Отбасындағы қыз тәрбиесі
Презентация қосу
Отбасындағы
қыз тәрбиесі.
• Отбасы – адам баласының алтын
діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр
етіп дүниеге келген сәтінен бастап,
осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін
алады. Сондықтан да отбасы –
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті
алтын мектебі.т Қазақ отбасында
әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік
етпе, көргенсіз болма» деген сияқты
сөздерді балаларының құлағына
құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын
мейірімділікке, имандылыққа баулып
өсірген. Үнемі отбасында осылай
тәрбие көрген бала ақырында,
өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты,
ұқыпты болып шыға келеді.
• Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-
ана әуелі баласына өздерін сыйлап-
құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе
үлкендерге, сыпайылық танытуды,
ешкімді мұқатпауды үйреткен.
Сонымен қатар, балаларының ер-
азамат болып, халқына еңбек етулерін
басты міндет етіп қойған.
• Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның
астарын түсініп, атадан бала ға
мирас ету қазіргі таңда әсірісе қаза қ
қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз
тәрбиелей отырып- ұлтты
тәрбиелейміз» деген қанатты сөзді ң
өзі қыз бала тәрбиесінің
қаншалықты маңызды екенін
білдіреді.
• Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана
сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкенні ң
жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен
шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары
отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне,
дауыс ырғағына дейін мән берілды. Мейірім бала кезден, ең жақын
адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын,
ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін
,жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын
жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығатыны
сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының,
бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері
күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол»,
«Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір
тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың
бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік ж әне
де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без,
өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар,
ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Бала
тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана-барлық
өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам
етіп тәрбиелейді. Жүн түт, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу,
құрақ құрау, кілем тоқу, көрпе көктеу, т.б. өнерді
қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен.
Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу
ананың және барша қауымның міндеті. «Қыз» ең қасиетті
сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз
келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор
дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт
қатарын көбейтеді. Қыз абыройы - болашақ отбасының,
босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы
жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап
отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына,
инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына
байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз
қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп,
қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты.
Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік
міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп
санаған. Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені
сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің
алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ
тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана
тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр
сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-
құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері.
«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей Ел, сәні, елдің көркі
қыздардың шырайланатыны шындық. Халқымыздың қыз
балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды төрге
отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына
балап, әлпештеп, аялаған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да
үлкен сын. Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік,
адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа
қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз. Қыз баланың
әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр
түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-жораларымен
және жай былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы
барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады. Қыз баланы
әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен нұсқан
келтіреді. Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік
қарау, ер адамның алдын бұландап кесіп өтуі, қыдырымпаз,
сауықшыл болуы үлкен мін болып саналады. Сондықтан
«қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға қырағы қарайды.
Қызды жанының нәзік сезімталдығы, үй тірлігіне
жақындығы, ертеңгі ана болу ерекшелігі тәрбиеде ұл балаға
қарағанда біраз өзгеше қарым-қатынасты қажет ететіні анық.
Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға
мүлдем болмайды. Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп,
көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып-сылануы ерсі.
Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне
немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның
тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана
солардан шыққан. Қазақтың батыл
қыздары, ақын қыздары, ақылды
қыздары ұлтты тәрбиеледі. Қазіргі
заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән
беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы
тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу
деген сөз. Отбасы – қоғамның бір
бөлшегі. Ал отбасының алтын
қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы
тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз
бала бойжеткенде сол әдетін
сақтайды. Қазіргі заман қыз бала
тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет
етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу
деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал
отбасының алтын қазығы - әйел адам.
Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-
өнеге көрген қыз бала бойжеткенде
сол әдетін сақтайды.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі
отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен,
ана жанын қас – қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине,
әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе ерімен қабағы жарасып, тату
сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі – дәстүрін, өнегелі
- өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде, оның қадір – қасиеті, бүкіл
отбасын, ауылды, ағайын – туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек
ұрпақ мұны ұғып, біліп өскені абзал.
Әйелдің еріне қарым – қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны
берік есте болуға тиіс. Мұның өзі бір жағынан, үй – ішіндегі әдептің бастау алатын көзі
екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс – қимылы, қас – қабағы
арқылы қалыптасады. Мысалы ерлі – зайыптылар балалар көзінше бір – біріне қатты,
балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде өз
беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне,
олардың жанына кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын
егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің
айтқанын істе», т.б. деген сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай
ғанибет. Атақты «Абай» романында осыған орайлас халықтарымыздың қадірлі дәстүрін
танытатын мынадай бір тағылымды естелік бар. Семей қаласында 3 жыл оқып,
жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан
түскен бетте амандасу үшін шешеге қарай жүгіреді. Сонда ақылды да байсалды ана
Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық
сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай шалт бұрылып, ортасында әкесі
Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Ұлы жазушы
Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету
үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп
отырғаны анық.
Ертеде ата-бабаларымыз, әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін
ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қыр гүліне тән
нәзіктік пен батылдық бір бойына жарасқан қазақтың
қыздарына тәнті болған жазушыларымыз шығармасына арқау
етсе, ақындарымыз инабаттылығы мен нәзіктігін әнге қосып,
өлең өрнектерімен көмкерген. Сонымен қатар, қазақ
қыздарының бойындағы ерлігі, тапқырлығы, төзімділігі,
қайраттылығы талай әндерге де арқау болғаны жасырын емес.
Әрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-
ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақытта есінен
шығармаған. Алайда, бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға
қарап отырып, жағаңды ұстайсың. Қыздарының белі бесіктен
шықпай жатып, ашық-шашық киіндіріп, сән қудырып, мектеп
табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді. Есіл-
дерті киім болып тұрған баланың ойында оқу, білім алу деген
ой қайдан болсын. Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні
қандай ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті
көзімізбен көріп жүрміз. Қыз баланың ең қасиетті жері, әрине
ол құрсағы емес пе? Дегенмен көптеген аруларымыз өздеріне
сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Әр
адамның көзі түскен, ер азаматтарымыздың ойы бөлінген кіндік
тұсындағы құрсақта пайда болып, жетілген баладан қандай
азаматты, қандай қазақ қызын күтеміз? Сонымен қатар, қыз-
келіншектеріміздің арақ ішіп, темекі тартуы - бұл үлкен қасірет.
Өйткені, ана бойымен, балаға дарыған жағымсыз қасиеттен
ұрпағымыз уланары жасырын емес. Әйел болудың, ана болудың
Алланың сыйлаған баға жетпес бақыт екенін, қара көздеріміз
қашан түсінеді екен?
Қыздар – ұлт анасы! Осы ұлт атағына
лайық болыңыздар! Ұлт тағдыры
қыздарға байланысты екенін
ұмытпаңыздар, қазақ қыздары. Жас
қыздарды
алдап, абыройын төгіп, арсыздық
жасағандар қазақ жігіттері. Болашақ ұлт
анасына қамқоршы болыңыздар.
Алла тағала қолдаса, бүгінгі қазақ
қыздары елін, жерін қорғайтын
балуан, батыр, болашақ ұрпақтың асыл
анасына айналарына сеніміміз мол.
Қазақтың аяулы арулары бүгінді ғана
ойламай, болашақты, келешек ұрпақты
да ойласа деймін.
• Әдебиеттер тізімі
• 1. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы,
1990
• 2. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы,
1993.
• 3. Г..Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.
• 4. Оразбекова К.А. Ұлттық психология мен халық
тәрбиесі болашақтың бастауы хақында. – А.:
Дәуір, 2000
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz