Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі


Slide 1

Несеп зәр шығару жүйесі. Жыныс жүйесі

Slide 2

Жоспар

Бүйрек

Несеп ағар

Несеп қуық

Несеп зәр шығару түтігі

Әйел адамның жыныс мүшелері

Ер адамның сыртқы жыныс мүшелері

Slide 3

Зәр шығару жүйесі

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе - адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары.

Slide 4

Бүйрек

Slide 5

Бүйрек

Бүйрек - Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін, арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше.

Slide 6

Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ми затында ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар орналасқан. Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп аталады. Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер арқылы астауға келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып, зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады.

Slide 7 Slide 8

Бүйректің ерекшелігі қанмен жақсы қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан ағады. Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген сөз. Осы кезде организм ұлпаларында үнемі түзілетін, тіршілік әрекетінің зиянды заттары қаннан бөлінеді.

Slide 9

Несеп ағар

Slide 10

Несепағар

Зәрағар немесе Несепағар (лат. ureter) - бүйрек түбегінен басталып, құрсақ қуысының бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше (несепағар деп те аталады) .

Slide 11

Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар - несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғаштала еніп, 3-5 см-дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады.

Slide 12

Ересек адамдарда оның диаметрі 6-8 мм, ұзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады. Несепағардың қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі - кілегейлі қабығы екі қабаттан: ішкі - көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы - борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы - етті қабығы үш қабаттан құралған. Олар: ішкі - ұзынша қабат, ортаңғы - сақинаша қабат және сыртқы - ұзынша қабат. Бұлар - бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттер қабаттары. Сыртқы - сірлі қабығы: ішкі - борпылдақ дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы - мезотелийден (бірқабатты жалпақ эпителийден) құралған

Slide 13

Несеп қуық

Slide 14

Несеп қуық

Қуық (орыс. мочевой пузырь, ағылш. vesica urinaria, лат. vesica - көпіршік, лат. urina - зәр, несеп) - бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналатын, пішіні алмұрт тәрізді қуысты мүше.

Slide 15

Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.

Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:

ішкі - кілегейлі қабықтан

ортаңғы - етті қабықтан және

сыртқы - сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.

Slide 16 Slide 17

Несеп зәр шығару түтігі

Slide 18

Несеп зәр шығару түтігі

Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3, 5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Slide 19 Slide 20

Несеп зәр шығару түтігі

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады

Slide 21 Slide 22

Әйел адамның жыныс мүшелері

Slide 23

Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді.

Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады.

Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады.

Slide 24 Slide 25

Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы - кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б. ) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі. Аналық бездердің үстіңгі жағын жатыр түтігінің сыртқы шашақты шеті көмкеріп тұрады.

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Зәр шығару жүйесі туралы ақпарат
Несеп жыныс сипаттама
Несеп шығару жүйесі мүшелерінің ауруы кезіндегі мейіргерлік күтім
Балалардағы пиелонефрит
Бүйрек туберкулезі
Бүйректің топографиясы
Зәр жолдары аурулары
Несеп каналы
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz