Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау



Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
Орындаған: Маратқызы Багила 305 б топшасы

Жоспар
Негізгі астық және бұршақ тұқымдастарына анықтама беру
Астық және бұршақ тұқымдастарының тағамдық құндылығын анықтау
Астық және бұршақ тұқымдастарының сезімдік және зертханалық әдістерін меңгеру
Бұршақ тұқымдастарының негізгі зиянкестері
Санитарлық баға беру

Астық тұқымдасы, қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады.

Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т. б. ) . Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас) . Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек) . Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс. : бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т. б. ), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т. б. ), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т. б. ) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптектіөсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады) . Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді.
Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ) . Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ.


Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады . Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азиядаөсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.

Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12оС-де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12% нәруыз, 65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық.

Күрішті Оңтүстік-Батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға айналдырды. Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5 мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы деректер бар.
Ғаламшарымызда күріш 140, 8 млн гектар аумаққа егіл еді. Дүниежүзілік диқаншылықта әр гектар дай 24 ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып түсті. Қызыл ор да облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады.
Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге мемлекетіміз ерекше назар аударуда.
Бидай, тары, сұлы, арпа - біржылдық азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады.
Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Бидайдың сабансабақтарынан түптенеді. Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Масақшалардан күрделі масақ түзіледі. Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек.
Сүлының гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, ал тарының гүлшоғыры - масақ тәрізді сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165-175 центнерге дейін түсім жинады .

Бұршақтар тұқымдасы
(Legumіnosae) - қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейдеағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 700 туысы, 17 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар. Б. т-на жататын өсімдіктердің гүліндегі 10 аталықтың 9-ы бірігіп, біреуі жеке орналасады. Аналығы - біреу. Жемістері - бұршақ, бір ұялы. Күрделі жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақсыз түрлері де кездеседі. Кейбір түрлерінде жапырақ орнына тікендер, ал жапырақтарының ұшында мұртшалары болады. Б. т-ның түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактерияларорналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Тұқымдары белокқа бай Б. т-ның а. ш-нда да маңызы зор. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа, бұршақ, таспа, т. б. ) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Б. т-ның тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т. б. майы) . Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынан бальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Б. т-ның кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т. б. ) .
Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты) .

Бұршақ тұқымдастарының жер шарында таралуы

Сиыржоңышқа туысы 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дөн алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шоп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа пішен дайындау жөне дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа, ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа өседі.

Асбұршақ туысы . Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп түрады. Егістік асбұршақ біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Жоңышқа туысы (люцерна ) . 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасыңца 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырынының ұзындығы 1, 5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құңды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік. Сарбас жоңышқақ (люцерна серповидная, или люцерна желтая ) биіктігі 100-120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) жөне мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышкцның (люцерна посевная, или синяя) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль төрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағ-дайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясыңда, өсіресе құрғақ шөлейт аудан-дарда тек мөдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz