ҚР Призидентінің билігі


Slide 1

ҚР Призидентінің билігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Орындаған:

Тексерген: а. о

Slide 2

Мазмұны

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы

Заң шығару бастамасы құқығы

Сайлау

Президенттің вето (тыйым салу) құқығы

Қорытынды

Әдебиеттер

Slide 3

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

Slide 4 Slide 5

1991 жылы 10 желтоқсанда

"Қазақ Кеңестік Социалистік Республи- касының атауын өзгерту туралы" Қазақ КСР Заңымен Қазақ КСР Қазақстан Республикасы болып қайта аталды. ҚР Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуі туралы" қаулы қабылдады, оған сәйкес Н. Ә. На- зарбаев 1991 ж. 10 желтоқсаннан бастап ҚР Президенті қызметіне кірісті деп есептелді.

Slide 6

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

халықтық егемендік

мемлекет тәуелсіздігі

билікті бөлісу принципі

қазақ тілін мемлекеттік деп тану

Президентті мемлекет басшысы деп тану

сот органдарын - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

Slide 7 Slide 8

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Slide 9 Slide 10

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды

Slide 11

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы

Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді.

Slide 12

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш:

заң шығарушы,

атқарушы

com тармақтарына бөлінеді.

Slide 13

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайы

Заң шығарушы билікті - Парламент,

атқарушы билікті - Үкімет,

сот билігін - соттар жүзеге асырады

Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек.

Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.

Slide 14

Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді.

Заң шығару бастамасы құқығы

Slide 15

Сайлау

Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.

Slide 16 Slide 17 Slide 18

Президенттің вето (тыйым салу) құқығы

Республика Президентіне кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктер Конституция мен "ҚР-ның Президенті туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

Slide 19

Президенттің вето (тыйым салу) құқығы

Мемлекеттік органдар арасындағы жанжалдарды болдырмаудың елеулі механизмі Президенттің вето (тыйым салу) құқығы. болып табылады. Вето құқығы: "Парламент қабылдаған заңды Президент түзетуге қайтара алады" дегенді білдіреді. Бұл "кейінге қалдырушылық ветосы" деп аталады.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Судьялардың мәртебесі және өкілеттілігі
Құқық қорғау қызметінің мақсаты
Құқықтық мемлекет қағидаттары
Мемлекет және заң
Экономика және Құқық факультеті
Әкімшілік құқыққа сипаттама
Әкімшілік құқық пәнінің қатынастары
Мемлекеттің белгілері
Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті
Демократия принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz