Сын есім туралы ақпарат


Slide 1

Сын есім

Сын есім-заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.

Сұрақтары: қандай? қай?

Slide 2

Сын есім

Дара

Күрделі

Негізгі

Туынды

Сапалық

Қатыстық

Slide 3

Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар

Есім сөздерден сын есім жасайтын

Етістіктен сын есім жасайтын

Үстеуден сын есім жасайтын

Slide 4

Сын есімнің шырайлары

Slide 5

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Анықтауыш

Пысықтауыш

Бастауыш

Толықтауыш

Баяндауыш

Slide 6

Дара

Күрделі

Slide 7

Негізгі

Туынды

Slide 8

Сапалық

Қатыстық

Slide 9

Есім сөздерден сын есім жасайтын

жұрнақтар

мысалдар

1) -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті:

2) -сыз, -сіз:

3) -ғы, -гі, -қы, -кі:

4) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік:

5) -шыл, -шіл:

6) -шаң, -шең:

7) -дай, -дей, -тай, -тей:

8) -қой, -қор, -паз, -кер, -гер:

9) -и, -ы, -і:

1. далалы, орманды;

2. баласыз, үйсіз;

3. жазғы, ішкі;

4. жастық(шақ), жылдық;

5. ұйқышыл, кекшіл;

6. сөзшең, бойшаң;

7. тастай, судай;

8. сәнқой, әуесқой;

9. тарихи, қазақы.

Slide 10

Етістіктен сын есім жасайтын

жұрнақтар

мысалдар

1) -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек:

2) -ық, -ік, -қ, -к:

3) -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш:

4) -ғыр, -гір, -қыр, -кір:

5) -шақ, -шек:

6) -ынды, -інді, -нды, -нді:

7) -малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, белі:

8) -ымды, -імді, -мды, -мді:

9) -аған, -еген:

10) -улы, -улі:

11) -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе:

12) -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі:

1. жабысқақ, үркек;

2. ашық, ақсақ;

3. білгіш, айтқыш;

4. тапқыр, алғыр;

5. ұялшақ, сүріншек;

6. асыранды, үйінді;

7. созбалы, аспалы;

8. шыдамды;

9. сүзеген, қабаған;

10. ілулі, асулы;

11. қызба, бөспе;

12. басыңқы, көтеріңкі.

Slide 11

Үстеуден сын есім жасайтын

жұрнақтар

мысалдар

-қы, -кі, -ғы, -гі:

кешегі, бұрынғы.

Slide 12

Жай шырай

ереже

жасалу жолдары

мысалдар

Заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сын есімдер жай шырай болады.

Ешбір қосымшасыз түбір және туынды сын есімдердің өзінен жасалады.

биік, жақсы, үлкен, тәтті, қызыл, ақылды, өнімді.

Slide 13

Салыстырмалы шырай

ереже

жасалу жолдары

мысалдар

Біз заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

1) -ырақ, -ірек, -рақ, -рек:

2) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу:

3) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң, -шылтым, -шілтім, -ғыш, -ілдір, -ша, -ше.

1. ауырырақ, жақсырақ, кішірек;

2. үлкендеу, жақсылау, ыстықтау;

3. ақшыл, көгілдір, бозаң, қоңырқай, ұзынша, сарғыш, қышқылтым.

Slide 14

Күшейтпелі шырай

ереже

жасалу жолдары

мысалдар

Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

Негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.

сап-сары, жап-жарық, үп-үлкен.

Ескерту: Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады:

аппақ, көкпеңбек.

Slide 15

Асырмалы шырай

ереже

жасалу жолдары

мысалдар

Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің (тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ т. б. ) тіркесіп келуі арқылы жасалады.

Өте жарық, тым ауыр, кілең ақылдылар, аса маңызды, ең әдемі.

Slide 16

Анықтауыш

ереже

мысалдар

Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады.

Ол кең бөлмеде жалғыз отыр. Саматтың жүйрік тазысы бар. Көк ала мысық ашық есіктен ішке кірді.

Slide 17

Баяндауыш

ереже

мысалдар

Сын есім сөйлем соңында келіп, баяндауыш болады.

Сен менен өткен ақылдысың. Оның жақсы көретін түсі - жасыл. Бүгін ауа райы суық. Қар аппақ.

Slide 18

Толықтауыш

ереже

мысалдар

Сын есім заттанып келіп, толықтауыш болады.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Жаманға сырыңды айтпа. Ол алманың сарылауын таңдады. Білімдіде айла көп.

Slide 19

Бастауыш

ереже

мысалдар

Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Олардың кішілеуі ойынға кірді.

Slide 20

Пысықтауыш

ереже

мысалдар

Сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады.

Ол домбырада шебер ойнады. Ол әнді жақсы айтады. Ол бүгін көңілді жүр. Ол бұл туралы терең ойланды.


Ұқсас жұмыстар
Сабақ мақсаттары
Тапсырма арқылы саралау деңгейлік тапсырма
Етістік тұлғалы топонимдер
Етістіктің сұрақтары
Алғанда қалай
Морфологиялық стилистика
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру
Сырда туған сырдың ұлы
Заттың атын білдіретін сөз табы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz