Тіл білімі мен басқа ғылымдардың өзара байланысы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны


Slide 1

Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы

Slide 2

Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны

Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады. Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.

Slide 3

Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі ғылымдардың методологиясы болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа коғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді. Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.

Философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда форма мен мазмұн бар, олар өзара байланыста, бірлікте болады, - деп үйретеді. Мазмұн өмір сүру үшін, белгілі бір формаға ие болуы керек. Яғни форма - өмір сүрудің шарты. Тіл де - дәл осындай құбылыс. Тілдегі формалардың да (сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалардың) мағына, мазмұны бар. Олар да бір- бірімен тығыз байланысты.

Slide 4

Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Көпшілікке белгілі, логика - ойлау зандары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы іске асады, тіл арқылы жарыққа шығады. Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті болады.

Slide 5

Тіл білімі антропологиямен де жақындасады. Антропология - адамның биологиялық табиғаты, морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе палеантропологияның деректері айрықша маңызды.

Slide 6

Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы - лингвистикалық географияның тууына әкеп соқты. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық грамматикалық құбылыстардың қай территорияға тарағанын көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік ерекшеліктерді зерттегенде ерекше маңызды. Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе диалектілердің лингвистикалық картасы (атласы) жасалынады.

Slide 7 Slide 8

Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі математика ғылымымен, біріншіден, машиналық аударма мәселелері бойынша байланысса, екіншіден, тілді зерттеуде математикалық статистика әдістерінің қолданылуы жағынан байланысады. Математикалық статистика сөздердің, дыбыстардың қолданылу жиілігін айқындауға көмектеседі. Осының нәтижесінде тіл білімінің математикалық лингвистика деп аталатын саласы калыптасты.

Slide 9

Тіл - таңбалар жүйесі. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын - семиотика ғылымымен байланысқа түседі. Таңбаларға Морзе әліппесі, жазу мен цифрлар, жол белгілері, тағы баскалар жатады. Жазусыз (әріптерсіз) тіл жоқ екендігі белгілі.

Slide 10

Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді.


Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі: теориясы, салалары және ғылымдармен байланысы
Қазақ тілінің сөзжасам іргетесінің қалыптасуы және оның тіл білімі салаларымен байланысы
Жалпы тіл білімі: зерттеу нысаны, салалары және ғылымдараралық байланысы
Тіл білімі және оның негізгі салалары
Геоэкология: ұғымы, міндеттері және жер ғылымдар жүйесіндегі орны
Тіл мен ойлаудың өзара байланысы: теориялар мен көзқарастар
Геодезия: ұғымы, бөлімдері және басқа ғылымдармен өзара байланысы
Жеке қаржы басқару және оның қаржы жүйесіндегі орны
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы және негізгі салалары
Фразеологиялық бірлік: қайнар көздері, ұлттық көрінісі және тіл мен мифтің өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz