Түбір мен қосымша




Презентация қосу
Білімділік: Сөз түрлі бөлшектерден тұрып, өзіне
тән белгілі бір мағына мен қызмет атқаратындағы
жөнінде оқушыларға теориялық білім беру.
Дамытушылық: Жаттығу жұмыстарын орындау

барысында оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Туған жерін, тілін, салт –

дәстүрін құрметтеп, адамгершілік, ұлтжандылық
қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,
интерактивті тақта, слайд, плакаттар.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Жазбаша орындау,

сұрақ – жауап
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, кезекшілікті

қадағалау, сыныпты түгендеу.
67 – жаттығу . Жапырағы сарғайған ағашқа қарап, күз
көрінісін бейнелеп жазып келу. Сөздерге қосылған
қосымшалардың астын сызып, туынды сөздердің
жасалу жолын түсіндіру.
Жаңа сабақты күз туралы тақырыппен байланыстыра
отырып, оқушыларға мысалдар арқылы түсіндіру.
Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз.
Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің,
көрінген деген сөздердің түбірлері – жол, сау, мектеп,
көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір
мағынаны білдіреді. Осы түбірлерге жалғанған –дас, -
тық, - ын, - шы, - тер, дің – бөлшектері қосымша деп
аталады. Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре
алмайды.
Қосымша екі түрге бөлінеді: жұрнақ және жалғау
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді
және екі түрге бөлінеді:
Сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші
жұрнақтар болып.
Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа
мағына беретін жұрнақты сөз тудырушы жұрнақ
дейді. Мысалы: Жол – із немесе сапармағынасын
білдірсе, оған - дас қосымшасы қосылса, серік
мәніндегі адам, ал – тық қосылса, адамдар арасында
болатын қарым – қатынасты білдіреді.
Осындай жұрнақтар арқылы жасалған сөздер
туынды түбір немесе туынды сөз деп аталады.
Сөйтіп, жол, сау деген негізгі түбірлер де, жолдас,
жолдастық, сауын, сауыншы деген сөздер туынды
түбірлер болып табылады. Бір сөзге бірнеше
жұрнақ жалғана береді. Бір түбірден жасалған әр
түрлі сөздер түбірлес сөздер деп аталады.Мысалы:
өнім, өндіріс, өніс, өнгіш деген сөзде негізгі түбір
– өн.
Олай болса балалар, әрі қарай жаттығу жұмысын
орындау барысында тақырыпқа көз жеткізейік.
Жаттығу жұмысы. 69 – жаттығу . Оқып шығып,
мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтінде қандай
елдік дәстүр көрініс тапқан? Сөйлемдердегі
қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай
талдаңдар. Қосымшалардың түрін, жұрнақ па,
жалғау ма ажыратыңдар.
Қарамен жазылған сөздер: бойы, жақсылық,
қолынан, әкемнің құлаған шаңырағын,
сыртқы елге, оқиғаға, түпкі төркінін, ағам,
апамның, адамгершілік, қасиеттерінен, ақыл –
парасаттарынан.
70 – жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы
туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Ой, пайда, жаз, оқу, күз, өктем, сый, сықақ,
сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім,
тежеу.
71 – жаттығу. Сөздердің түбірі мен
қосымшаларын дефис арқылы ажыратып
жазыңдар.
Әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік,
имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік,
тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.
73 – жаттығу. Төмендегі сөздерді үлгіде
көрсетілгендей етіп үш бағанға бөліп жазыңдар.
Түбір сөздер: кітап
Туынды сөздер: тасымал
Жалғаулы сөздер: мектепте
Сөз дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?
Қосымша нешеге бөлінеді?
Қазақ тілінде
қанша жалғау
бар?
Жұрнақ нешеге бөлінеді?
Сөз тұлғасы дегеніміз не?
72,74 – жаттығулар.
Пысықтауға арналған сұрақтарға
дайындалып келу.

Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөз жасау
Сөздің морфемалық құрамы
Түбір мен қосымша туралы
Грамматика саласынан фонетика мен сөздердің лексикалық мағыналары
Түбір және қосымша
Түбір сөз
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ
Түбір морфема
Қосымшалы сөз.264-266 жаттығулар
Пәндер