Конфуций философиясы: адамгершілік, тәртіп және қоғамның әлеуметтік құрылымы


Slide 1

Конфуций философиясы

Slide 2

Конфуций философиясы

Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар

Олар:

1) үнділерден келген буддизм,

2) Қытай жерінде туындаған - даосизм,

3) конфуциандық.

Slide 3

Конфуций философиясы

Бірақ, конфуциандықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Десек те, бұл ілімде философияның нағыз күрделі мәсе­лелеріне жататын космология, онтология, гносеология, метафизика проблемалары қарастырылмайды.

Slide 4

Конфуций философиясы

Slide 5

Конфуций философиясы

Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар.

Біріншісі: адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені оның мәні адамға ықыласпен қарау, рахымшылық жасау, былайша айтқанда гуманизм.

Екіншісі: «Өзіңе ұнамағанды басқаға жасама», деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға жатады.

Slide 6

Конфуций философиясы

Бұл ілімнің негізін салған - нақты адам. Ол б. з. д. VI-V ғ. ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479) . Кезінде оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған. Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған. Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның қасынан шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі.

Slide 7

Конфуций философиясы

Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі - нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған.

Slide 8

Конфуций философиясы

Slide 9

Конфуций философиясы

Конфуцийдің Сократтан айырмашылығы мынада. Егер Сократ нақты жағдайды байқап, одан абстрактылы ой тұжырымдаған болса, Конфуций нақты жағдайға жалпылық ой тұрғысынан пікір айтқан. Конфуций өте керемет дарын иесі болып, әлі күнге дейін қытайлықтардың қоғамдық санасында кең орын алуда. Себебі неде десек, мәнісі былай. Біздің заманымызға дейінгі, Конфуций өмір сүрген уақытта ол елде тәртіп бұзылып, адамдар біріне бірі әлімжеттік көрсетіп, тонап, соғысып жатқан болатын.

Slide 10

Конфуций философиясы

Slide 11

Конфуций философиясы

Содан адамдарды тәртіпке, адамгершілікке, бірлікке шақыру ауадай қажет болды. Сол қиын-қыстау ауыр жағдай Конфуцийдің ілімін дүниеге алып келді. Оның данышпандығы сол жағдайға әбден сәйкес келген.

Мәселен, Конфуцийдің пікірінше елді түсіністікпен басқарудың үш буыны бар. Олар:

1) әділеттік,

2) табиғатты сүю (аялау),

3) әдет-ғұрыпты құрметтеу.

Немесе, қоғамда ауыз бірлік болу үшін байланыстың тиімді үш басты түйіні, түрі бар дейді Конфуций. Бірі, басқарушы мен бағынушы, екіншісі, әке мен бала, үшіншісі, ер мен әйелі арасындағы қарым-қатынас. Тыныштық, татулық болу Конфуцийдің пікірінше, біріншілерді екіншілердің мүлтіксіз тыңдауы, айтқандарын бұлжытпай орындауы.

Slide 12

Конфуций философиясы

Егер кімде кім рақымшылық сезімді қолдаса, онда атасы мен анасын құрметтеп, мемлекет басшысының айтқаны заң болса, басқаларға сөзімен шыншылдықты көрсетсе, ондай адамды сауатсыз болса да ғалым дер едім, дейді Конфуций. Қазір ата-анаға балаларының қайырымды болуы, оларды тек асырау деп түсінсе, бұл кемістік. Малды да асырайды. Дұрысы оларды қамқорлыққа алу, дейді Конфуций

Slide 13

Конфуций философиясы

Қайырымды адам қатал болмаса, ол басқаларға ықпал жасай алмайды, білім алуда да осал болады, дейді. Әдет-ғұрыптың керегі не, егер адам болып туған соң, адамгершілік жасай алмаса. Сөз сөйлеуде адамдарда кездесетін үш түрлі қателік бар дейді Конфуций. Бірі - пікірді керек кезі болмаса да айтып қалу. Бұл аңғалдық. Екіншісі - пікірді мәселе пісіп жеткен кезінде айтпай қалу. Ол - құпиялық, қулық. Үшіншісі - пікірді тыңдаушының бет-жүзін барламай айтып салу. Бұл - бұл соқырлық дейді. Конфуцийдің жақсы көретін ұстанымы: нақыл сөзді барлық жағдайда емес, тек нақты жағдайға және тың­даушымен жүргізіліп отырған әңгімеге сай айту

Slide 14

Конфуций философиясы

Конфуций пікірінше ғылым мына салалардан қалыптасады:

Тарих, кітапта жазған ойлар.

Халықтың нақыл сөздері.

Әдет-ғұрып

Slide 15

Конфуций философиясы

Конфуций айтқан екен: кейде ғылым (білім) елді басқаруға керек, ақша соны есептеуге қажет деп. Сөйтеді де ал ғылым (білім) жалпы елге керек, қажет дейді. Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын», - депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан.

Slide 16

Конфуций философиясы


Ұқсас жұмыстар
Қоғамның әлеуметтік құрылымы: элементтері, жіктелуі және институттары
Қоғамның әлеуметтік құрылымы: анықтамасы, элементтері және әлеуметтік мобилділік
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы: теориялар, өлшемдер және әлеуметтік мобильділік
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы: тұжырымдамалар, әлеуметтік топтар және мобильділік
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы: теориялар мен жіктелуі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы: ашық және жабық қоғам, әлеуметтік мобильділік
Ибн Халдунның әлеуметтік-этикалық философиясы: қоғамның табиғи дамуы, еңбек бөлінісі және мемлекеттің шығу тегі
Конфуцийдің әлеуметтік-адамгершілік ілімі: негізгі ұғымдар
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи-философиялық негіздері: Сократ пен Конфуций көзқарастары
Конфуций және конфуцийшілдік: өмірі, ілімі және тарихи-мәдени ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz