Шоқан Уәлиханов саяси көзқарасы


Slide 1

Шоқан Уәлиханов саяси көзқарасы

Slide 2

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж. ) өз заманының еуропаша білім алған, талантты ғалымы, жаһангері және қазақ саяси әлеуметтік ойларының эволюциясына үл- кен үлес қосқан азаматы.

Slide 3

Шоқан Уәлиханов

Шоқанның дүниетанымы мен рухани жетілуіне өскен ортасы мен Омбы қаласындағы кадет корпусында оқып жүргендегі қазақ даласына патша үкіметіне саяси жағынан сенімсіз деп табылған орыс зиялы қауымымен араласып, достасуы және Батыс Сібір генерал- губернаторы Гасфорттың адьютанты болып қызмет етуі ерекше із қалдырды.

Slide 4

Шоқан Уәлиханов

Slide 5

Шоқан Уәлиханов

Шоқан орыс армиясының офицері ретінде патшаға адал қызмет атқарды. Патша өкіметі жасақтаған керуенмен Қашқарияға саяхат жасап келді. Сырт әлемге есігін тарс жауып отырған Қашқар Үкіметі туралы алғашқы құнды материалдарды жинақтаған да - Шоқан.

Slide 6

Шоқан Уәлиханов

Slide 7

Шоқан Уәлиханов

Орыс патшасы Оңтүстік Қазақстан, ұлы жүз қазақ- тары территориясын өз иелігіне қарату үшін Генерал Черняев бастаған арнайы әскери экспедициясын құ- райды. Экспедиция құрамына Шоқан Уәлиханов та енген болатын. Бірақ ол патша генералының жергілікті халықты бағындырудағы ұстанған саясатын көргенде, экспедициядан бас тартып бөлініп кетеді.

Slide 8

Шоқан Уәлиханов

Slide 9

Шоқан Уәлиханов

Осы жолғы жағдай Шоқанның патшаға деген сенімін біржолата үзді және ол патшаның отарлау саясатының мақсатын түсінді. Қазақ даласындағы патша Үкіметінің өктемдігі мен озбырлығын өз көзімен көрген Шоқан өз достарына жазған хаттарында «. . . халықты ашықтан-ашық аямай сорды» - дейді.

Slide 10

Шоқан Уәлиханов

Шоқанның саяси портретін аша түсетін - «Сот ре- формасы туралы» еңбегі. Бұл еңбекте ол қазақ даласында жасалмақ болып жатқан реформаның мән-мақсатына тоқталады. «Адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедер- гі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ» - дейді.

Slide 11

Шоқан Уәлиханов

Шоқан сот реформалары туралы еңбегінде патша үкіметі тағайындаған соттардан гөрі, бұрыннан қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтын тиімдірек деп есептейді. Сондай-ақ, ол әкімшілік реформалау кезінде патша үкіметі округ басшыларын жергілікті салт-дәстүрді қанық білетін қазақтардан сайлау керек деп түсінеді.

Slide 12

Шоқан Уәлиханов

Шоқанның бұл идеясы сол замандағы Ресей мен Еуропадағы «ағартушы билеуші» идеясының нақты көрінісі еді.

Шоқан Уәлиханов этнограф ретінде өзінен кейін қырғыздардың «Манас» дастаны, «Елдегі мұсылмандық туралы», «Қазақ шежірелері», «Құлжа күнделіктері» және тағы басқа да тамаша еңбектер қалдырды.

Slide 13

Шоқан Уәлиханов

Slide 14

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов қазақ саяси тарихында өз орны бар «жарқ етіп ағып өткен жарық жұлдыз» болды десек қателеспейміз.

Slide 15

Шоқан Уәлиханов


Ұқсас жұмыстар
Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы
ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ
Шоқан Уәлиханов өмірі
Омбы кадет корпусы
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ
Қазақ философия тарихының негізгі бағыттары
XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢЫҢ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Асан Қайғы көптеген философиялық сөздерді, философиялық әндердің авторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz