Есім ханның ескі жолы
Презентация қосу
Есім ханның ескі жолы
• "Қасым ханның қасқа жолы" бір ғасырдай
атқарылған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер
енгізіліп, Есім ханның (1598-1645) тұсында "Есім
ханның ескі жолы" деп аталған. «Есім ханның ескі
жолының» төрт тұғыры болғандығы айтылады. Олар:
• 1. Хан болсын, ханға лайық заң болсын.
• 2. Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын, 3. Абыз
болсын, абыз сыйлау парыз болсын.
• 4. Би болсын, би түсетін үй болсын.
•Бірінші ұстындағы ханға деген көзқараста ескі «чингизидтер» билігінің
сорабы жалғасын тауып жатқандығы байқалады. Яғни, «Есім хан ескі
жолында» төрелердің билігін кие тұту түсінігі әлі де үстемдік еткен. Екінші
ұстында Шыңғысхан құрған милитаристік мемлекеттің атрибуттарының әлі
де сақталғандығы аңғарылады. Яғни, «ескі жолда» әскери адамдар ел билеу
ісінде өзінің сословиялық үстемдігін сақтап қалған. Үшінші ұстындағы абыз
сыйлауды фарз үкіміне жатқызуы сөз жоқ «ескі жол» заңының жаңалығы
болатын.
•Қазақтар бұрын Құранды жатқа білетін дана адамдарды «абыз» (хафиз) деп
атап, оларға құрмет көрсететін. Есім хан осы құрмет көрсету дәстүрін
парызға айналдырып,ел билеу ісіне теократиялық элементтерді енгізуді қолға
алды. Оның Жиембет жырауды қыз алып қашқаны үшін шариғат заңымен
жазаламақ болғандығы осыны әйгілесе керек. Төртінші ұстындағы би-
қазыларға орнықты мәртебе бекітуі - Қазақ хандығындағы құқықтық
үстемдіктің көрінісі еді. Сот билігі атқарушы биліктен тәуелсіз болған
басқару жүйесін біз құқықтық мемлекет деп атап жүрміз. Олай болса, «би
болсын, би түсетін үй болсын» ұстыны сот билігін нығайту үшін жасалған
ілкімді қадам еді.
• "Есім ханның ескі жолындағы" қызға төленетін қалың
малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған. Олар:
• 1. "Жүз қырықтың қалыңы" — жүз қой, қырық қара
деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы.
• 2. "Жүз жиырманың қалыңы" — жүз қой, жиырма қара
деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы.
• 3. "Қырық жетінің қалыңы" - жеті қара, кырық қой
деген кесім (байлардың, билердің "қатын үстіне" алатын
кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы).
• 4. "Он екі қара" — "дөңгелек қалың" (қатыны
өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін
қалыңы).
• 5. "Сегіз қара" (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда
болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы).
• Есім хан билік еткен тұста қазақ
хандығының әскери қуаты күшейді. Ел
билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар
туралы ережелер жинағы – «Есім ханны ң ескі
жолы» қазақ елінде ХІХ ғасыр ортасына
дейін сақталып, қызмет етті. Есім ханны ң
тұсында қазақ халқы арасындағы жеті атаға
дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырыл ғаны
туралы айтылады. Есім хан қаза қ хал қыны ң
ата салтының сақталуына шешуші м ән берді.
Қазақ хандығының бірлігін нығайтып,
шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz