Саяси режим


Slide 1

Саяси режим

Slide 2

Саяси режим

Саяси режим - саяси билікті жүзеге асырудың түрі, формасы, әдістері, оның салаларын ұйымдастыру қағидалары

Slide 3

Саяси режимдердiң түрлерi

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С. Н. Сәбікенов, С. Зиманов, Сапарғалиев, және саясаткерлер американдық ғалым Д. Истонды, американдық саясаттанушы Г. Алмондты, Т. Парсонстың теориясын, және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.

Slide 4

Саяси режим

Демократия

Авторитаризм

Тоталитаризм

Slide 5

Демократия

Slide 6

Демократия

Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

Slide 7

Демократия

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Slide 8

Демократияның түрлері

Делегативті демократия

Идентитарлы демократия

Тікелей демократия-

Өкілдік демократия

Slide 9

Делегативті демократия

Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.

Slide 10

Идентитарлы демократия

Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж. Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі) .

Slide 11

Тікелей демократия

Тікелей демократия - халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

Slide 12 Slide 13

Өкілдік демократия

Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия) . Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады

Slide 14

Авторитаризм

Slide 15

Авторитаризm

Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Slide 16

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.

Slide 17

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т. б. ), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді),

Slide 18

Тоталитаризм

Slide 19

Тоталитарлы саясаттық жүйе

Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі

Slide 20

белгілері

Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.

Slide 21 Slide 22

Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.

1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық - бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі - фашистік тәртіп;

2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.


Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдер. Қоғамды демократия ландыру және саяси жаңару
СӨЖ САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
САЯСАТТАНУ ПӘНІ САЯСИ РЕЖИМДЕР
Демократия шарты
Мемлекет туралы ақпарат
Мемлекет және құқық теориясы және құқық негіздері
Мемлекет нысаны
Оңтүстік Азия елдеріндегі халықаралық қатынастар
Саяси институттар
Қазақстандық қоғамдағы қоғамдық - саяси өмір және құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz