Тіл білімі: таңбалық жүйе. Синхрония және диахрония



Тіл білімі: таңбалық жүйе. Синхрония және диахрония.

ТІЛДІҢ ТАҢБАЛЫҚ СИПАТЫ
Түрлі материалдық белгілерді қандай да бір хабар берудің құралы ретінде қолдануды адамдар ерте кезден білген. Сондай-ақ, атқаратын қызметі жағынан сөйлеу тілінде де жалпы таңбаларға тән сипаттың бар екендігін, оны таңбалар туралы ғылымға жатқызу қажеттігін алғаш рет Аристотель айтып кеткен. Ол: «Дыбыстап айтылған сөздер - ойдың символы, ал жазу - сөздің символы» деген. Кейінгі замандарда өмір сүрген Гобсс, Локк, Лейбниц сияқты философтар «тіл - таңбалар жүйесі» деп есептеген. Тілде таңбалық сипаттың бар екендігін XIX ғасырда Ф. Бопп пен В. Гумбольдт та айтқан. Дегенмен бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемалары ретінде зерттлуіне ден қойған Ф. де Соссюр. Сөйтіп бүкіл таңба атаулыны зерттейтін жалпы семиотика мен тіл білімінің түйіскен жерінен лингвистикалық семиотика деген ғылым қалыптасты.

Тіл таңбалар жүйесінен тұрады.
Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары бар. Егер шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін.

Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.

Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері де бар: жол бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т. б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.

Тілдік таңбаның белгілері:
Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады.

Синхрония және диахрония
Тілді шығу және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тарихи тіл білімі мен тілді оның белгілі бір дәуіріндегі қалпына сипаттама беру тұрғысынан қарастыратын сипаттама немесе статикалық тіл білімі пайда болды . Осыдан тіл білімін синхрониялық лингвистика және диахрониялық лингвистика деп іштей бөлу идеясы келіп туды.
Синхрония тілдегі құбылыстарды белгілі бір дәуірдегі қалпы, яғни Ф. де Соссюрдің терминологиясы бойынша, бір мезгілдің білігіне қатысы тұрғысынан қарастыру дегенді білдірсе, диахрония әр түрлі дәуірде бірінен кейін бірі келетін бір ізділік, яғни тілдегі құбылыстарды әр түрлі кездегі бір ізділіктің білігі ретінде қарастыраду дегенді білдіреді. Синхрония бойынша бір мезгілде қатар өмір сүруші құбылыстардың арасындағы қатынастар қарастырылады да, диахрония бойынша уақыт бойындағы өзгерістер қарастырылады

Ф. Де Соссюрдің пікірінше, синхрония - тілдің белгілі бір дәуіріндегі бір-бірімен өз ара байланысты, бір-біріне шарттас элементтерінің, атап айтқанда, лексикалық, грамматикалық және фонетикалық элементтерінің жүйесі. Оның пайымдауынша, бұл элементтердің бағалылығы, мәнділігі болады және оның өзі бір-бірімен шығу тегі жағынан емес, бір бүтін жүйенің ішіндегі элементтердің арақатынасының нәтижесінен келіп туады. Ф. Де Соссюр - синхронияны жүйемен байланыстырады да, диахронияны тілдің әрбір элементін ажыратып бөлек қарайтын және тарих бойына өзгеріп отыратын жол деп түсініп, оны жүйеден тыс қарастырады. Демек, Ф. Де Соссюрдің пікірі бойынша, синхрониялық лингвистика тілді жүйелі құбылыс ретінде зерттейді, ал диахрониялық лингвистиканың объектісі жүйені құрай алмайды. Екінші сөзбен айтқанда, “ . . . диахрония жеке дара құбылыстардың саласы ретінде қарастырылады, тіл жүйе ретінде синхронияның аясында ғана зерттеледі. Басқаша айтқанда, тілдің дамуы жүйенің өзгерісі ретінде емес, әр түрлі дара элементтердің ғана өзгерісі ретінде бейнеленеді, ал жүйе оның белгілі бір кездегі тап сол қалпы күйінде қарастырылады”.

Тілді зерттегенде, ондағы құбылыстарды диахрониялық тұрғыдан да, синхрониялық тұрғыдан да қарастыру дұрыс және ол өте қажет. Ф. Де Соссюрдің бұл мәселе жайындағы қатесі мынада: ол диахрониялық лингвистиканың мәнін ескермеді, әсіресе тарихи грамматиканың маңызын төмендетуге дейін барды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz