Етқоректілер обасы
Презентация қосу
ЕТҚОРЕКТІЛЕР
ОБАСЫ
Орында ған: Марат қызы Багила ВС-405 тобы
Оба қоздырғышы
• Қоздырғышы – РНК-лі паремиксовирус, морбиллирирус тобы, был вирус адам қызымиасы
және ірі қара малдар обасына ұқсас. Вирус құрамы РНҚ-дан және сырт қы қабықшадан
тұрады. Вирионның өлшемі 115-160 нм арасында құбылып отырады.Танаудан аққан сора
және нәжісте 7-11 күнде белсенділігн жояды. 56°С температурада 30 мин ішінде
инактивтенеді, ал 20°С температурада 15 сағат бойы инфекциялы қ активтілігін са қтап т ұрады.
4°С температуралы қанда инфекциялық активтілігін 14 тәулік сақтайды. Төменгі температура
вирустың вируленттілігін сақтауға септігін тигізеді: - 40°С-та 3-4 жыл , - 20°С өлген
жануарлар органдарында -6 жыл , ал қанда - 3 ай, ал лиофилденген к үйінде кемінде 1 жыл
сақталады. 60°С-та 30минутта, 100°С-та бірден жойылады. Барлы қ парамиксовирустар
эфирмен және хлороформмен жойылады: толық инфекциондық қасиетінің жоғалуы 15
минут ішінде жүреді. 1% лизол, ультра күлгін сәуле 30 мин, 2% күйдіргіш натрий – 60 мин.,
күн сәулесі мен 0,1-0,5% формалин мен фенол ерітінділері бірер сағатта өлтіреді. Вирус
формалинге, сілтілерге, қышқылдарға өте сезімтал болып келеді. Вирустың қолайлы са қталу
ортасы рН 7.0-7.4 болып келеді.
Оба вирусының құрылысы.
• Оба вирусына көптеген культуралар сезімтал және
әр түрлі культуралар клеткалары себуден кейін
адаптацияланған болып келеді. 1959 жылы
алғашқы рет ит обасының вирусы
трипсинизирленген кесектерді өкпеден және
бүйректерден культивирлеу арқылы бөлініп
алынды.Келесі жылдары ит бүйректерінен, ІҚМ,
қой, маймыл, тауық эмбриондардың
фибробласттарында біріншілк культивирленген
вирустар алынды. Hela және Vero клеткаларыны ң
линиясы да вирусқа сезімтал болып келеді.Вирусты
өндіруде және санын сақтап тұруда ит күшіктері
пайдаланады. Тхорзофреткалар ерекше сезімтал
болып келеді. Вирусты бөліп алу кезінде талақ,
бауыр, бүйрек материалдары қолданады.
• Барлық белгілі вирустың штаммдары ерекше
патогенділікке және әр түрлі бағыттылыққа
(тропизм) ие.
• Қазіргі кезде оба әр түрлі елдерде тіркелуде. 1960 жылға дейін летальды нәтижемен
етқоректілер обасывирустық аурулар ішінде алғашқы орындарды алған болатын.
Аттенуирленген вакциналардың табылу мен кең қолдануы аурудың таралуын біршама
төмендетті.Бірақ әр түрлі елдерде, соның ішінде Ресейде анасы вакцинирленбеген
күшіктерінің обамен тіркелу жағдайлары кездесуде.
• Ет қоректілер обасымен иттер және жыртқыш аңдар туыстығының көптеген өкілдері:
үй иті, қасқыр, қорқау қасқыр, шакал, жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ
тышқан, кәмшат, борсық ауырады. Мысық тұқымдастарынан: гепард, пантера,
сілеусін, арыстан , леопард, барысжәне т.б. Ескекаяқтылар туыстығының да (итбалық)
обаға сезімталдығы анықталған.
• Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады,әйтсе де жас
кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы
аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек аңдар мен иттер 3-4 есе сирек шалдығады.
Анасынан антиген алмаған күшіктер жиі шалдыққыш болып келеді. Ал анасынан алған
антиденелер күшік организмінде туылғаннан соң 3-6 апта сақталады.
• Ауру қоздырушысының басталуы – ауырған және аурып жазылған ,
субклиникалық формадағы жануарлар. Қоздырушы көзден, мұрыннан
аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен ж әне тері
безеулерімен бөлінеді. Респираторлық және алиментарлық жолмен
жұғады. Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді.
Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына
құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды.Ауамен ауырған жануардан 12м
дейін қашықтыққа беріледі. Ластанған құрал-саймандар, жұмыс киімі,
жануарлар азығы жұғу (2-3 ай) факторлары қызметін атқарады. Сонымен
қатар, жәндіктер, құстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар
механикалық тасымалдаушы ғана болып қана қоймай, жасырын вирус
алып жүруші болуы мүмкін.
• Дерттелу, патогенез
•
• Ит обасының вирусы пантроптік өйткені дамуы көп ұлпаларды және
қабылдарғыш жануарлардың органдарында өтеді: бұл лимфоидтыұлпалар, тері,
кілегейлі қабықта, өкпеде, бездерде, мида. Симтоматикасы және патологиясы
обаның әр түрлі.
• Денеге енген вирус тез арада қанға өтіп, мононуклеарлы лейкоциттер арқылы
лимфоидты ағзаларға жетеді. Алғашқы 5-6 күн ішінде лимфоидты жүйеде
көбейген вирус кейіннен макрофагтар арқылы бүкіл денеге жайылады. Вирустың
әсерінен ең алдымен иммунитет жүйесі зақымданады да, организмнің қорғаныс
қабілеті тежеледі. Көп ұзамай аурудың клиникалық белгілері өрбиді. Вирустық
инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар (сальмонеллалар, эшерихиялар,
пастереллалар, коктар) қабаттасып, ауру асқынады.
• Обаға тән к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р д і ң бірі – безгектену. Б ұл кезе ңде ауыр ған
терісі бағалы аң мен иттің, әсіресе олардың к үшіктеріні ң к үйіні ң нашарлауы, б үрісіп
тоңуы, тәбетінің төмендеуі байқалады. Бұдан кейін серрозды коньюнктивит бай қалып,
іріңді түріне айналады. Жүйке жүйесіні ң за қымдануынан кейбір жа ғдайда тік ішекті ң
сыртқа шығуы, іш өту, нәжісте қанның пайда болуы, оның жағымсыз иіс беруі
анықталады. Әсіресе күшіктер бірден жүдеп, ары қтап, өте к өп терлеу н әтижесінде
олардың денелерінен жағымсыз иістер шығады. Негізінен ет қоректілерді ң обасында
тыныс алу жолдары мен орталық жүйке ж үйесі жара қаттанады. Со ңғысында жо ғарыда
айтылғандай тік ішектің сыртқа айналуымен қатар салдану процестері, сілекей а ғу
анықталады.
• Обаның клиникалық белгілерінің әр түрлі аңдарда біраз айырмашылы қтары болады.
Түлкі мен қарсақта аурудың терідегі түрі байқалмайды, ал ж үйкелік т үрі індетті ң
ақырғы кезеңінде басым болады. Қарсақта түлкіге қара ғанда катарлы құбылыстар әлсіз
білінеді. Күзеңде терідегі түрі жиі байқалып, сира қтары, қаба қтары, т ұмсы ғы, еріні
домбығады. Домбыққан телімдер көп ұзамай қолдырап, суланып, кейіннен
қабыршықтаанады. Процесс ұзаққа созылғанда дерматит мойыны мен ар қасына
жайылады ауру негізінен созылмалы өтеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер
• Аурудың қарапайым өту кезінде патологоанатомиялық
өзгерістері жақсы білінеді.Ерекше айқын симптомдары: қан
талаулар мен қан ұюлар. Жүйелік геморрагиялық диатездердің
пайда болуы негізінен ұлпалардың зақымдануы және қан
тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауынан болады. Сипаты
бойынша: нүктелік қанталаулар және кілегейлі қабықтың
қанталаулары, паренхималық мүшелердегі қанталаулар,
серозды қабық астындағы қан талаулар. Қан тамырдағы
өзгерістер, мүшелердегі қанталаулар вирустың
вируленттілігіне, организмнің резисттенттілігіне және т.б.
анықталмаған факторларға байланысты.
Эндокард асты Өкпедегі қанды Бауырдың ісінуі
қанталаулар. ұйынды гиперемия және
гиперемиясы
Тоқ ішектің кілегей Тоқ ішектің кілегей
Аш ішектің кілегейлі
қабық астындағы қабық астындағы
қабығының көлемді
қанталаулар көлемді
геморрагиясы
қанталаулар
Гистологиялық өзгерістер
• Күзендерде негізінен бронхит және перибронхит, катаральды бронхопневмония ж әне
гастроэнтерит, талақ лимфофолликулдерінің гиперплазиясын табады. Т үлкілерде–аса
жіті катаральды гастроэнтерит, аса жіті паренхиматозды нефрит ж әне гломерулит,
серозды-геморрагиялық цистит, лимфоденит және спленитлимфофолликулдер
редукциирленген, тағы катаральды пневмония табады. А қ т үлкілерде-бауырда оша қты
некроз, ішектік жаралар табылады. Иттерде- ішектежіті серозды-десквамативті,
катаральды қабыну , энцефаломиелит көптеген нерв шоғырлары мен нейрондар
зақымдалған,
• Өлген және ауырған жануарлардың қуық эпителиінде,бронхтарда, өт жолдарында,
лимфа шумақтардың ретикулярлы клеткаларында вирус денешіктерін табады –олар
цитоплазмада домалақ және сопақ формада болады.Көп көлемде түлкілерде, а қ
түлкілерде, ал аз көлемде күзендерде болады.
• Балау және ажырату
•
• Аурудың нақтылы балауын қоюда вирусологиялық және серологиялы қ реакцияларды қолдану
маңызды. Вирусологиялық зерттеулер өте күрделі, сонды қтан қажет бол ған жа ғдайда
серологиялық әдістерді (ИФР, ГАР, КБР, ДПР, ИФТ түрлі қойылымдарында) қолданылады.
Бұлардың ішінде ИФР патологиялық материалдан вирус антигенін аны қтау ға практикада ке ң 192
қолданылады.
• Патологиялық материал ретінде иттің коньюнктивасынан тампон ар қылы алын ған с үртіндіден
әйнекке жағынды жасалып, люминис- центті микроскоп ар қылы арнайы диагностикум қолданып,
вирус антигені анықталады. Осы мақсатта патологиялы қ материал ретінде танау қуысынан
алынған сүртінділер, өлексенің ішкі ағзаларынан (мидан, өкпеден, қуы қтан, ас қазаннан)
алынған кесінділер де қолданылады. КБР, ДПР, ГАР, ИФТ әдістері ретроспективті балау қоюда
маңызды. Бұл әдістермен қан сарысуларында антидененің аны қталуы ет қоректілерді ң обамен
ауырып-жазылғаны туралы деректер береді.
• Ажыратып балау. Иттің обасын: инфекциялық гепатиттен, құтыры қ- тан, Ауески ауруынан,
құндыздың вирусты энтеритінен, паратифтен, пасте- реллезден, В авитаминоздан, парвовирусты
энтериттен, алеут ауруынан және уланудан ажырату қажет.
• Емі, иммуните
• Емі. Арнаулы қан сары суы шығарылмайды. Аурудың бастапқы кезеңінде
қызылшаға қарсы қан сарысуының глобулинін пайдалану ға болады.
Қосалқы микробтарды тежеу үшін антибиотктер мен сульфаниламидтер
жақсы нәтиже береді. Бұнымен қабат диетаны жақсарту қажет. Ауру
жануарлардың жағдайына байланысты симптоматикалық (ыстық
қайтаратын, қақырық түсіретін, іш жүргізетін, тыныштандыратын, жүрек
қызметін жақсартатын) дәрілер беріледі. Витамин препараттары,
кокарбаксилаза, ультракүлгін сәулесі, т.б. қуаттандыратын емдік
процедуралар өте пйдалы.
• Иммунитет. Ауырып жазылған итте берік иммунитет қалыптастырады.
Иммунитет қаншықтың күшіктері 2-3 айға дейін обамен ауырмайды. Өлі
вакциналар қолданыс тапқан жоқ. Аттенуацияланған штаммдардан вакцина
даярлау үшін қолданылатындары: 668-КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак. Буаз
қаншықтарды егу жақсы нәтиже береді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz