Морфология. Сөздердің морфологиялық Құрылымы
Презентация қосу
МОРФОЛОГИЯ.
СӨЗДЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ.
Морфология
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos —
сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық
мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз
тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму
заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір
саласы.
Сөздің морфологиялық құрылымы туралы
мәселе грамматиканың өте маңызды
мәселелерінің бірі. Әр түрлі тілдердегі
сөздердің морфологиялық құрылымын,
құрылымдық элементтердің табиғатын,
қызметі мен өзара байланысу және тіркесу
сипатын зерттеп шешу тілдердің
морфологиялық типтерін айқындау үшін және
олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс
негізде жасау үшін де өте қажет .
Сөздің морфологиялық құрылымына
талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің
құрылымына тікелей қатысы бар негізгі
морфологиялық ұғымдарды алдын ала
айқындап алу керек. Ондай негізгі
морфологиялық ұғымдардың мазмұнына
морфема туралы ұғым мен оның түбір
морфема және аффикстік морфема
деп аталатын түрлері жайындағы
ұғымдар енеді.
Морфема
Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) –
сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі. Ол
тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін
ең кіші мағыналық единицасы. Ұғымға
алғаш И.А. Бодуэн де Куртене (1881)
енгізген.
Сөздер морфологиялық құрылымы,
морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі
болады; олар бір морфемадан да (бас,
қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да),
бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-
да-н-ыс-ы) құрала береді. Сөз
құрамындағы морфемалардың
әрқайсысының өзіне тән мағынасы
болады. М: көлшікке деген сөздің
құрамындағы үш морфеманың біріншісі
(көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-
шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке)
бағыт мағынасын білдіреді.
Морфемалар мағынасы мен қызметі
жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде
негізгі лексикалық мағынаны
білдіретіндер де, грамматикалық
мағынаны білдіретіндер де бар. М:
аталған көлшікке деген сөздің
құрамындағы көл морфемасы негізгі
лексикалық мағынаны білдірсе, -шік және
–ке морфемалары грамматикалық
мағынаны білдіреді.
Жалпылама лексикалық мағынаны
білдіретін морфема түбір морфема н/е
негізгі морфема деп аталады да,
грамматикалық мағыналарды білдіретін
морфема аффикстік морфема н/е
көмекші морфема деп аталады.
Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің
формасы жағынан сәйкес келуі, орыс тіліне
қарағанда, ағылшын тілі мен түркі тілдерінде
әлдеқайда жиі кездеседі. Түркі тілдерінде,
соның ішінде қазақ тілінде, сөздің негізі ары
қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін
бір ғана түбірдің өзінен (жас, қол) құралған
жалаң негіз түрінде де, екі н/е одан да көп
морфемалардан (жас-тық, қол-тық-ша)
құралған туынды негіз түрінде де ұшыраса
береді. Жалаң негізден құралған сөздер
түбір сөздер, ал туынды негізден, яғни түбір
мен жұрнақтың қосындысынан құралған
сөздер туынды сөздер деп аталады.
Книг-а Book Кітап
Чит-ать Read Оқу
Больш- Big Үлкен
ой
Ағылшын тілі мен түркі тілдерінде түбір
сөздердің жоғарыдағы тәрізді дара
морфемадан құралуы, соның нәтижесінде
олардың өздерінің түбірлерімен н/е
негіздерімен сәйкес келуі жиі ұшырасады.
Ағылшын тілі мен түркі тілдерінде бір
морфемадан құралған түбір сөздің көп
болуын және осыған орай сөз таптарының
морфологиялық құрылымы жағынан бір-
бірінен ажыратылуының әрдайым шарт
еместігін бұл тілдерге тән ерекшелік деп білу
керек.
Грамматикалық мағынаны білдіретін
морфема көмекші н/е аффикстік
морфема деп аталады. Аффикстік
морфемалар әрқашан сөз құрамында
қолданылады. Олар сөзден тыс,
ешқандай мағынаны білдіре алмайды.
Аффикстік морфемалар сөз құрамында
қолданылғанда ғана, белгілі бір
мағынаны білдіреді.
Аффикстік морфемалар түбір морфемадан
сөздердің үлгілерін жасауға қатысы жағынан
да ажыратылады. Аффикстік морфемалар
сөздердің белгілі бір тобының құрамында ғана
қолданылса, түбір морфемалар бір емес, әр
басқа топқа қатысты сөздердің құрамында
ұшыраса береді. М: білімнен деген сөздің
құрамындағы -ім және -нен аффикстік
морфемалары сөздердің зат есім деп аталатын
тобында ғана ұшыраса, біл деген түбір
морфема сөздердің зат есім (білім), деп
аталатын тобында ғана емес, әр түрлі
топтарда, мысалы, етістіктер тобында да
(білдіру, біліну), сын есімдер тобында да
(білгіш, білімді) ұшыраса береді .
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz