Т. Гоббс пен Д. Локтың философиялық көзқарастары


Slide 1

Т. Гоббс пен Д. Локтың философиялық көзқарастары

Slide 2

Т. Гоббстың философиялық көзқарастары

Slide 3

Т. Гоббстың философиялық көзқарастары

Томас Гоббс (1588-1679 жж. ) - ағылшын философы, Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде», «Левиафан, я Материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі» т. с. с.

Slide 4

Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т. Гоббс философия пәнін ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді-кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе ол оның моральдық жетілуінің тірегін құрайды.

Slide 5

Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастары

Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ ол Дүниені бүкіл өмірде болып жатқан барлық денелердің жиынтығы ретінде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі - сол субстанция. Ал дененің созылуы мен бітімі оның негізгі қасиеттеріне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар әрине, көп денелердің қасиеттері, бірақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкін. Ал заттардың иісі, түсі, дыбысын алар болсақ, бұл қасиеттер пайда болып, келесі сәтте-ақ жоғалып жатады. Ол көбіне заттардан гөрі соларды қабылдайтын адамдардың түйсігіне байланысты.

Slide 6

Т. Гоббстың ойынша, қайсыбір субстанция нақтылы болғаннан кейін, абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген ұғым - ол тек қана бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана.

Т. Гоббс дене жоқ жерде кеңістік те жоқ деген пікірге келе Кеңістік - әрқашанда нақтылы заттың, дененің көлемі.

Уақыт та - қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемі ғана Ал Дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзілді-кесілді теріске шығарады.

Slide 7

Т. Гоббстың гносеологиясы

Т. Гоббстың гносеологиясы (таным ілімі) тәжірибелік тұжырымынан шығады. «Алғашында түйсікте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ» деген сенсуализм қағидасын Т. Гоббс толығынан мойындайды. Бірақ ғылыми ұғымдарды жасау үшін сезімдік саты, деректерді білу жеткіліксіз, өйткені ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтерілуі керек.

Slide 8

Т. Гоббс «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін», - деген Р. Декарттың принципін өзінің танымдық ілімінің тұрғысынан қатты сынға алады. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» деген бізді ойлана алатын дене бар екенін мойындауға әкеледі. Ал Р. Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пікірін «серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең», - деп, материалистік тұрғыдан қатты соққыға жығады.

Slide 9

Мемлекет пен қоғам мәселелері

Сонау көне заманнан бері қоғам мен мемлекет мәселелеріне келген кезде, ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер қоғамдық пен мемлекеттіліктің басымдылығын (мысалы Аристотель, кеңес заманындағы идеология), екіншілер жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы біріншілігін (атомистер, қазіргі өтпелі дәуірдегі кейбір реформаторлар) көрсетті. Т. Гоббсты бұл аталған екі бағыттың қайсысына жатқызамыз? Әрине, екінші бағытқа, өйткені ол өзінің ілімінде мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам ең алдымен өз мүддесін алға қояды, олай болса жалқылық, жекелік - бірінші, ал қоғамдық, мемлекеттілік - екінші орында.

Slide 10

Т. Гоббстың ойынша, әр халық өзінің тарихында екі сатыдан өтеді. Олар - мемлекеттікке дейінгі табиғи (status naturalis) және мемлекеттік (status civilis) саты.

Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік те, мораль да әлі жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерінің бәріне деген құқы. Өзінің өмірін сақтап қалу жолында адам қандай іс-әрекет жасаса да, шектелген жоқ. Сондықтан мұндай жағдайда әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне тартқаннан кейін, «бәрінің бәріне қарсы соғысы» (bella omnia contra omnies) басталады. Адамдар бір-біріне қасқыр сияқты (homo homini lupus est) болады. Мұндай жағдайда адамдардың өз-өздерін құрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттік деңгейге көшу қажеттігі пайда болады.

Slide 11

Әрине мемлекеттің дүниеге келу мәселесі - өте күрделі құбылыс. Ол жөнінде әртүрлі болжамдар бар. Т. Гоббстың жасаған «конвеционалдық» (шарттық) тұжырымы, әрине, бұл мәселенің мәнді бір жағын ғана көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбір мемлекеттi шарттық негізде өмір сүреді деп әбден айтуға болады. Біздің жас мемлекет те өзінің екінші «Ата заңын» (Конституциясын) 1995 ж. Бүкілхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзін белгілі шарт деп айтуға, әрине, болады.

Slide 12

Д. Локктың философиялық көзқарастары

Slide 13

Д. Локктың философиялық көзқарастары

Джон Локк (1632-1704 жж. ) - XVII ғ. философия ғылымына зор әсерін тигізген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, соңында саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмірінің соңғы кезеңінде философияға көп көңіл бөлген тұлға.

Негізгі еңбектері: «Адамның зердесі жөніндегі тәжірибелер», «Мемлекетті басқару жөніндегі екітрактат», «Тәрбие жөніндегі кейбір ойлар» т. с. с.

Slide 14

Онтологиялық мәселелер

Өзінің Дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжірибе арқылы зерттелетін заттарды эмпирикалық субстанция дейді. Сонымен қатар ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады, оған ол барлық материалды заттарды жатқызады.

Материя- орасан зор өлі кесек, ол өзінің күшімен ең ақыр аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлі материя оның сыртында тіршіліктен де соншалықты алыс.

Slide 15 Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Үңгір елестері
Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет
Моизм мектебі
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Томас Гоббс (1588-1679 жж. )
Денелер материяның туындысы
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Милет мектебінің өкілдері
Француз энциклопедияшылары
Философия зерттеулері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz