акдемиялық пән ретінде толық
бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралыө мәртебе алып,
толық қанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен
1949жылы құрылған саяси ғылымдарды халықаралық
ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол аяси зерттеудің
белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде.
Саясаттануға деген көз-қарас 80 жылдардың екінші
жартысында бұрынғы кеңес одағындағы түбегейлі
реформаларға, қоғамның демкратиялануына,
тоталитарлық жүйені күйреуіне байланысты өзгерді.
1989 жылдан Жоғары аттестациялау коммиссиясында
саясаттануда эксперттік кеңес жұмыс істей бастады.
САЯСИ ИНСТИТУТТАР- құрылысы жағынан ұйымдасқан,
бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие,
атқарушы аппараты бар саяси мекеме.Саяси
институтарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар,
кооперативтік, жастар, әйелдер, ұйымдар мен
бірлестіктер жатады.Солардың ішіндегі ең негізгісі –
мемлекет.Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны
басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын
қорғайды.
Әлемдік саясат және
халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынас
Халықаралық қатынас – бұл экономикалық, саяси,
диполматиялық, әлеуметтік, құқықтық, әскери және
гуманитарлық байланыс пен әлемдік қауымдасты қты ң негізгі
субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Халықаралық қатынастарға ықпал ететін факторлар:
әлемдік экономикалық жағдай; әскери стратегиялы қ жағдай;
жеке мемлекеттердің ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат
және табиғи ресурстар жағдайы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері:
халық; мемлекет; мемлекетаралық ұйым; әлемдік,
регионалдық саяси үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар.
Қазіргі халықаралық қатынастар

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастың дамуының
негізгі тенденциялары: әлемнің тұтастығы мен өзара
тәуелділіктің артуы; халықаралық қатынаста көпұлтты
жүйенің пайда болуы; әлемдегі әлеуметтік әр тектілікті ң
сақталуы; қарама - қайшылықтар мен шиеленістерді
шешуде саяси құралдардың ролінің артуы; проблемаларды
шешудің дәстүрлі жолдарымен әлемдік дамудың
шынайылығы арасындағы қарама – қайшылықтардың
шиеленісуі; бірдіндеп геосаяси кеңістіктің капитал, тауар,
қызмет түрлері бар біріккен аймақты құруы.
Сыртқы саясат
Сыртқы саясат – бұл халықаралық аренада өз
мүддесі мен қажеттіліктерін іске асыруда ғы
мемлекет пен басқа да қоғамның саяси
институттарының қызметі.
Сыртқы саясаттың мақсаты: саяси курстың
өткізілуі мен елдің сыртқы экономикалық дамуын
қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету; сырт қы
саяси міндеттерді жүзеге асырып, халықаралы қ
байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
Сыртқы саясат
Сыртқы саясатты жүзеге асырудың
формалары: мемлекеттер арасында
дипломатиялық қатынастар орнату;
халықаралық ұйымдар негізінде немесе со ған
мүше ретінде мемлекеттік өкілдіктердің
ашылуы; мемлекет, партия өкілдерімен әр түрлі
дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге
асыру.
Сыртқы саясат
Мемлекеттің сыртқы саясатындағы әдіс -
тәсілдер: үнемі информация алмасуды іске асыру;
әр-түрлі дәрежеде ресми түрде қарым қатынас пен
алмасу, екі жақты және көпжақты шарттар мен
келісімдер дайындау; мемлекеттердің ішкі және сырқы
саяси іс-әрекеттерін немесе олардың одақтасуының
даму мүмкіндіктеріне көмектесу; толық немесе
жартылай блокадаға дайындалу және жүзеге асыру;
сырқы саяси жағдайда қолайлы әскери іс - әрекет
жүргізумен қамтамасыз ету және соғысқа дайындық.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық
проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалар – бұл
адамзаттың әлеуметтік дамуымен байланысты, өмірлік
қажетті проблемалар жиынтығы.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың
айрықша белгілері - барлық мемлекеттердің,
адамзаттың өмірлік қажеттіліктері қозғалады;
адамзаттың позитивті дамуына қатер төндіреді; өз
шешіміне барлық мемлекет пен халықтың ұжымдық күш
салуын талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық
проблемалар
Қазіргі кезеңдегі ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:
Халықаралық қатынас саласымен байланыстылар: бейбітшілікті
сақтау мәселесі, әлсіз дамыған мемлекеттердің экономикалы қ
артта қалу қиындықтарын жеңу, халықаралық терроризммен
күрес.
Қоғам мен жеке адамның өзара қарым – қатынасымен
байланысты: аштық пен күрес, білім мен денсаулы қ саласыны ң
маңызды мәселелерінің шешімі, адамзат өмір сүруінің рухани
саласын қорғау.
Табиғат пен адамның өзара қарым – қатынасымен байланысты:
экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық – түліктік ж әне
дамографиялық.

Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынас
Жаһандық теңсіздік
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
Саяси ғылымның теориялық аспектілері
Халқаралық қатынастар
Валюталық саясат
Қазақстанның сыртқы саясаттағы орны
Саясат және саяси басекелестік
Халықаралық Валюталық жүйе және оның түрлері
Пәндер