Кеміргіштерге қарсы дератизациялау: әдістері, ұйымдастыруы және тиімділікті бағалау


Slide 1

Дератизация жұмыстарын жүргізу

Орындаған: Маратқызы Б. 405 б

Қабылдаған: Ешмухаметов А. Е.

Slide 2

Дератизация (де . . . және лат. rat - егеуқұйрық) - індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т. б. ) қарсы күрес.

Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б. ) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. тазалық ережелері мұқият сақталуы керек.

Slide 3

Дератизация әдістері:

Механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т. б. ) ;

Биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану) ;

Химиялық (улы зат, газдар пайдалану) . Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т. б. пайдаланылады.

Slide 4 Slide 5

Мақсаты: Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштері бар объектілерден оларды тазарту немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін және экономикалық жағынан шығын келтірмейтін минимальды деңгейде кеміргіштердің санын тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады. Кенттік дератизациялау мынандай түрлерге бөлінеді:

1) жаппай дератизациялау - елдімекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елдімекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;

2) ошақтық дератизациялау - инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына жәндіктер қатысатын инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;

3) іріктеп дератизациялау - жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.

Slide 6

Дератизациялауды улы жем шашу, тозаңдату, газ жіберу әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық тәсілдер арқылы жүргізеді. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен, дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.

Профилакткиалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдалынатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау - жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес шашылады; балаларға қолжетімді балалар ұйымдарының үй-жайларында улы қармақжемді шашуға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою механикалық әдістермен жүргізіледі.

Slide 7

Дератизациялау құралдарының сыртқы пішінінің тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препаратттардан айырмашылығы болуы тиіс. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәнін және басқа да өнімдерді пайдалануға тыйым салынады. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет. Ашық аумақтарда улы қармақжемдер тек жасырын шашылады және балаларға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімді болмауы тиіс. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы қоспаларды қолдана отырып, барынша механикаландырылуы тиіс, улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау жұмыстары сорып-шығаратын жүйені қолдану және нақты дератизациялау құралдарына арналған нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі. Қармақжемдерді дайындайтын жұмыс үй-жаларында ауада родентицидтің әсер ететін заттары болуына мерзімдік бақылау жүргізіледі. Ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы (соның ішінде дәнді) улы қармақжемдерді қолдануға және дуст түріндегі дератизациялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Slide 8

Дератизацияның тиімділігіне мыналар арқылы қол жеткізіледі:

1) кеміргіштер кездесетін барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді белгілеу; 2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді шашу технологиясын сақтау; 3) қойма үй-жайларында дератизациялауды жүргізетін адамдар үшін ені кемінде 70 см қабырғалар бойымен өтетін құрылғылар арқылы, қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты түрде кедергісіз жетуді қамтамасыз ету; 4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау; 5) азық-түлікті және су қорын оларға кеміргіштердің кіру мүмкіндігін барынша қиындататын жағдайда сақтау; 6) профилактикалық өңдеу жүргізу үшін оларды тиеуге дейін дератизациялауды жүргізетін адамдардың барлық үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету; 7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу ережелерін сақтау; 8) барлық үй-жайлар мен оларға іргелес аумақты үнемі тазалау және белгіленген мерзімде қоқысты шығару.

Slide 9

Кеміргіштер мекендейтін құрылыстарды дератизатор айына екі рет немесе нақты жағдайларға байланысты одан да жиі аралайды. Дератизациялау тиімділігі артуына байланысты дератизатордың кеміргіштерден таза құрылыстарды тексеру жиілігі азаяды.

Кеміргіштермен байланысты инфекциялық аурулар пайда болған кезде жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырудан бөлек шұғыл профилактиканың типі бойынша дератизациялау іс-шаралары жүргізеді: аттрактант ретінде құрамында өсімдік майы бар улы қоректік қармақжемде қатты әсер ететін ратицидтерді қолданады.

Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі қағидаты кеміргіштердің барлық мекендейтін жерінде оларға қарсы күрес құралдарын қолдану және олардың әсерінің үздіксіздігі болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Құстардың ұя салу ерекшеліктері және зиянды кеміргіштерге қарсы дератизация әдістері
Дезинсекция: әдістері, қауіпсіздік талаптары және тиімділікті бағалау
Денсаулық сақтау экономикасы: әдістері, қаржыландыру көздері және тиімділікті бағалау
Кеміргіштерді дератизациялау үшін препараттарды дайындау технологиясы және жалпы сипаттамасы
Бизнес-жоспар құрудағы типтік қателер және инвестициялық тиімділікті бағалау: Қазақстан тәжірибесі
Интербелсенді оқыту: қағидалары, ұйымдастыруы және әдістері
Жансыздандыру: түсінігі, түрлері, әдістері және клиникалық ұйымдастыруы
Психотерапияға кіріспе: психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері, әдістері және ұйымдастыруы
Қаржылық инвестициялар: сапа мен тиімділікті бағалау, инвестициялық портфельді қалыптастыру және 2016 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар
Қауынды егіс ұйымдастыруы және агротехникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz