БЕЙКҮНӘ ПЕРІШТЕЛЕР




Презентация қосу
БЕЙКҮНӘ
ПЕРІШТЕЛЕР
Қызым үйде-қылығы
түзде
«Қызым үйде – қылығы түзде» дегенді ата-бабамыз бойжетіп,
таралып өсіп қалған қыз баласының тәрбиесіне алаңдағаннан
айтқан шығар. Әлі оң-солын танып үлгермеген, жақсы мен
жаманның парқына жетіп  болмаған қыз баланың сырт көз
сынмен қарайтын жүріс-тұрысына әрдайым мән беруді жадынан
шығармауды ескерткені де болар. Бірақ, үйдегі қызымыздың
түздегі қылығын қаншалықты назарда ұстап жүрміз? Ертеңгі
ұлтымыздың ұлы көшін жалғастыратын болашақ аналарымыз,
бүгінгі қыздарымыздың тәрбиесі тасада қалып жатқан жоқ па? 
Жан бағу мен мал табудың қамымен шапқылап жүрген ата-
ананың күні бойы өсіп келе жатқан баласын көз алдында ұстап
«бағып» отыруға мүмкіндігі жоқ. Ешкім де баласын жаман
болсын демейтіні анық. Жыныстық дамудың алғашқы
сатысында тұрған, «үлкендер әлемінің құпиясын» толық түсініп
болмаған жасөспірімдерге әсер ететіндей сырт күштің ықпалы
да көп. Тек «санасына берсін» деңіз. Әйтпесе, әке-шешесі
есіктен шыққанда өзі тесіктен шығып етегін көтеріп кеткен
қыздан қандай ұрпақ туып, қайтіп ел болмақпыз?..              
Әлем бойынша жасалатын түсіктің салдарынан көз
жұмған нәзік жандылардың 14 пайызы жасы 20-ға
толмаған бойжеткендер екен.
Аборт (лат. abortus — түсік) медицинада
— құрсақтағы ұрықтың 28 апталық
мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе
түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына
жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал
14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік
дейді. Аборт өздігінен түсік тастау және
жасанды түсік жасату болып бөлінеді.
Қолдан жасалатын аборт медициналық
мамандардың әйел адамның өмірін және
денсаулығын сақтап қалу мақсатында,
зорлау немесе инцест салдарынан
болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби
ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе
әйелдің жатырындағы сәбиді асырай
Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында
қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды.
Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі
нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды
шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру
жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға
болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты
экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады.
Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады.
Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен
жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен
механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын
вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте
кезеңінде жасалады. Қоғамның жасанды түсікке деген, бала
тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр
кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды
түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан
діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық
деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды
айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген.
19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза
қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып,
біртіндеп өзгертілді.
1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің
алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды,
алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік
заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін
қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда
қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.
Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу,
шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу
шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу,
науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік
(медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық
тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана
жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет
болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат
берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға
сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін
әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып
кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады.
Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген
баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер
болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез,
туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ
 
Періштелердің жұлдызы
сөнуде!
Аборт сатылары:
Түсіктің құрбандары
АТА-АНА
ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Бір адамға
Оқушының ойлау
Қарлығаш әулие
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн
Византия өнері
Д. Исабеков Ата үміті. Әңгімедегі адамгершілік пен ізгілік мәселелері
Д.Исабеков «Ата үміті».Әңгімедегі адамгершілік,ізгілік мәселелері
Жаңа жылдық отын
Дүниенің философиялық бейнесі
Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн
Пәндер