МШ ерте жастағы балалардың моторикасын дамытуға арналған ойындар



Тақырыбы:
МШ ерте жастағы балалардың моторикасын дамытуға арналған ойындар
Орындаған: Әділ Н.
Абдималик Ә.
Қабылдаған:.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын саусақ ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал, саусақ ойындарын балалар қызықтап ойнайды.
Саусақ ойындар желелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай - ақ ойнау іс - әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.

Саусақ ойындары - ойын қойылымдары болып саналады
Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға, т. б. ) шыңдалуына себепші. Балалардың тілін дамыту үшін бірнеше саусақ ойындары мен жаттығуларын жасауға болады.


Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын - жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ -бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, « мына саусақпен орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп, мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп

Бір жастан асқан балалар үшін - саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.

Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес - бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.
- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан ұстай тұрып «қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар» деп әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде «қуырмаш»», «қуырмаш» деп қытықтайды.

«Салат» саусақ ойыны Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды) Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды) . Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді) Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді) . Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді) .

«Кірпі» жаттығуы Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады) Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды) . Кіріп кетсе қолыңа, Өкпелеме жарайма!

«Достық» жаттығуы Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос (қолдың саусақтары өзара бірігеді) Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз (екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу) Бір, екі, үш, төрт, бес… (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу) Қайтадан санауды бастаймыз. Бір, екі, үш, төрт, бес. . Енді санауды аяқтадық (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз) . Сергіту: Санайық жаңаша Бір, екі, үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар. Бас бармақ, Балаң үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.

Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу. Мақсаты: қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту. А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды. Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді. В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді, бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек. Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz