Borland Delphi бағдарламалау ортасы. Delphi бағдарламасын іске қосу. Delphi бағдарламалау ортасының терезесі



Презентация
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ »ФАКУЛЬТЕТІ
«ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы:Borland Delphi бағдарламалау ортасы. Delphi бағдарламасын іске қосу. Delphi бағдарламалау ортасының терезесі.
Шымкент, 2017

Мазмұны:
КІРІСПЕ.
Тарау
Delphi-дi iске қосу.
Delphi ортасы. Delphi ортасының терезелері.
Негізгі терезе. Негізгі терезелер:басты мәзір, саймандар тақтасы, компоненттер политрасы.
Объект инспектор терезесі. Объект инспектор терезелері:Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) .
Форма терезесі
Программа құруға арналған модуль терезесі.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі бағдарлық болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық ”) процедуралық программалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальді түрлері - Visual Basic тілі QBasic программалау тілі негізінде, Delphi(Дельфи), Object Pascal(Объектілі Паскаль) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру экрандық) . Олар әсіресе, Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi - дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте- бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6- нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5- нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6 - нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады(Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес) .
Қазіргі кезде қоғамдағы өмірде берілгендерді өңдеуде автоматтандырылған жүйені күнделікті қолдану барысында берілгендерді енгізу, сақтау және шығару қажет болады. Жалпылама компьютеризация, пайдасымен бірге көптеген мәселелерді алдына қояды, соның ішінде ең қиыны ақпараттың қауіпсіздігі болып табылады. Адамдардың автоматтандыруға ең жоғарғы деңгейге ұмтылуы, көп қолданылатын арзан компьютерлік жүйелерге деген сұранысы берілгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәуелділігіне әкеліп соғады. Дербес компьютерлердің пайда болуы тек қана қолданушылардың ғана мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай сонымен қатар жүйе бұзушыларға да кең жол ашып отыр. Компьютерлік жүйенің қауіпсіздігі әлден ғылыми зерттеуде өзіндік бағытқа ие болады. Бірақ осыған қарамастан шешілмеген мәселелер саны азаймай отыр. Мұның себебін ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің өте үлкен жылдамдықпен даму барысымен түсіндіруге болады.

Delphi-дi iске қосу.
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) - Программалар (Программы) - Borland Delphi-Delphi 7 командалары арқылы iске қосамыз.
Бұл кезде Delphi 7 программасы iске қосылады, (1. 1-сурет) көрсетілген.


Жалпы, ортада программа құруға арналған төртiншi, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi жєне компоненттер палитрасы енгiзiлген.
Delphi oртасы мынадай терезеден тұрады
1. Негізгі терезе
(Project 1)
3. Форма терезесі
(Form1)
2. Объект инспектор терезесі
(Object Іnspector)
4. Программа құруға арналған модуль терезесі
(Unіt1. pas)


Негізгі терезе
Басты мәзір
Саймандар тақтасы
Компоненттер палитрасы

Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Objekt Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Оқиға-программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайы өзгереді.
Терезенің екі қосымша беті бар:
Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) .
Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Оның әр іс-әрекетін оқиға шақырады. .
Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар-олардың мәндері.
Evets жапсырманың сол жағындағы бағанада компанент оқиғасын өңдеушілер тізімі келтірілген. Оң жағындағы бағанада өңдеушілердің сәйкесінше аттары орналастырылған.


Форма қасиеттері: Name (Атау) - формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің ) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан бегілі болу үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланатын болса, Form 1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады. Font (Шрифт) - формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап ОК түймесін шерту керек.

Project 1 атауы берілген проект файлы (негізгі модель) және unit1. pas атау берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Прграмма мәтінін программалық код деп, терезені программалық код деп немесе қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері. - форманы жабу (жабу түймесін шерту) ; - код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрсы, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады.


File /New /Other-объектілер таңдау
File /Open-алдын-ала бар файлды ашу
File /Save-белсенді құжатты сақтау
File /Save All-жобаның барлық файлдарын сақтау
File /Save Project-программаның алдын-құрылған жобасын шақыру
Project/Add to Project-жобаға файл құру
Project/Remove from Project-жобадан файлды жою
Help/Delphi Help-анықтаманы іске қосу
View/Units-тізімнен модуль таңдау
View/Forms-тізімнен форма таңдау
File/New/Form-жаңа форма құрады және оны жобаға қосады
Run/Run-программаны тексереді және орындайды
Run/Pause-дұрыс орындалмаған программаға үзіліс жасау
Run/Trace Info-шақырылған подпрограммаға қадам бойынша ену
Run/Step Over-шақырылған подпрограммалардың жұмыс елемей қадам бойынша ену.
DELPHI неГІЗГІ ТЕРЕЗЕСІ,
БАСТЫ МӘЗІРДІҢ СТАНДАРТТЫ КОМАНДАЛАРЫ:

Саймандар тақтасының стандартты жүйелері:
New(Жаңа)
Open(Ашу)
Save(Сақтау)
Open Project(Проектіні ашу)
View Form(Формуланы көрсету)
Run(Іске қосу)
Pause(Үзіліс)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz