Жабайы, кәсіби құс еттерін ВСС
Презентация қосу
Жабайы, кәсіби
құс еттерін ВСС
Орындаған: Өмірбекова М.
Тексерген: Жаңабаева Д.К.
Жоспары:
1. Құс еті туралы жалпы түсінік.
2. Құстардың жұқпалы ауруларын алдын
алу және жою шаралары.
3. Құс етін тасымалдау.
3. Әртүрлi инфекциялық және басқа
аурулар кезінде құс еттерiн және iшкi
мүшелерін санитариялық бағалау.
Құс еті— әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан
бағалы жеңіл ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап
дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де
халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық
неғұрлым бағалы заты —белок; бройлер етінде ол
санатына қарай — 17,6—19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%,
бөдене етінде 18,0 %. Құс етіндегі амин қышқылының
құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп
болады. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды,
қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне
қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы
витаминдермол болады. Онда минералдық элементтер де
(ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес.
Басқа кез келген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді,
бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет
тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер
еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма
тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%). Олар,
әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар
әзірлейді.
Тауықетінде
Тауық етінің(күркетауық
пайдасы еті де өте
ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте
аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі
жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында
сирек кездесетін қышқылдар және
қанықпаған май қышқылдары көп. Олар
тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек
жолында тез қорытылады.
Құс етінің құрамында В, Н, РР
дәрумендері, калий, магний, натрий,
темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс
секілді минералды заттар бар.
Диетологтардың көбі адамның
қалыптасып қалған тамақтану үрдісін
өзгерту керек дегенді айтады.
Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр,
тіпті жылқы етінің орнына тауық пен
балық етін жеп тұрған жөн деп
санайды. Ең бастысы, құрамындағы
холестерин мен липотропты заттар
жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен
айырмашылығы жоқ.
Көпшілік қауым тауық етінен
даярланған тағамдарға
тән иістерді ұната бермейді,
ал кейбірі оны зиян деп жатады.
Бұл күмәніңіздің де жөні бар.
Өйткені, аталған иіс глютамин
қышқылының, эфир
майларының, азоты бар
экстактивті заттардың, әсіресе
пуринді негіздердің әсерінен
болып келеді екен. Сондықтан
тауық сорпасын, қуырылған
тауықты балалар мен
қарттардың емдәмінде ғана
емес, күнделікті
тағамдарыңызда да шектеулі
түрде пайдаланғаныңыз дұрыс.
Терісі сыпырылған қайнатылған
тауық етін қатаң емдәмдерде
ғана жеуге болады. Ал тауық
балапанын тек қайнатылған
күйде ұсынған жөн.
Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары
туралы ережесі
Құстардың Ньюкасла ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез
таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын жолы органдарының және
орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай
өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген вакцинацияланған құстарда
аурудың айқын және патологиялық-анатомиялық белгілері көрінбеуі
мүмкін.
Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және жабайы құстары
шалдыққыш келеді (тауықтар, цесаркалар, түйе құстар, фазандар,
павлиндер).
Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына жататын вирус.
Індеттің көзі ауру құстар және аурудың инкубациялық кезеңіндегі
жұқтырып алған құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7 күн
аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10 күнге дейін). Ауру құстар сыртқы
ортаға негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен және нәжісімен вирус
бөледі.
Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан алынған
залалсыздандырылмаған құс өнімдері және шикізаттары болуы мүмкін
(жұмыртқа, ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың
бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар, қызмет етуші кісілердің
киімі және аяқ киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы оларда ұзақ
уақыт сақталынуға қабілетті.
Ньюкасла ауруын алдын алу шаралары
Ньюкасла ауруынан сақтануды ескерту үшін құс
фабрикаларының немесе құс фермаларының (бұдан әрі - Құс
шаруашылығы) әкімшілігі және құс иелері, осы Ережеде
қарастырылған шараларды орындауға міндетті.
Құс шаруашылығының және де мемлекеттік ветеринариялық
саланың мекемелерінің ветеринариялық мамандары міндетті:
1) қамтамасыз етуші шаруашылықтарда, елді-мекен
бекеттерінде арнайы ветеринариялық шараларды жүргізуді
ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелі түрде
бақылау жүргізуге;
2) құс қораларын және құрал-саймандарды едкий натрияның
(1,5%-ті), хлорлы известің (3%-ті), креолиннің (5%-ті)
ерітінділерімен дезинфекцияға. Бір мезгілде аэрозолдық
дезинфекция жүргізуге;
3) ньюкасла ауруына қарсы алдын алу вакцинациясын
жүргізетін құс шаруашылықтарында, егілген құста иммунитеттің
тұрақтылығына бақылау тағайындауға.
Осы ауру бойынша аурудан таза шаруашылықтарда
(аймақтарда) құстарды ньюкасла ауруына қарсы егудің
мақсаттылығы, эпизоотиялық жағдайға байланысты
облыстардың (аудандардың, қалалардың) Бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторларымен анықталады.
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
Құстардың ньюкасла ауруынан таза емес құс шаруашылығында ауруды жоюда келесі
шаралар жүргізіледі:
1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, аурудан таза
емес құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсілмен өлтіріледі және
жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетпеуіне және жайылмауына жол
берілмеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы
желдеткіш сөндіріледі, терезелер және есіктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы
жеткілікті балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз
тәсілмен өлтіріледі және тек ауру немесе ауруға күдікті құстардың көздері жойылады;
2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егерде
барлық құстарды етке союмен қамтамасыз етудің мүмкіншілігі болмаған жағдайда - оларды
ньюкасла ауруына қарсы егеді. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс
шаруашылығынан карантинді алуға дейін, 2 аптадан кешіктірмей етке тапсыру қажет;
3) тұтас еттер қайнатылады және осы шаруашылықтың ішінде халыққа тамаққа
қолданылады;
4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас еттері облыстың ішіндегі жақын
орналасқан ас дайындаушы кәсіпорындарына өндірістік қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін
немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жіберіледі;
5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-
санитариялық жағдайларды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерді, құрал-
саймандарды, жабдықтарды дезинфекция жүргізе отырып жүзеге асырады;
6) клиникалық сау құстарды етке сою кезінде алынған түк-мамық және қауырсындарды
дезинфекцияланады;
7) ньюкасла ауруы шыққанға дейінгі және карантин кезеңіндегі алынған жұмыртқаларды
10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және аурудан таза емес шаруашылықтың ішінде
тағамға қолданылады;
8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсілмен
дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлік
тағамдарға қолдануға, облыс ішіндегі тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарына тасымалдап
шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының жайылып таралып кетуін
болдырмау үшін шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлікті, жұмыс киімдері және аяқ
Құстардың шешек ауруын алдын алу
және жою шаралары туралы ережесі
Құстардың шешегі (шешек-дифтерит) - ірі эпителиотропты
сүзгіден өтуші вирус туғызатын, теріде өзіне тән шешектік
өзгерістердің пайда болуымен және ауыз, жоғары тыныс
жолдарының кілегей қабықтарының дифтероидтық
бұзылуымен сипатталатын контагиоздық ауру.
Вирустың үш түрі кездеседі: тауық шешегі, көгершін
шешегі және канареек шешегі. Тауық шешегінің
вирусымен ауыратындар: тауықтар, түйе құстар,
фазандар, цесаркалар, павлиндер және басқа құстар.
Індеттің көзіне ауру және ауырып жазылған құстар
(ауырып жазылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде), шешек
вирусымен залалданған жұмыртқалар, түк-мамықтары
және қауырсындары, топырақ, азық, су, құралдар және
қызметкерлердің жұмыс киімдері жатады. Ауруды
таратушы үй және жабайы құстар, және де кеміргіштер,
шыбын-шіркейлер (кенелер, шыбындар, бүргелер,
масалар) бола алады.
Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары
Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында
(бұдан әрі - Құс шаруашылығы) ветеринариялық-
санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа
бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият
дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі.
Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың
осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына шешекке
қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.
Құс қораларына және жабдықтарына толық
санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-
алу үзілісі іске асырылады.
Құстардың шешегін алдын алу үшін, осы ауруға,
құс шешегіне қарсы вирус-вакцинасын оны қолдану
нұсқаулығының ережелерін сақтай отырып егеді.
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
Құс шешегінен таза емес бекетте:
құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру
және ауруға күдікті, және де әлсіз құстар сол құс шаруашылығының
санитариялық ет сою бекетінде етке сойылады;
бұндай құстарды етке өткізу үшін етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға
тасымалдап апаруға тиым салынады;
қалған, аурудың клиникалық белгілері жоқ жартылай сау құстарды,
экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе етті қайта өңдеуші
кәсіпорындарға өткізуге ұсынады;
құс етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі. Бұндай
жағдайда ауру құстарды союдан алынған тұтас еттерді тасымалдап шығару
және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткізілгеннен кейін ғана
рұқсат етіледі. Сондай-ақ алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас еттер,
құс шаруашылығының ішінде де сатылуға рұқсат етілмейді. Құс
шаруашылықтарында немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың
үлкен партиясын етке сою кезінде, эпизоотиялық жағдайды ескере отырып,
ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының
рұқсатымен, құстардың тұтас еттері тиісті облыстың ішіндегі жақын
орналасқан ас мәзірлерін дайындаушы кәсіпорындарына тасымалданады;
ауру және ауруға күдікті құстарды етке сою кезіндегі алынған түк-
мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтің сілтілік ерітіндісіне (едкий
натрийінің 1%-ерітіндісіндегі 3%-формальдегид) 1 сағат батырып ұстау
арқылы дезинфекциялайды, және түк өңдеуші кәсіпорындарына екі рет
қапталып, ыдысқа салынып тасымалдауға шығарылады және ветеринариялық
куәлікте (анықтама) шаруашылықтың шешектен таза екендігі туралы
көрсетіледі;
Құс етін кедендік одақтың аумағында жəне
(немесе) тараптар арасында тасымалдау
(орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын
ветеринарлық талаптар.
Кедендік одақтың аумағына тараптар арасында
тасымалдауға дені сау сойыс құстары жіберіледі.
Кедендік одақтың аумағына экспортқа жіберілетін
құстар мен ет жəне басқа да азықтық ет
шикізаттары, сояр алды ветеринарлық қарауға
жатады, ал ұшалар ішкі мүшелері сойыстан кейінгі
ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады.
Ет жəне басқа да еттен жасалған өнімдер адамға
тағамдық қолданысқа жарамды жəне таңбаланған
болу керек. Таңбалау этикеткасы жақсы
жабыстырылу керек, қорапты бұзған немесе ашқан
кезде, таңбалық этикеткаға зақым келмеуі керек.
Ет жəне басқа да ет шикізаты дені сау сойыс құстардан
алыну керек, аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес шаруашылықтан
немесе əкімшілік аумағынан шығарылады, аталған жұқпалы
ауруларға жататындары: – орнитоз бойынша (пситтакозға) –
тауық жəне күрке тауықтар шаруашылықтарында, шаруашылық
аумағында соңғы 6 ай бойы; – құс тұмауы – ХЭБ Кодексіне сəйкес
міндетті түрде декларацияланған соңғы 6 ай бойы; – тұмаудың
басқа түрлері – шаруашылықта соңғы 3 ай бойы; – құстардың
Ньюкасл ауруы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында
немесе əкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы; – үйрек пен қаз
шаруашылықтары – Держи ауруына, үйрек балапандарының
вирусты гепатитіне, орнитоз – шаруашылықта соңғы 6 ай бойы;
ХЭБ Кодексі талабына сəйкес союға жіберілетін құстар
сальмонелезден таза шаруашылықтарынан шығарылу керек.
Құс еттерінде табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік
гормоналдық заттар, тиреостатикалық препараттар, антибио-
тиктер, пестицидттер жəне басқа дəрі-дəрмекті заттар болмауы
керек. Еттің микробиологиялық, физико-химиялық, химико-
токсикологиялық жəне радиологиялық көрсеткіштері кедендік
одақтың аумағында белгіленген ветеринарлық-санитарлық
талаптарға немесе ережелерге сай болуы керек.
Әртүрлi инфекциялық және
басқа аурулар кезінде
құс еттерiн және iшкi
мүшелерін санитариялық
бағалау
Туберкулез. Iшкi мүшелер
зақымданса және ұша арық
болса, жойылады. Егер де
кейбiр мүшелер зақымданса,
бiрақ ұшаның қоңдылығы
жақсы болса, iшкi мүшелер
жойылады, ал ұшаны пiсiрiп
шығарады. Туберкулинге оң
нәтиже берген құстың
ұшалары, туберкулезге
шалдыққаны болмаса пiсiрiп
шығарады немесе консервi
жасауға жiберiледi. Түбiтi мен
қауырсыны залалсызданады
Сальмонеллез. Iшкi мүшелері өтелдеуге жiберiледi, ұшасы
пiсiрiледi немесе консервi жасауға жiберiледi.
Орнитоз (Пситтакоз) Iшкi мүшелері өтелденеді, ұшалары
пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.
Пуллороз-тиф. Кеуде асқазан қуыстарында қан болса не
перитонит болса, ұша iшкi мүшелермен бiрге өтелденеді. Егер етiнде
өзгерiстер болмаса, тек қана зақымданған мүшелерді өтелдейді, ал
ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi.
Листериоз. Басы және зақымданған мүшелері жойылады,
ұшалары және сау мүшелері пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны
жойылады.
Колибактериоз. Ұшаларында және iшкi мүшелерінде
патологоанатомиялық өзгерiстер болса өтелденеді,
(перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит). Егер өзгерiстер
тек қана iшкi мүшелерінде болса олар жойылады, ұшалары пiсiрiледi
не консерв жасауға жiберiледi.
Стафилакоккоз. Зақымдану ұлғайып кетсе (мүшелерінде
патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс), ұшалары
мен iшкi мүшелері жойылады. Тек қана буыны зақымданса, ол
өтелденеді, ал ұшалары пiсiрiлiп шығарылады.
Стрептококкоз. Ұшалары мен iшкi мүшелері жойылады.
Ботулизм. Ұшалары, iшкi мүшелері, түбiтi және қауырсындары
жойылады.
Тілме. Ұшалары мен iшкi мүшелерінде
патологоанатомиялық өзгерiстер болса, өтелденеді. Бұлшық
еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi мүшелері жойылады,
ұшалары пiсiрiледi.
Пастереллез. Ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi
жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
Некробактериоз (инфекциялық синусит). Септикалық
өзгерiстер болса, iшкi мүшелері ұшасымен өтелдеуге жібереді.
Тек қана басы мен мойны зақымданса, оларды жойып, ұшалары
шектеусiз шығарылады.
Инфекциялық бронхит. Инфекциялық ларинготрахеит.
Зақымданған iшкi мүшелері мен ұшаның бөлшегi жойылады,
өзгерiстер жоқ болса, ұшалары мен мүшелері пiсiрiледi немесе
ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны
дезинфекцияланады.
Лейкоз. Марек ауруы. Iсiктер. Ұлғайған процестер болып не
терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш
тартса, зақымданған көлемiне қарамастан, ұшалары және iшкi
мүшелері өтелденеді. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не
патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi
мүшелерде зақымдану аз болса, оларды кәдеге жаратады, ал
ұшаларын пiсiреді не консервi дайындайды. Марек ауруында
түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
Ньюкасл ауруы. Ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
Ауруға шалдыққаны күдiктi, бiрақ патологиялық өзгерiстерi жоқ
болса, ұшаларын және жарамды iшкi мүшелерін пiсiредi. Түбiтi мен
қауырсынын жояды.
Күл. Жайылып кеткен процестерде ұшалары iшкi мүшелерімен
бiрге кәдеге жаратылады. Тек қана басы зақымданса, оны кәдеге
жаратып, ұшалары мен мүшелерін пiсiредi не консервi дайындауға
жiбередi.
Спирохетоз. Арық не iшкi мүшелерінде патологиялық
өзгерiстер болса, ұшасы iшкi мүшелерімен кәдеге жаратылады.
Микоплазмоз. Ауа қуысы қалталарында фибриндi өзгерiстер
болса, ұшаларын кәдеге жаратады. Ондай өзгерiстер болмаса,
басы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi.
Авитаминоздар. Ұшалары мен iшкi мүшелері арық болса кәдеге
жаратылуға жiберiледi.
Перитонит. Диффузды перитонит болып, iшкi мүшелер
зақымданса, кеуде асқазан қуысында серозды фибриндi не iрiңдi
сарысу болса, ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Iшкi
мүшелерде, плеврада, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы
қабыну болған кезде, зақымданған мүшелер кәдеге жаратылып,
ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады.
Энтерогепатит. Зақымданған мүшелері (бауыр, қарын,
жемсау) кәдеге жаратылады, ал ұшалары шектеусiз
пайдаланылады.
Жарақат. Абсцестер. Ұшаларда жарақаттану салдарынан
болған iрiңдi iсiк, патологиялық өзгерiстер болған мүшелерi, ал
зақымдану үлкен болса, ұшалар iшкi мүшелермен бiрге
өтелдеуге жіберіледі. Зақымдану көлемi азғантай болса,
тазартқаннан кейiн ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға
жiберiледi не пiсiрiледi.
Жарақат жақында ғана түскен болса және жақында ғана
аз ғана қан шыққан болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған
жағдайда, қан сіңген не iсiнген бөлiктерi өтелдеуге жіберіліп,
ұшаның қалған бөлшектерi шектеусiз өндiрiстiк өңдеуге
жiберiледi.
Бас қотыры. Басы мен мойынын жояды, ұшасын шектеусiз
пайдалануға жiбередi.
Арықтау. Бұлшық еттерде май жиналатын жерлерде
жалқаяқ пайда болып, бұлшық еттер семiп және құрғақтап
кетсе (сүйектерi шығып тұрса), сондай-ақ еттерi, айдары мен
сырғалығы боз немесе көкшiл тартса, ұшасын iшкi
мүшелерімен қоса жояды.
Бөгде иiстер. Тауық етiне тән емес дәрi-дәрмектердiң не
басқа заттардың иiсi болса, ұшасы және iшкi мүшелері
жойылады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz