Педагогикалық қарым-қатынастағы кедергілер: себептері, түрлері және педагогикалық әсері


Slide 1

Педагогикалық қарым-қатынастағы және оқу педагогикалық іс-әрекеттегі «кедергілер»

Slide 2

Қазіргі кезде қарым - қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Соңғы он жылда осы мәселелер төңірегінде басылып шыққан теоретикалық - экспериментті түрде дәлелденген. Қарым - қатынастың алғашқы турлері мен типтерінің алғашқы классификациясының (Л. П. Буева, Л. С Выготский, А. С. Золотнякова, И. С. Кон, Б. Ф. Ломов, А. А. Леонтьев, Б. Д. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, А. А. Бодалев және т. б. жасаған) . Біз өзара түсіністіктің орнын қарым - қатынас құрылымында қарастыруға тырыстық.

Slide 3

Педагогикалық қарым - қатынас шәкірттің ( оқушы, студент) психикалық дамуының қайнар көзі болып табылады. Педагогикалық қарым - қатынас құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым - қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым - қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.

Slide 4

Ендігі кезекте ұстаздар мен шәкірттер қарым - қатынасындағы қарама - қайшылықтардың, кедергілердің пайда болуын қарастырамыз. Педагогикалық әрекетте қарама - қайшылықтар мен кедергілер әртүрлі болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады. Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру мен ұстаздық шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген қарым - қатынасымен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға болады

Slide 5

Ендігі кезекте ұстаздар мен шәкірттер қарым - қатынасындағы қарама - қайшылықтардың, кедергілердің пайда болуын қарастырамыз. Педагогикалық әрекетте қарама - қайшылықтар мен кедергілер әртүрлі болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады. Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру мен ұстаздық шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген қарым - қатынасымен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға болады.

Slide 6

Бірінші себеп: мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай - ақ олардың оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде орындамауы салдарынан туындайды. Олар нашар оқытады, нашар қарым - қатынасқа түседі және нашар тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне немқұрайлықпен қарауының нәтижесінде олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады. Нашар ұстаз тек қана ұстаз деген атты сақтап тұрады да, ал шын мәнінде педагогикалық процесті бұзады. Мұндай ұстаздардың жұмысының нәтижесі - педагогикалық жарамсыз болып табылады. Яғни бұл шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінен, білімдерінің төмен болуынан т. б. көптеген қасиеттерінен көрінеді.

Slide 7

Педагогикалық жұмыстағы қарама - қайшылықтың туындауының екінші тобына, ұстаздардың шәкірттермен қалыпты, іскерлік, адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды. Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік, кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.

Slide 8

Ұстаз - өмір бойы баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның тұлғасының толық қалыптасып жетілуіне үлкен үлес қосатын адамдардың бірі. Ол барлық адамдар үшін үлгі болуы қажет. Оқыту процесі кезінде және тәрбиелеу кезінде туындайтын сұрақтарға жауап бере алуы керек, ол үшін міндетті түрде қателеспеуі тиіс. Ұстаздық мамандықтың өзге маман иелерінен басты айырмашылығы - оның адаммен жұмыс жасап, оның тұлғасының пісіп - жетілуіне күші мен қуатын, білімін жұмсауы керек. Соған орай бұл мамандықтың қыры мен сыры қат - қабат болып келетіндігі де сондықтан. Ұстаздар меншәкірттер арасында белең алып отыратын кедергілер бір қырынан ұстаздық мамандықтың күрделілігімен жауапкершілігінің мол екенін аңғартатын болса, екінші бір жағынан қарастырғанда адамның жан - дүниесінің сыры, психикасы аса күрделі құрылым екеніне көз жеткіземіз.

Slide 9

Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі - үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізгі орын алмақ.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13 Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қарым-қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары
Қарым-қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастар: даму заңдылықтары мен коммуникациялық кедергілер
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері және тәрбиелік әсері
Адамаралық қарым-қатынастағы эмоция: түсінігі, жіктелуі және психологиялық-педагогикалық маңызы
Педагогикалық шеберліктің мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасқа әсері
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі - педагогикалық этика
Кәсіптік шеберліктегі педагогикалық қарым-қатынас: ұғымы, қызметі және түрлері
Қарым-қатынас: мазмұны, мақсаттары, түрлері және педагогикалық стильдері
Психология пәні: қарым-қатынас ұғымы, түрлері және педагогикалық қолданысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz