Жұқпалы емес ауруларды мал шаруашылық өнімдердің және шикізаттың всс
Презентация қосу
Жұқпалы емес ауруларды мал
шаруашылық өнімдердің және
шикізаттың всс
Орындаған: Нармаханбетова А. Н.
Қабылдаған: Жанабаева Д. К.
Тыныс жолы мүшелерiнiң аурулары. (Бронхит,
бронхопневмония, пневмония, плевропневмония). Тыныс жолы
ауруларының туу себебi: салқын тию, ыстық ауа,
жарақат,химиялық заттар, мал азығында өсетiн зеңдіген
саңырауқұлақтар, кейбiр инфекциялық аурулар болады. Осы
жағыдайларды тыныс жолдарының әртүрлi микрофлоралармен
зақымдануы байқалады.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мұрынның кілегей
қабаты, кеңiрдек қызарған, үсiген кей кезде сұйық немесе
көпiршектi экссудаты бар, катаралдық немесе катаралдық -
геморрагиялық iсiктiң ошақтары болады. Бронхопневмонияда
кеңiрдекте және өкпеде тығыз бөлшектер болады, кесiмде сұр-
қызыл түстi (гепатизация). Көкiрек қуысының лимфа түйiндерi
сулы, үлкейген, қанталаған. Плевра жарақатталған жағдайда
фибриоздық экссудат, қосылу (спайка) байқалады.
Санитариялық бағалау. Инфекциялық ауруларды ескеру
керек. Жарақатталған мүшелердi утилдейдi. Пневмония,
плеврит болған жағдайда және лимфа түйiндерiнiң процесiне
таратылған жағдайда еттiң және басқа союдың өнiмдерiнiң
санитарлық бағалау туралы шешiм бактериологиялық зерттеу
нәтижесiне қарай шешiледi. Өкпенiң аспирациясында оны
утилдейдi.
Қан жүргiзу мүшелерiнiң аурулары. (Созылмалы перикардит) -
жас торайлардың ауруы. Перикард қабырғасының фибриозды
iсiгi және тығыздануы байқалады, фибриннiң жиналу себебiнен
бетiнде шұбар, перикардтың эндокардтың жарым-жартылай
қосылғаны байқалады.
Зақымдық перикардит - үлкен қара малдың ауруы - жүрек
қапшығының фибриоздық немесе iрiңдiк iсуi. Перикардтың
қуысында сасық иiстi фибрин мен iрiң болады. Перикардтың
қабырғасы қалыңданған (2-4cм.), эпикардпен қосылған жерiнде,
бөтен дене бар (сым, шеге және т.б.). Лимфа түйiндерi үлкейген,
ісiген.
Миокардит бұлшық еттiң азғындағанымен және дәнекер
болатын тканның өсуiмен сипатталады. Бұлшық ет босаған сұр
немесе сарғыш-қызыл түстi. Жүрек қуыстары кеңейген. Майлы
инфильтрацияда жүрек үлкейген, босаған, iрiң түстi.
Санитариялық бағалау. Iрiңдi перикард, қоршаған ткандерде
және төс қабырғасында iрiңдер, iсiк, гидремия мен сарғыштану
байқалған жағдайда ұша мен iшкi мүшелердi утилдейдi.
Перикардта, эпикардта, өкпеде, төс қабырғасында
патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда жарақатталған
мүшелердi утилдейдi, ал ет пен союдан алынған басқа өнiмдерiн
қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
Бауырдың аурулары. Цирроз, капиллярды экстазия, майлы дистрофия
iрiңдер және т.б.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Атрофический циррозда бауыр
үлкейген, қатты, мықты, сұр-қызыл түстi немесе қара-қызыл түстi.
Гипертрофиялық циррозда бауыр 2-3 есе үлкейедi, тығызданады.
Каппилярлы эктазияда (ipi қара малда кездеседi) бетiнде және
паренхимада қызыл, көк-қызыл немесе қара-қызыл әр түрлi мөлшердегi
ошақтар болады. Өкпе капсуласының астында анық көрiнетiн шұңқырлар
пайда болады.
Iрiңдер (әдетте iрi қара малда кездеседi) диафрагмалды жақта
орналасады. Iрiң сұйық, сасық иiстi болады.
Санитариялық бағалау. Бауыр циррозында, сары ауруда, iсiктерде
және өкпе паренхимасының патологиялық өзгерiстерiнде бауырды
утилдейдi. Өкпенiң бiрлi-жарлы жарақаттарын алып тастайды. Өкпенiң
жарақатталмаған бөлешектерiн, сондай-ақ анық бiлiнбейтiн капиллярлық
экстазияда бауырды кедергiсiз жiбередi.
Бүйрек аурулары. (Нефриттар, нефроздар, сары су, бүйрек тастары, iсiктер,
бұзаулардың "ақ бауыр" ауруы және басқалар).
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Бүйректiң қабынуында (нефритта)
бүйректердiң фибриоздық қабынуы, көлемнiң үлкейгенi байқалады. Капсуласы
оңай алынады. Қабық қабатында ақшыл-қызыл секпiл, сұр ақшыл томпақшалар
көрiнедi. Бүйректiң лимфа түйiндерi үлкейген сұр-мәрмәр түстi болады.
Интерстициалдық нефритте бүйректiң бетiнде ақшыл-сұр үлкен бұршақ көлемiнде
геморрагиялық жүзiкпен қоршалған жоғарлаулар бар. Кесiмде шамалы ақшыл-сұр
ошақтар болады. Iрiңдi нефритте ұсақ абсцесстар пайда болады, бүйрек қуысында
iрiңдi секрет болады.
Нефрозда бүйректер үлкейген, қамыр тәрiздi. Қабық қабаты қанталаған.
Қабық және мый қабаттар арасындағы шеттер жойылған. Мый қабатында
жансызданған ошақтар бар.
Санитариялық бағалау. Нифриттiң, нефроздың, көптеген сары судың,
iсiктердiң, бүйрек тастарының түрлерiнде бүйректердi утилдейдi. "Ақ бауыр"
ауруында, iрiң нефритiнде, басқа мүшелерде патологиялық өзгрiстер анықталған
жағдайда, еттi қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
Ас қорту мүшелерiнiң аурулары. Тимпанияда асқазан асты
азық пен газға толы, үлкен қарын қызарған, негiзiнде
өкпеде, iшкi мүшелерде қан тұрып қалған, ұша нашар
қансыздалған.
Гастритте кiлегей қабаты қара-қызыл түстi, ісiген,
асқазанның iшiндегi сасық, кей кездерде кiлегей қабаты
алынып қалады. Ортақабырғалы порталды, қуықтағы,
белдегi лимфа түйiндерi үлкейген, лай лимфаға толы, ұша
нашар қансызданған, кей кездерде бұлшық еттерде сары-
қызыл инфильтраттар бар.
Энтеритта кiлегей қабаты қызарған, ісiген, қанталаған,
жансызданған, үстi фибриноздық және кiлегейлi-iрiңдi
экссудаты бар болады. Ортақабырғалы порталды, қуықтағы,
белдегi лимфа түйiндерi үлкейген, қызарған, кейде
қанталаған болады.
Санитариялық бағалау. Поталогиялық өзгерiстерi бар
ұша мен органдарды утилдейдi. Ет пен союдың басқа
өнiмдерiнiң санитариялық бағалауы бактериологиялық
зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзiледi.
Жаңадан шыққан iсiктердi зерттегенде оларды зиянсыз (фиброма,
миксома, миома, неврома және т.б.) және зияндыларға (саркома,
карцинома және т.б.) бөледi.
1) Зиянсыз жаңадан шыққан iсiктер. Олар жергiлiктi орналасады да
әдетте қоршаған мүшелер мен ткандердi басып алады да нәтижесiнде
осы мүшелер ауруларына сәйкес басқа патологиялық өзгерiстер
қабаттасады. Олардың анық көрiнетiн шеттерi бар кей кездерде капсула
болады, жеңiл бөлiнедi. Невромдар әдетте қабырға арасында жүйкеде,
иықтағы, жұтқыншақтағы шайнау бұлшық еттерiндегi, жүректегi жүйке
жүйесiнде орналасады. Линомдар май қыртыстарында орналасады.
Олар жұмсақ немесе тығыз болуы мүмкiн, некроз және ақ балшықтың
қабаты болады.
2) Зиянды жаңадан шыққан iсiктер. Оларда анық көрiнетiн шеттерi
жоқ, iсiк қоршаған ткандерге кiре өседi де метастаза құрайды.
Саркомалар дәнекерлеушi ткан бар барлық жерлерде шығады. Олар әр
түрлi түйiн түрiнде бетi ақ болады. Карциномдар өкпеде, асқазанда,
iшекте, сiрi және кiлегей қабықтардан табылады.
Санитариялық бағалау. Зиянды, сондай-ақ зиянсыз көптеген
жаңадан шыққан iсiктерi бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерiн
утилдейдi. Жарақатталмаған ұша бөлшектерiн қайнатуға жiбередi,
көлемдi ұлғайған алып тастауға мүмкiн емес жағдайда ұша мен
мүшелердi утилдейдi.
Бiрлi-жарым зиянсыз iсiктер кездессе, жарақатталған жерлерiн алып
тастайды, ал ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
Iрiңдi қабынулар.
Олар жануардың организмiне микробтар енген кезде пайда болады. Нәтижеде жергiлiктi
iскен ошақтан микроб қанға кiргенде, жүйкелi - дистрофиялық процестермен бiрге өтетiн
абсцесс, эмпием, фурункул, карбункул шамалы iрiң ошақтары, iрiң немесе сепсис жаралары пайда
болады.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Абсцесс болғанда iрiңге толған диаметрi бидайдың дәнiнен
15-20см-ға дейiн жабық қуыс. Абсцесстi қоршаған тканьдер (қабық) қара-қызыл түстi. Бетiн
басқанда флюктуация және тканьдердiң айтарлықтай ширығуы анықталады. Тканьдерде жане
лимфа түйiндерiнде өзгерiстер болмаған жағдайда бiрлi-жарым абсцесс iрiң процессi жергiлiктi
және етте ұсақ флора жоқ екенiн көрсетедi.
Флегмон ауруында некрозға ынталы тканьдер арасында iрiң жиналуымен iрiң iсiк байқалады,
ол дәнекерлi болып тұратын тканнiң мөлшерi көп тканьдерде және мүшелерде кездеседi.
Флегмонаның орны iседi, қамыр тәрiздi консистенциялы және көкшiл-қызыл түстi болады.
Басқанда флюктуация байқалады. Ашқанда бұлдыр, iрiң сұйық ағады. Аймақтық лимфа түйiндерi
үлкейген, қызарған. Абсцесспен салыстырғанда бұл процесс қатерлiлеу, iрiң туғызғыш
бактериялар қоршаған тканьдерге және қанға тез кiруi мүмкiн.
Эмпием ауруында кәдiмгi жабық қуыста (плевралды, перикарды, қарындағы, сүйектегi) iрiңнiң
жиналуы байқалады. Жабық қуыста iрiң жиналады, қабырғалары iсiнедi, күнгiрттенедi,
қанталайды, олардың үстiнде шұбар-ала қанталанған және эрозия болады, кей кезде жiк
жабысқан жер болады. Регионалдық лимфа түйiндерi үлкейген, қанталаған, кей кезде iрiң
болады.
Шiрiген микрофлора болып көрiнедi, iрiңдi жаралар. Жараның жазыла бастау кезiнде iрiңнiң
астында түйiршiктелгенi көрiнедi.
Санитариялық бағалау. Жайылған флегмон, көлемдi жансыздану байқалғанда, мүшелерде
тканьдерде, лимфа түйiндерде абсцесс болса, мүшелердi утилдейдi. Iшкi мүшелерде көптеген
абсцесс байқалса, жарақатталған мүшелердi утилдейдi, ал ұшаның бағалауын бактериологиялық
зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзедi. Бiрлi-жарлы абсцесс және шамалы iрiң жаралы болса,
және қоршаған тканьдер мен лимфа түйiндерiде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда
жарақатталған мүшелер жарамсыз деп табылады, ал етiн бактериологиялық зерттеуге жiбередi.
Шамалы жарақатталған жансыз бөлешектердi және оларды қоршаған тканьдердi утилдейдi, ал
ұшаны бактериологиялық зерттеуге жiбередi. Кең көлемде жарақатталған тканьдердi немесе
мүшелердi және организм уланғанда, ұша мен мүшелердi утилдейдi.
Жарақаттар (жаңадан пайда болған жарақаттар).
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жаңадан пайда болған жарақаттар
қанталайды, қанның тығыз ұйылғанымен, қоршаған тканьдерде қан сiңуiмен
анықталады. Жарақатталған жер ісiген, қызыл түстi болады. Үш және одан да
көп күндер арасында қанның ұйылғаны тығызданады, қасындағы тканьдер
ісiген, қан сiңген, лимфа түйiндерi, ісiген. Шамалы уақыттан кейн қан ұйылған
жерде дәнекер болатын ткань өседi.
Санитариялық бағалау. Жаңадан пайда болған жаралар болса, сүйек сынған,
қан ұйылған, қоршаған тканьдерде және лимфа түйiндерiнде iсiк болмаған
жағдайда, қан сiңген тканьдердi алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi
кедергiсiз жiбередi.
Күйiк.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Шамалы күйiк болған жағдайда орынды
өзгерiстер байқалады (тер астындағы жасұнықтың iсiгi, сiрi экссудаты болады).
Кең жайылған күйiк болған жағдайда (терiнiң 18%-на дейін) жергiлiктi лимфа
түйiндерi ісiген, өкпе мен бауыр қызарған, бүйректердiң қапшығының астында
қан ұйылған болады. Кең жайылған күйiк жерiнде бұлшық eттep босаған сұр-
қызғылт түстi болады. Жергiлiктi лимфа түйiндерi ісiген, үлкейген болады.
Жүрек пен өкпелер қанталаған, бауыр үлкейген, босаған, көк бауыр қара-шиелi
түстi, бүйректер қанталаған болады. Кей кездерде мүшелерде және тканьдерде
плеврит, перитонит және тағы да басқа морфологиялық өзгерiстер болады.
Санитариялық бағалау. Кең жайылған күйiк болған жағдайда жарақатталған
ұшаның бөлшектерiн алып тастайды және утилдейдi. Ұшаның жарақатталмаған
бөлешектерiнiң санитарлық бағалауын бактериологиялық зерттеулердiң
нәтижесiне қарап өткiзедi. Iшкi мүшелердi утилдейдi. Шамалы күйiк болған
жағдайда жарақатталған орындарын алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi
кедергiсiз жiбередi.
Жануарлардың улануы. Уланған жануарларды сойғанда еттiң сапасы, оның азықтық
құндылығы төмендейдi, азықта удың кiшкентай мөлшерi байқалған жағдайда, ол адамның
организiмiне зиянды әсер етуi мүмкiн. Уланған жағдайда еттiң iшiнде микрофлоралар,
сальмонелдар көбейiп өсе бастайды.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Улы заттардың түрiне байланысты, олардың мөлшерi
және организiм уланған уақытына, ұзақтығына, аурудың түрiне, амалсыз союдың уақытына
және т.б. жануарлар организiмiнде әр түрлi процесстар өтедi. Ұша нашар қанталаған,
лимфа түйiндерi ісiген, үлкейген, қызарған, қанталаған және жансызданған орындары бар,
күлгiн-түстi болады. Көп жағдайларда iшкi мүшелерi қанталаған және қызарған (бауыр,
бүйректер, өпкелер). Бауыр үлкейген, босаған қара-қоңыр түстi. Өт қабы қанталаған. Өте
қатты уланған жағдайда өкпелер ісiген ателектаза ошақтары кездеседi. Бүйректер
босаған, қабатты және милы қыртыстары арасында шекара жойылған. Кiлегей және сiрi
қабықтарында iсiк процестері, қанталау, жансыздану және қотырлану жүруi мүмкiн.
Санитариялық бағалау. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған
кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан): сары фосфор,
пропазин, гептахлор, дихлоральмочевина, полихлоркамфен, альдрин, ТМТД, ДДВФ,
цинебаны, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, карбофос, құрамында сынабы
бар пестицидтар, мышьяк кiретiн препараттар және гербицидтер.
Етте рұқсат етiлген санынан төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын
анықтайтын арнайы тәсiлдердiң сезiмдiгiнен төрт есе көп болса, ет малға құрғақ азық
өңделуге жiберiледi.
Бұлшық еттiң тканінде улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса етiн қайнатады,
iшкi мүшелердi, желiндi және мыйын утилдейдi. Жануарлар фтордың препараттармен,
цинк пен мыстың тұздарымен, хлорды натрий мен калиймен, қышқылдар мен сiлтiмен,
газды заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұнықтырғыш газ, хлор және т.б.),
мочевинамен алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн
өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселер немесе iшек-
қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ
тұқымдастары, вехпен уланған ет және сойыстың басқа өнiмдерi бактериологиялық, қажет
болса физико-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға
алынғаннан кейiн бағаланады.
Нитрат пен нитраттармен улану.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Қанның ашық
қызылдан қара-қоңыр түске боялуы белгiсi өктем болады.
Кiлегей кеңiрдек және кеңiрдек тарамы қара-қоңыр түспен
қанталайды, осыдан қанмен көпiрген сұйықтың жиналуы
пайда болады. Өкпелер ісiген, жүрек үлкейген эпикард пен
эндокардтың асты қанталайды. Асқазан астының клегей
қабығы қызарған, некроз ошақтары болады және
қанталайды. Тыртықтың қабырғасында кең жайылған
инфильтраттар болады. Бұлшық ет ашық-қызыл болады.
Санитариялық бағалау. Уланған жануарларды союға
клиникалық жазылудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат
етiледi. Амалсыз сойылған малдардың етi нитритпен нитрат
мөлшерiнiң қалдығы анықталуымен бiрге бактериологииялық
және биохимииялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық
зерттеу жағымсыз нәтиже берген және 100 мг/кг нитраттың
немесе 10 мг/кг нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда
ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi көп болса
еттi 5-рет сау малдардың етiмен араластырып қайнатылған
шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шараны орындауға
мүмкiндiк болмаса еттi утилдейдi.
Малдардың радиациямен зақымдануы. Радиоактивтiк заттармен зақымданған жерлерде
малдар үш түрлi саулелi зақымдану қабылдауы мүмкiн:
1) сыртқы гамма- облучениясы, дозасына байланысты әр түрлi дәрежедегi сәулелi
аурулар;
2) жеңiл бетта сәулесiнiң әсерi - сәулелер терiнi жарақаттайды;
3) азықпен, сумен, ауамен организмнiң iшiне реактивтiк заттардың кiруiнiң нәтижесi - iшкi
сәулеге түсуi.
Iшкi және сыртқы сәулелер зардабы бiрдей болуы мүмкiн, тағы да комбинациялық
жануарларды зақымдау, қашан сәулелерге күйiктер қосылады, жарақат және т.б.
Сәуле ауруы. Зақымдану дәрежесiне қарай жеңiл түрi 150-250 P дозада іштей
зақымданғанда, орташа 250-400 P доза, ауыр түрi 400-750 Р және өте ауыр түрi 750 Р доза
алғанда.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жасырылған мезгiлде қанталағаны байқалады бүкiл
мүшелерде және тканьдерде, ашық жерлерiнде қаптаған қанталауы байқаладi. Лимфа
түйiндерi ісiген. Сүйектiң майы табиғи емес. Көк бауыр босап атрофияға ұшырайды, пулпа
қанталаған Өкпенiң үлкею қанталауы байқалады, геморрагиялық пневмония.
Бауырда дегенеративтiк-жансызданған өзгерiстер байқалады, кей кезде майлы дистрофия
және жансызданған ошақтар болады. Бүйрек қанталанған. Терi асты клетчаткаларында
нүктелi және жайылған қанталауы, жарақатталған жерлерде - үлкен қан тамырлардағы iсiк.
Аурудан жазылған мезгiлде (тәуір болғанда) әр түрлi мөлшерлерде және тканьдарда
қанталаған iздерi табылады, ашық дақ, түстi дақтар (гемосидерин жиналған). Ал
жансызданған жерлерде - жарақаттар жазылуы процестері көрiнедi.
Санитариялық бағалау. Орта және ауыр дәрежеде радиоактивтi заттармен зақымданған,
сәулелi аурулардың патологоанотомиялық өзгерiсi бар кезде сойылған малдардың еттерiн
лажсыз сойылған мал еттерiндей бағалайды, мiндеттi түрде бактериологиялық және
радиометриялық зерттеулер жүргiзедi. Iшкi және жеңiл облучения алған малдардың
ұшаларымен одан алынған өнiмдерге радиометрия жүргiзедi. Радиометрияның қорытындысы
бойынша, егерде оларда патологиялық өзгерiстер болмаса 2 топқа бөледi:
1) тамақ өнiмдерi радиоактивтi заттармен зақымданғанда концентрациясы нормадан
аспаса кедергiсiз жiберiледi;
2) нормадан асып кетсе дезактивацияға (еттi сүйектен бөлiп алу, қайнату, тұздау және
ұзақ уақыт мұздату) қайталап радиометрия жүргiзедi.
Нормаға сай емес ет. Өзiне тән иiсiмен дәмi жоқ ет. Малдың рационына сояр
алдында қызылша, репа, брюква және т.б. кiрсе еттке солардың бөтен дәмi сiңуi
мүмкiн немесе ащы жусан балық және олардың қалдықтары, бұзылған жемдер.
Қайнатқан кезде иiс үдей түседi. Жынысты жетiлген, пiштiрiлмеген немесе сояр
алдында ғана пiштiрiлген еркек малдарда жағымсыз иiс болады; ешкiлерде терiнiң
иiсi; хряктарда - зәрдiң, бұқаларда - чесноктың. Еттердегi жағымсыз иiспен дәм әр
түрлi патологиялық құбылыстар кезiнде болуы мүмкiн (флегмонада, перикардитта,
нефритта) және иiстi препараттарды қолданғанда, немесе еттердi иiстi заттардың
қасында сақтағанда (нефтепродуктолар, химиялық заттар).
Санитариялық бағалау. Етте балықтың иiсi болса, 48 сағат өткенше кетпейтiн,
зәрдiң, дәрi дармектердiң және басқа заттардың иiстерi, етке тән емес, қайнатқанда
кетпейтiн болса, ұшаны және iшкi мүшелердi - утилдейдi.
1) Етке тән емес түс (липохроматоз). Ет майларының түсiнiң сарғайуы. Қою-сары
түс кәрi малдардың етiне тән (әсiресе жылқылар мен iрi қара малда),
физиологиялық нормаға сәйкес келедi. Сонымен қатар, қою-сары майдың түсi
каротинға бай өсiмдiктермен қоректенгенде байқалады, және жазғы жайлау
кезiнде. Бұл кезде қою-сары майдың түсi еттiң сапасына әсер етпейдi. Сары-аурумен
зақымданған малдардың майдан басқа етте де тканьдерде шұбар дақтар
биллирубин және билливердин пайда болады, патологиялық процестi дәлелдейдi.
Санитариялық бағалау. Ұша және мал союдан алынған өнiмдер жасына қарай
және азықтық түсiне қарай сары болып, басқа патологиялық өзгерiстерi болмаса еш
бiр шек қойылмай-ақ жiберiледi. Екi тәулiк бойы кетпейтiн, азықтық емес табиғи
емес сары түске бояулы тканьдары бар ұша мен iшкi мүшелер жойылады.
2) Күрең түс (Лилапоз) iрi және ұсақ малдың тканьдерiнде меланин пигментiнiң
қабаттануынан пайда болады. Меланин пигментi көбiне бауырда, өкпеде, лимфа
түйiндерде және тер асты клетчаткаларында қабаттанады.
Меланоз жұққан бөлек мүшелердi жойып, ұшаны еш бiр шек қойылмай-ақ
жiбередi.
Құрамында бөгде денелер бар ет - қойдың дерматоид сары суы (селеу тұқымы
бұлшық eттepдe ақ балшық тұздары).
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Қойдың тер асты клетчаткасында iрiңдеген
немесе капсуламен қоршалған селеу тiкенктерi көп болады. Зақымданған бұлшық
еттер ісiген, қанталаған, лимфа түйiндерi үлкейген және селеу бөлшектерiнен
тұрады. Жүрек бұлшық етi ісiген, қанталаған, бауыр үлкейген, босаған, шие-қызыл
түстi, кей кездерiнде iрiңдеген болады.
Санитариялық бағалау. Ақ балшықтың қыртысы бар және құрамында бөгде
денелерi бар мүшелердi және бұлшық еттiң бөлек бөлшектерiн утилдейдi.
Капсуламен қоршалған дерматоид селеулердi алып тастайды, ұша мен мүшелердi
кедергiсiз жiбередi. Селеу тiкенектерiмен қатты жарақатталған iшiнде абсцесс
немесе басқа iсiк өзгерiстерi болса қойлардың ұшасын утилдейдi.
Арықтаған жүдеген жануарлардың етi.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Арықтағанда ұшаның семiздiлiгi жойылады,
майлы тканның iзi немесе оның жоқтығы бұлшық еттердiң азғындағаны байқалады,
бұлшық еттер семiп қалады, бұл жағдай қандайда бiр ауруларға байланысты
болмауы мүмкiн. Патологиялық өзгерiстер бұлшық етте, мүшелерде жоқ. Өте
арықтаған еттерде сальмонеллдар болуы мүмкiн.
Санитариялық бағалау. Бұлшық етте және май жиналған орындарда жалқаяқ
жыйналса, арықтау себебiне байланысты емес немесе бұлшық еттер семiп не
азғындап қалса және бездер iсiнген жағдайларда ұша және iшкi органдар жарамсыз
деп есептеледi.
Аруға жақын еттер бактериологиялық сараптаудан өткеннен кейiн бағаланады.
Союға жетiлмеген бұзау, қозы, торай еттерi. 14 күндiк жас мал еттерi дәмсiз
тағамға пайдаланғанда ас-қорыту мүшелерiнiң жұмыс қызметiн бұзуы мүмкiн.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Бұлшық еттерiнiң түсi бозғылт, босаң, сулы,
жетiлмеген, әсiресе сауырынмен, сан еттерi, бүйрегi жетiлмеген, кесiндiсi айқын
көгiлдiр.
Санитариялық бағалау. Жетiлмеген жас малдың етi утилденедi.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz