Дезинсекция жұмыстарын жүргізу
Презентация қосу
Дезинсекция
жұмыстарын
жүргізу
Орындаған: Маратқызы Б. 405 б
Қабылдаған: Ешмухаметов А.Е.
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез... және лат. іnsecta – жәндік) –
ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді
жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет
комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын
малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі.
Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып,
тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-
өнуіне, көбеюіне жол бермеу.
Дезинсекцияның әдістері:
Физикалық;
Механикалық;
Химиялық;
Биологиялық.
Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу,
жоғары тербелісті ультраток, иондаушы с әулелердің әсерін пайдалану ар қылы ұса қ
жәндіктерді жояды.
Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай к өң- қо қыстан
тазартылады.
Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ,
гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, к үкіртті газ, т.б.) қолданылады.
Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер
пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарыны ң бекітуімен белгіленген
ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар
орындалады.Дезинсекциялы қ заттарды қолданылу айма ғы мен шарттары оны ң улылы ғы
мен қауіптлік дәрежесі бойынша аны қталады.Мысалы:
1. Аса қауіпті (1-сыныпты) заттар – жабық бөлмелерде қолдану ға тиым салынады.
2. Қауіптілігі жоғары (2- сыныпты) заттар –тұрмыстық жа ғдайда қолдану ға болмайды.
Бұдан басқа жерлерде тек арнайы білікті маманның қатысуымен жасалуы
керек.Соңынан міндетті түрде желдету ж әне жинау ж ұмыстары ж үргізілуі тиіс.
3. Қауіпті (3- сыныпты) заттар- кез-келген б өлме жа ғдайында маманны ң қатысуымен
қолданылады.
4. Қауіптілігі аз (4- сыныпты) заттар- ешқандай шектеусіз жа ғдайда қолданылады.
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар:
Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналы қ
талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы ж ұмыс қа
босатылады.
Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге
құқылы болып табылады.
Жұмысқа кіріспес бүрын қызметкер арнай оқу-т әжірибеден өтке ж әне де
еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен е ңбек стажы болуы
керек.
Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялы қ білімін кем
дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
Дезинсекциялық және репеллентті заттармен ж ұмыс істегуге еш қандай
заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам та ғайындалады.
Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы
талаптарына сай арнай киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен
(СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Өңделмеген жеке бас қауіпсіздік заттарымен жұмыс істеге тиым салынады.
Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу
кезінде мынадай ережелерді сақтау керек:
Міндетті түрде арнайы киім кию және де
жеке бас қауіпсіздік заттары:халат, аяқ киім,
респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию
қажет.
Ерітінді, эмульсия, суспензия,приманкаларды
дайындау кезінде әр түрлі респираторлар
қолдану.
Жаймаларды дезинсекциялық заттармен
өңдеу жұмыстарын жеке бас қауіпсіздік
заттарын қолдана отырып, бөлмеден тыс
немесе арнайы тартпалы желдеткішпен
жабдықталған бөлмеде жүргізу керек.
Дезинсекциялық заттардың теріге,
шырышты қабықтарға түсіп кетпеуіне жол
бермеу керек.
Жүргізілетін орынға байланысты:
далалық дезинсекция – адамдар және жануарлар болатын
жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қан сорғыш
жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елдімекен
шегінде қан сорғыш жәндіктер мен кенелерді жою;
кенттік дезинсекция – елдімекен шегінде зиянды жәндіктерді,
кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру
жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан
басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялы қ-эпидемиологиялы қ қызмет
органдары жүзеге асырады.
Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына, объектілердің орналасу деңгейіне және
қолданылатын дезқұралдардың сипатына қарай айқындалады.
Өңдеуді не жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей, не содан кейін бірден жүргізу қажет.
Кенттік дезинсекцияның тиімділігінің негізгі көрсеткіштері жәндіктерден тазартылған ауданны ң
артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтарының болмауы және
сандарының азаюы болып есептелінеді.
Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де бай қалмаса,
объект «жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатады. Тірі бір жәндік табылған жағдайда
объект «таза емес» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.
Егер объектінің ауданының кемінде 20%-ында жекелеген жәндіктер мен оларды ң жиналуы
анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салын ған объектілерге) ж әндіктерді ң
орналасуы жоғары деңгейде болып есептеледі.
Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе ал ғашқы генерациясы алдында
тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу тәулік бойы ж үргізіледі.
Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады.
Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқыс жинағыштарды ң,
кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт
төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 сантиметр (бұдан әрі - см) және 80 см-ден
астам қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
Жәндіктерге және басқа буынаяқтылар ға қарсы өңдеуді ң 3 т үрі
қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналас қан барлық үй-
жайларда және оларға іргелес аума қтарда кенттік дезинсекция кезінде
жүргізіледі;
2) кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қор ғаныш
аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктерді ң кіруіне кедергі
келтіретін кедергіні құру қажет болған жа ғдайда ж үргізіледі. Б ұл ретте,
ашық стациялардағы, кеміргіштерді ң індеріндегі, ашы қ су қоймаларында ғы
және т.б. өсімдіктер өңделеді. Кедергілік айма қты ң ені нысаналы т үрлерді ң
экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-а қ
жәндіктердің елдімекенге тереңдей кіруіне байланысты ай қындалады.
3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және
оған іргелес аумақтағы дезинсекциялау. Таралуына ж әндіктер қатысатын
имнфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі.
Жүйелі деларвациялық (шыбындарды ң дернәсілдері мен қуырша қтарына қарсы
бағытталған) жұмыстар көктемде дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясыны ң І ж әне
ІІ сатыларының пайда болуы кезінде басталады ж әне ол жаз бойы жал ғасады. Қо қыста ғы,
қидағы, топырақтағы дернәсілдер мен шыбын дерн әсілдерін жою үшін ерітінділер т үрінде
инсектицидтер, субстраттың тереңдігіне ену үшін эмульсия қолданылады.
Шыбын-шіркей компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашы қ айма қтарды өңдеу
кезінде жағалауға жақын су қоймаларына, қорғалатын объект аумағында ғы (елді
мекендегі, көп адам жұмыс жасайтын жерлердегі), сонымен қатар оны ң айналасында ғы
(қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшаф қа,
аумақта өсімдіктің көп шығуына, шыбын-шіркейдің ұшу қашы қтығына байланысты
қорғаныш аймағының ені 1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.
Шыбындарға қарсы орындалған іс-шараларды ң тиімділігін ба ғалау критерийі
шыбындардың экзофильді және бөлмедегі түрлеріні ң саныны ң мерзімдік к өрсеткіші
болып табылады. Бөлмедегі шыбындар саныны ң қалаларда ғы орташа мерзімдік к өрсеткіші
бір жабысқақ стандарт параққа бір данадан (т әулігіне), экзофильді шыбындар – бір шыбын
ұстағышқа 3-5 данадан, ал ауылдық жерлер үшін – сәйкесінше 5 ж әне 20 данадан келеді.
Сандық есеп шыбындардың белсенділік кезе ңінде 3-10 к үнде бір рет т әулік бойы
жүргізіледі, бөлмелерде 20 шаршы метрге 1 жолақ есебі бойынша жабыс қа қ жола қтар
көмегімен жүргізіледі, ал көбею орындарында торлы шыбын ұста ғышпен аулау ар қылы
жүргізіледі. Қанатты шыбындар болмаған кезде тиімділік орташа деп есептеледі, орташа
саны 1 жабысқақ стандарт қағазына 1 данадан (бір тәулікте) к өп болмаса, тиімділік
қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер
мен ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларыны ң тиімділігін ба қылауды мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялы қ қызмет мамандары осы Санитариялы қ
қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындарды ң, сондай-а қ к өбею
орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтарды ң санын есепке алу ар қылы ж үргізіледі.
Елдімекендегі қызмет ететін объектілердің кемінде 5 % есепке алыну ға жат қызылады.
Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізуде бір ай ішінде ж әндіктер
табылмаса, онда жою шараларын жүргізу тоқтатылады.
Дернәсілдерге қарсы іс-шаралардың тиімділігінің негізгі к өрсеткіші қор ғал ған
объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масаларды ң дерн әсілдері мен
имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөлені ң 1 м 2-де қанатты
масалардың 1 дарадан аспауы тиіс.
Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштерді ң індерін өңдеуде
жүргізілген шыбын-шіркейге және кенелерге қарсы іс-шараларды ң тиімділігін ба ғалау
критерийі дезинсекциялауға (декаризацияға) жататын аума қты 100% қамты ған кезде
өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80%-ы қырылуы
болып табылады.
Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс- шараларды ң тиімділігін ба ғалау кезінде еденні ң
үстіне 10 м2-ге 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайданылады. Егер
тәулік бойы бір қағазға екі бүргеден арты қ түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып
есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, – «бүрге к өп», ал 10-нан арты қ б үрге кездессе,
«бүрге өте көп» деп саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz