Мейіргер ісінің қыр-сыры


Slide 1

Мейіргер ісінің қыр-сыры

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Мейіргер ісінің даму тарихы (Ф. Найтингейл)

2. Медициналық этика және деонтология қағидалары

3. Медициналық қызметкердің сыртқы және рухани мәдениеті

4. Мейіргердің міндеттері мен қызметтері

5. Науқастармен қарым қатынас дағдысы

6. Мейіргердің арасында көп кездесетін ауыршаңдықтар

III. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Кейінгі жиырма жылда қоғамдағы өзгерістерге және денсаулық сақтау жүйесіндегі жетістіктерге байланысты мейірбикенің алатын орны едәуір өсті, яғни кәсіби мейірбикелік қызметке қойылатын талаптар елеулі артты.

Сондықтан, орта буынды медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру үшін мейірбике ісінің теориясы аумағында жаңа білімдер қажет.

Бұл оқу құралында «Мейірбикелік үрдіс»; «Мейірбике»ісінің философиясы», мейірбике ісінің даму тарихы тақырыптары көрініс тапқан, медициналық этика және деонтология және басқа да мейірбике ісінің негіздерін игеруге қажетті тақырыптар ашылған.

Slide 4

II. Негізгі бөлім

Мейіргер ісінің даму тарихы

(Ф. Найтингейл)

Slide 5

«Мейірбике ісі» мамандығының даму тарихы

Мейірбике ісінің мазмұны қоғам тілегі мен тіршілік жағдайлары өзгерген сайын ғасырлар бойы өзгеріп отырады.

«Мейірбике ісі»-деген термин ХХ ғасырдың басында пайда болған.

Қазіргі заманда кең тараған сөздердің бірі. Мейіркеш ісі мейіркештердің еңбегімен, қызметімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында мейіркеш ісі дегеніміз мынандай теориялық түсініктерден тұрады: мейіркештердің білімі, практикалық тәжірибиесі, мейіркештердің мәдениеттілігі мен тәрбиелілігі, науқас пен қарым -қатынасы, сыртқы бейнесі (формасы) және басқалар.

Slide 6

Флоренс Найтингейл

Алғашқы қайырымды бикелердің бірі- ағылшынның қайырымды қызы Флоренс Найтингейл.

Slide 7

Флоренс Найтингейл

Ол 1820 жылы Флоренция қаласында мәдениетті бай семьяда туылған, балалық шағын Лондон қаласында өткізген. Бала кезінен ол өзі адамдарға қызмет етуде, әсіресе мүгедектер мен сырқат адамдарға қызмет етуді армандаған. Ағылшын әскерлерінің Қырым Соғысында ауыр жағдайда екенін естіп, Флоренс қысқа мерзім ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды бикелер тобын құрап, 1854 жылы қазан айында жаралылар мен сырқаттарға көмек көрсетуге аттанды. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші болып қайырымды бикелердің мектебін ашады. Осылайша Ф. Найтингейл санитар кадрларын даярлаудың негізін орнатады.

Slide 8 Slide 9

Флоренц Найтингейл атындағы медаль

Оның жаралылар мен сырқаттарға көрсеткен көмегі үшін және мед. кадрларын даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренц Найтингейл атындағы медаль шығару ұйғарылады. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының, ең жоғарғы марапаты. Медаль дипломы бар мейірбикелерге, бөлімнің аға мейірбикелеріне, Қызыл Кресттің белсенді көмекшілеріне беріледі.

Slide 10

Медициналық этика және деонтология қағидалары

Slide 11

Этика

Этика (грек сөзі) - мораль жайындағы ғылым, «әдет, ғұрып» деген мағына береді, Медициналық этика жалпы этиканың бөлімі, бұл медицина қызметкерлерінің қызметінде адамгершілігін бейнелейді және теориялық деонтологияның негізі болып табылады.

Slide 12

Деонтология

Деонтология-міндет туралы ғылым. Медициналық деонтология дегеніміз- медицина қызметкерлерінің кәсіптік процесінде мінез -құлқын анықтайды.

Slide 13

Деонтология

Деонтологияда дәрігер мен сырқаттың, мейіркеш пен сырқаттың және дәрігер, мейіркеш, сырқаттың қарым -қатынастарына назар аударылады. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік этикасының негізін орнатқан ежелгі грек дәрігері Гиппократ (460 ж. Б. Э. Д. ) ол шежіресінің бірінші бетінде деонтология туралы жазғаны осы күнге дейін медицина қызметкерлерінің арасында таралып келеді. Гиппократың белгілі кітабы «Ант» медициналық этиканың дамуына зор әсерін тигізуде. Бүгінгі күні «Ант» қазіргі заманның құжаты ретінде оқылып, қабылданады.

Slide 14

«Парыз» бен «жауапкершілік»

«Парыз» бен «жауапкершілік» бір -бірімен тығыз байланыста. «Парыз» деген түсінік кәсіптік және қоғамдық еңбектің қай -қайсысында да міндеттемені білдіреді. Парызды адал орындау адамдардың жеке басының моральдік сапасымен байланысты. Жоғары моральдік сапасы бар, орта медицина қызметкерлері өзінің парызын адал және сапалы орындайды.

Slide 15

«Сыйлау»

«Сыйлау»- бұл басқаның ойымен санасу деген сөз. Сыйласу, сыпайы сөйлесуден байқалады. Медициналық қызметкерлері өздерінің кәсіптік міндеттемелерін орындағанда, сырқаттардың және олардың туыстарының көзінше өздерінің әріптестерімен «сіз» деп сөйлесулері керек.

Slide 16

Ятрогения

Ятрогения- медицина қызметкерлерінің теріс мінез -құлқынан не аңдамай айтқан сөзінен науқастардың аурулық жағдайда немесе ауру болуы. Бұл жағдай, негізінде нерв жүйесі нашар адамдарда болады. Ятрогенияның болу себептері:

Диагнозы туралы хабарды негізсіз болжау;

Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсіну;

Әрекетсіздіктен «мылқау» ятрогения не қызметкерлердің көңіл бөлмеуі.

Slide 17

Медициналық қызметкердің сыртқы және рухани мәдениеті

Slide 18

Аурудың ішкі дүниесі, бұл сырқаттың өзінің ауруына қатынасымен анықталады. (Ол ауруы туралы жалпы түсінігі, сенімі, сезімі мөлшері және т. б. ) Сонымен бірге, адамшылдық қасиеттеріне де байланысты.

Slide 19

Кейде сырқаттарда өзінің аурулары (мерез, сөз, генекологиялық аурулар, әтектік және т. б. ) туралы дәрігермен сөйлесу «әдепсіз» деген теріс түсінік болады. Мұның нәтижесінде науқастардың көңілдері бұзылып, аурулары созылмалы түрге айналып, ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады.

Slide 20

Мейіргердің міндеттері мен қызметтері

Slide 21

Мейірбикенің міндеті

Халы ауыр науқастарды күту.

Дәрігердің тағайындаған емдерін уақытында дұрыс жасау.

Дененің қызуын, қанның қысымын өлшеу, оны ауру тарихына тіркеу.

Оңқа, қыша, компресс, жылытқыш, сүлік қою.

Дәрілерді сақтау.

Шприцтер мен инелерді залалсыздандыру.

Терінің арасына /в/к/, терінің астына /п/к/, қалын ет қабатына /в/м/, көк тамырға /в/в/ иньекция жасау.

Системаны құрастыру және қолдану.

Қан тобын анықтау, көк тамырдан қан алу.

Науқастарды түрлі /R/ - зерттеулерге даярлау, лабораториялық зерттеулерге материал алу.

Slide 22

Мейірбикелердің құқығы

Сырқатқа дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетуге

Сырқаттың ауру тарихын толтыруға, анализдерді тіркеуге, қызу қағазын толтыруға.

Палатаның, кабинеттің, асханалардың тазалығын тексеруге

Аға мейірбикеге керекті дәрілерге талап қағазын жазуға

Дәрігердің науқастарды қарауына, қабылдауына қатысуға.

Мед. Құжаттарды жүргізуге

Рентген және басқа зерттеулерге сырқаттарды даярлауға

Санитарлық жұмысына басшылық етуге.

Қызыл Крест қоғамының жұмысына атсалысуға.

Өз білімін жетілдіруге.

Slide 23

Мейірбикелер жұмыс орнында тәртіп сақтап, өзін-өзі ұстай білу керек.

Өзінің әдептілігімен, тазалығымен науқастарға үлгі болу керек. Әр уақытта (ақ халатта, ақ қалпақта, жеңіл теріден тігілген аяқ киім) жұмыс істеу керек

Slide 24

Мейірбикелердің жұмысы негізгі 2 топқа бөлінеді.

Емдеу жұмысы

Алдын-алу /сақтандыру/ жұмыстары.

Емдеу жұмысы - ол науқасты күту, дәрігердің тағайындаған емдерін уақытында жасау, науқастың тез жазылуына көмектесу.

Slide 25

Науқастармен қарым қатынас дағдысы

Slide 26
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
Мейіргер ісі саласындағы алғашқы кәсіби журнал
Мейіргер ісінің эволюциясы, теориясы және философиясы
Қажеттілік теориялары
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін клиникалық тұрғыдан бағалаудың маңызы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП, МҰҒАЛІМНІҢ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Мейірбике мен пациент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz