Мутациялық өзгергіштік. Мутагендік факторлар



Мутациялық өзгергіштік. Мутагендік факторлар.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлы биология және медициналық генетика кафедрасы
Тексерген: Абдиева А. А.
Қарағанды, 2016

Мутация туралы
Мутация (латын тілінде mutatіo - өзгеру) - табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.

Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз
(1848 - 1935) енгізді.

Мутация - барлық тірі ағзаларға тән қасиет
Мутация түрлері:
Зиянды мутация-тұқымқуалау қасиеттерінінің өзгеруі тіршілік әрекетін нашарлатады.
Бейтарап мутация-тіршілік үдерістерінде өзгеріс болмайды немесе дәл осы орта жағдайларында мәнсіз болады;
Пайдалы мутация- өзгерістен ағзаның қандай да бір қасиетінің жақсаруы байқалады;
Өлтіргіш мутация-ағзаны өлтіріп жібереді.

Мутагендер
физикалық
химиялық
Биологиялық
Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелер, жоғары немесе төмен температура.
Колхицин, этиленимин, никотин қышқылы
Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудырады.
Геномда мутация тудыратын вирустар мен қарапайымдар
Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін ыдырау өнімдері мен ағзаға тағам арқылы келіп түсетін заттар да мутагендік қасиет болады.


Гендік мутация- гендердің молекулалық құрылымдық өзгеруі
Негізгі себептері
ДНҚ молекуласындағы белгілі бір нуклеотидтің түсіп қалуы;
Нуклеотидтертің немесе триплеттің орын алмасуы;
Бір нуклеотидтің дупликациялануы;
Бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотидтің орналасуы.
(А-Г ауыстырылса, бір кодонның құрамы өзгереді, нәтижесінде аминқышқылдардың орналасу жүйесі бұзылады, алмасу әрекеттері, ағзаның биологиялық қасиеті, тіршілік қабілеті нашарлайды. ) Гендік мутациялар табиғи сұрыпталу кезінде ағзада жиналып, эволюцияда маңызды қызмет атқарады

Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация - микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

Дупликация
(екі еселену, қайталау)
Хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі немесе генетикалық материалдардың бір бөлігінің еселенуі.
Дупликация нәтижелері:
Гендер балансы бұзылады
Жаңа байланыстар пайда болады.
Жаңа белгілердің дамуы жүзеге асада.
Транслокация
(бірінің орнын бірі басу)
Хромослмалардың үзілген бөліктерінің бірінің орнына бірі ауысып келіп отыруы. Транслокация нәтижелерінде:
Гендердің тіркеу топтары
Өзара әрекеттесуі өзгереді
Мейозда хромосомалардың конъюгациялану бейнесі өзгереді
Ағзаның белгілері өзгеріп, жаңа белгілер пайда болады.

Делеция (жетіспеушілік)
Хромосоманың бір бөлігінің үзіліп, түсіп қалуы; хромосоманың үлкен бөлігінің жетіспеушілігі ағза үшін өте қауіпті (адамның 21 хромосомасындағы жетіспеушілік ағзада миелоидты лейкемияның (ақ қандылықты) дамуын тудырады. )
Инверсия
Хромосома бөлігінің 180 градусқа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі. (табиғатта дрозофиланың бір түріне жататын екі тегі бар, себебі хромосомаларының инверсия болатындықтан бір-бірімен будандаспауы түр дивергенциясынының бастамасы болып табылады. )

Геномдық мутация
Геномдық мутация - клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия - хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2) анеуплоидия - хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия - диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.

Клайнфельтер ауруы- жыныстық хромосомаға бір Х-тың артық қосылуы, ауру адамның хромосомаларының жалпы диплоидті жиынтығы 47, жыныс хромосомалары -ХХУ
Даун ауруы-21 хромосоманың екеу емес, үшеу болатындығына байланысты. Баланың барлық жасушаларында 46 хромосоманың орнына 47 хромосома болады.

Шершевский-Тернер ауруы- аурудың хромосомаларының диплоидті жиынтығы-45, жыныс хромосомасы біреу-ХО
Алып әйел ауруы- жалпы хромосомалар саны 47. жыныстық хромосмалар ХХХ

Мутациялардың маңызы
Тірі ағзаларға жаңа сапалар мен қасиеттердің көрініс беруінің жалғыз көзі;
Олар табиғи және қолдан сұрыптаулар үшін негізгі материал береді;
Пайдалы мутациялар табиғи сұрыптаумен сақталып қалады және орнығады;
Үрім-бұтақтар қатарында біртіндеп жинақталуынан өздерінің ататектерінен ерекшеленеді.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz