Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері


Slide 1

Қазақстандағы ветеринария мәселелерін заң жүзінде реттеудің негіздері

Орындаған: Нармаханбетова А. Н.

Қабылдаған: Асауова Ж. С.

Slide 2

Жоспар:

1. ҚР “Ветеринария туралы” Заңы, оның мақсаты және маңызы.

2. ҚР “Ветеринария туралы” заңының орындалуын ұйымдастыру.

3. “Ветеринария туралы” заңды, оған сәйкес нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Slide 3

1. ҚР “Ветеринария туралы” Заңы, оның мақсаты және маңызы.

Ветеринария туралы - Осы Заң ветеринария саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ветеринария ұйымдары мен мамандары қызметiнiң құқықтық негiздерін, мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың жануарлар мен адамдар үшiн ортақ аурулардың алдын алуды, ветеринариялық-санитариялық есендiктi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, мал азығының және мал азығына қосымшалардың, ветеринариялық препараттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мүдделерiн қорғау шараларын белгiлейдi.

Ветеринария органдарының іс - әрекеті арнайы нормативтік құжаттар жинағы бойынша реттеледі. Бұл жинақтағы негізгі құжат - ҚР «Ветеринария туралы » заңы болып табалады. Ол 2002 жылы шілденің 10 күні жарияланды.

Slide 4

Заңның негізгі мақсаттары:

Ветеринарлық қызметке қойылатын талаптарды анықтау; мемлекеттік, және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызмет мамандарының құқықтарын, міндеттерін анықтау; мал түліктерін аурулардан аман сақтауда министрліктер, ведомстволар, шаруашылық және кәсіпорын басшылары лауазымды қызметкерлер мен мал иеленуші заңды яки жеке тұлғалардың міндеттерін анықтау.

Заң еліміздегі ветеринария ісін ұйымдастыру негіздерін көрсетеді. Ол, онымен қатар, мал шаруашылығының ветеринарлық сәттілігін қамтамасыз ету, санитарлық сапасы жоғары өнім өндіру халықты мал мен адамға ортақ аурулардан қорғау бағытындағы басты ветеринарлық - санитарлық ережелерді баяндайды. Осыдан бұл заңның, мал түліктерін аман сақтап, өнім өндіруді неғұрлым молайтуға бағытталған құжат екені көрінеді.

Slide 5

Заң қағидаларын барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. Оның талаптарын бұзушы тұлға Республика заңын орындамаушы ретінде қаралып, осыған сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Заң, ветеринария мамандарының қолындағы мал шаруашылығын аурулардан сақтау және елімізде қатаң ветеринарлық - санитарлық тәртіп орнату жолында қуатты қару болып табылады. Ветеринария мамандары қызмет лауазымынына қарамастан, осы заңды басшылыққа алып жұмыс атқарады, соның негізінде әкімшілікке талаптар қояды. Министрліктер, ведомстволар, әкімшіліктер ветеринария ісіне қатысты шешімдер мен нұсқаулар шығару үшін де осы заңға сүйенеді.

Slide 6

Заңның мақсаты мен маңызы оның мемлекеттік ветеринарлық органдар мен мекемелердің, ведомстволық және жекеменшік кәсіпқойлық ветеринарлық қызметтің іс-әрекетін құқықтық - нормативтік негізбен қамтамасыз етуде, сөйтіп ветеринарлық ғылым мен практиканың тиімділігін арттыруда деп саналады. Заң құрамындағы 37 бап 6 тарауға бөлінген.

Slide 7

2. ҚР “Ветеринария туралы” заңының орындалуын ұйымдастыру.

Ветеринарияның органдары мен мамандары заңның негізгі қағидаларын шаруашылық, кәсіпорын басшыларына, мал шаруашылығы жұмыскерлеріне, тұрғын халыққа жеткізуге міндетті. Яғни, олар заңның орындалуын тікелей ұйымдастырады. Сол үшін тиісті мерзімде құқықтық - нормативтік құжаттар жинағын шығарады, оны насихаттау мақсатында кітаптар, плакаттар шығарады, радио, теледидар, баспасөз құралдарын пайдаланады.

Заңды орындау үшін облыстық, аудандық әкімшілік өз құзыры бойынша ветеринария ісіне қатысты мәселелерді қарап, шешімдер шығарады. Бұл шешімдер көбінесе эпизоотиялармен күресу, ветеринарлық ережелерді орындау, материалдық жабдықтау, қаржы бөлу, ветеринарлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы болады. Бұл мәселелер әкімшілік алдына жергілікті ветеринарлық органдар ұсынысымен қойылады, сондықтан бұл құжаттардың жобасын дайындайтын да солардың өзі болады. Осыдан, жергілікті ветеринарлық органдардың әкімшілікпен тікелей жұмыс істеп, оларды ветеринария мәселерін шешу үшін өз жағына тарта білуді жұмыстың жемісті болуының кепілдігі екенін көруге болады.

Slide 8

Жергілікті әкімшіліктердің шешімдері міндетті түрде орындалуға тиіс. Сондықтан олар мал шаруашылығында ветеринарлық - санитарлық жағдайды жақсартуға зор ықпалын тигізеді.

Мал иелері мен мал өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың басшылары ветеринарлық шаралардың мерзімінде және сапалы орындалуы үшін жауапты. Олардан заңда белгіленген тиісті талаптарды орындау талап етіледі. Заңның бабында заң және оған тіркес нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды орындау барлық заңды және жеке тұлғалардың міндетті екені атап көрсетілген. 25 - бапта осы тұлғалардың, малдың жұқпалы ауруларынан сақтандыру жөніндегі міндеттері анықталады, 14 - бапта мал және мал өнімдері мен шикізаттарын сатып алушы, өңдеуші, тасымалдаушы, ақтаушы тұлғалардың ветеринарлық ережелерді орындау туралы міндеттері айтылған. Бұл ережелер мен талаптарды орындамаушылар деп саналып, тиісті жауапқа тартылады.

Slide 9

Ветеринария туралы заң мен нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды және жергілікті үкімет пен ветеринария органдарының шешімдерін орындауы ұдайы бақылау республикалық және жергілікті мемлекеттік ветеринарлық инспекция мамандарына жүктеледі. Қажет болғанда «Ветеринария туралы» заңның орындалуына жергілікті үкімет, прокуратура және т. б. органдар бақылау жүргізеді

Slide 10

3. “Ветеринария туралы” заңды, оған сәйкес нормативтік құжаттарда қойылған талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік

Заңның 25 бабына тиісті талаптарды орындамағаны үшін айыптылардың жауапқа тартылатыны көрсетілген. Жауапкерге әкімшілік тарапынан айып салынады немесе қылмыстық іс қозғалады. Егер: - міндетті ветеринарлық шаралардан бас тартса; мерзімін сақтамаса; карантин ережелерін бұзса; жұқпалы аурулардың таралуына себепкер болса; мал басын көбейту ережелерін орындамаса; мал мен мал өнімдерін тасымалдаудың ветеринарлық - санитарлық ережелерін сақтамаса; оларды сату орындарында, қоймаларда, карантиндеу атқарылатын орындарында, иеу - түсіру алаңдарында, тасымалдау жарақтарында ветеринарлық - санитарлық талаптары орындалмаса, шекарадан өткізудің ветеринарлық талаптарды орындамау салдарынан үлкен экономикалық зиян шектірсе, не қайғылы жағдайға ұшыратса, жауапкекрдің ісі сотқа беріледі.

Slide 11

ҚР «Ветеринария туралы» заңында жергілікті үкімет органдарының ветеринария жөніндегі шешімдерін орындамағаны үшін азаматтарға 1 айлық, лауазымды қызметкерлерге 20 айлық ең аз жалақы мөлшерінде айып салынатыны көрсетілген.

Заң бойынша мемлекеттік ветеринарияның бақылау органдарына ветеринарлық талаптарды бұзушыларға әкімшілік билігімен айып салуға құқық берілген, айып мөлшері айып салушы инспектор дәрежесіне байланысты, яғни:


Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАР
Жалпы суицид туралы түсінік
Еңбек құқығының принциптері
Демократия принциптері
Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы
Ақпараттық жүйелер
Конституциялық құқық туралы
Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары
Кедендегі ветеринариялық менеджмент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz