Қаражанбас, Қаламқас, Қаратұрын және Солтүстік Бозашы мұнайлы кенорындары


Slide 1

Тақырыбы: Қаражанбас, Қаламқас, Қаратұрын және Солтүстік Бозашы мұнайлы кенорындары.

Орындаған: ГДР-33 тобының студенті Сатбаева Д.

Тексерген:

Slide 2

Қаражанбас мұнай кенорны, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Ақтау қаласынан Солтүстік-шығысқа қарай 140 км жерде орналасқан. Кен орны 1974 ж. ашылған. Ол ендікке жуық бағытта созылған, амплитудасы 100 м, қалпы өзгерген брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Қанаттардың еңістену бұрыштары 2 - 4′. Өнімді қабаттар ортаңғы юраның бат ярусының шөгінділерінде орналасқан. Олардың жатыс тереңдігі 228 - 466 м. Шоғырлар қабаттық, күмбездік әрі тектониктік қалқаланған, юра шоғырларында - қабаттық, стратигрлік қалқаланған. Шоғырлардың барлығы мұнайлы, тек бір блогында ғана газ-мұнайлы шоғыр орналасқан. Коллекторлар құмтастар пен алевролиттерден құралған, ашық кеуектері 27 - 29%, өткізгіштігі 0, 0136 - 0, 351 мкм. ҚАЛЫҢДЫҒЫ - 126 м сазды жыныстар жаппа қызметін атқарады.

Қаражанбас

Slide 3

Блоктардағы мұнай шоғырларының биіктіктері 3, 9 - 75, 4 м. Коллекторлардың жалпы қалыңдығы 1, 5 - 26, 1 м, тиімді Қалыңдығы 4 - 18, 6 м, мұнайға қаныққан Қалыңдығы 2 - 14, 6 м. Газ-мұнай шоғырындағы коллекторлардың газға қаныққан Қалыңдығы 2, 4 м. Мұнайға қаныққандық коэффициенті 0, 63 - 0, 75. Мұнайдың тығыздығы 939 - 944 кг/м3, 1, 6 - 2, 2% күкірт, 0, 7 - 1, 4% парафин бар, шайырлығы жоғары. Блоктардағы бастапқы қабаттық қысымдар 3 - 5, 75 МПа аралығында, температура 25°С-тан 37°С-қа дейін өзгереді. Мұнайлардың шығымы 1, 2 - 76, 8 м3/тәулік. Құрамында ванадий мен никель кездеседі. Қабат сулары химиялық құрамы жағынан хлоркальций типті, тығыздығы 1, 03 г/см3, минералдары 40 - 76 г/л, бром, бор, йод микроэлементтері мол кездеседі. Кен орны 1980 жылдан игерілуде.

Slide 4

Қазіргі уақытта кен орнын өндірумен "Қаражанбасмұнай" АҚ айналысуда (кеңсесі Ақтау қаласында орналасқан) . "Қаражанбасмұнай" АҚ-тың акционерлері болып CITIC және қазақстандық "ҚазМұнайГаз. Барлау. Өндіру" мұнай компаниясы табылады, сәйкесінше әрқайсысында 50% акциядан. Мұнай өндіру 2008 жылы 2 млн. тоннаны құрады.

Slide 5

Қаратұрын Қаратұрын мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кені орнынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге дайын.

Slide 6

Қаратұрын мұнай-газ кен орны - Маңғыстау облысы, Қаламқас мұнай-газ кені орнынан шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан. 1978 жылы ашылған, 1980 жылы Шығыс Қаратұрын, кейіннен Оңтүстік Қаратұрын ашылды. Кен орны игерілуге дайын. Геологиялық құырылымы мен сипаты Ортаңғы юра шөгінділерінің иірімдері мұнайлы және мұнайлы-газды, бірыңғай газ иірімдері Теңіздік Қаратұрынның бір қабатында және Оңтүстік Қаратұрынның екі қабатында белгілі болды. Иірімдерінің биіктігі 1-34 м. Коллекторлардың кеуектілігі 25-34%, өткізгіштігі 0, 06-0, 8 мк м², мұнайға қаныққан қалыңдығы 0, 5-17, 7 м-ге, газға қаныққан қалыңдығы 0, 5-17, 7 м-ге дейін өзгереді. Қалыңдығы 4-25 м-дей сазды таужыныстары жаппа болып табылады.

Slide 7

Құрамы Мұнайының тығыздығы 894-925 кг/м³; күкірт - 0, 77-1, 5%; парафин - 1, 4-4%; асфальтендері - 0, 8-4, 3%; силикагельдік шайыры - 5, 1-17, 4%. Еркін газдар құрамында - 70% ауыр көмірсутектер, 29, 7% метан бар. Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1099-1114 кг/м³, минералдары 155-156 г/л.

Slide 8

Қаламқас Қаламқас мұнай-газ кені- Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан мұнай және газ кен орны . Географиясы Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 280 км жерде Бозашы жарты аралында орналасқан. Солтүстік Бозашы мұнай бассейніне жатады.

Slide 9

Тарихы Кен орынның құрылымы 1974 жылы белгілі болды, іздестіру-бұрғылау жұмыстары 1976 жылы басталып, сол жылы кен орны ашылды. Иә, бұл аймақ -Қаламқас аталады. «Топономика жер тілі, ал жер кітап, сол кітапта адамзат тарихы географиялық атауларда сақталынып, жазылып қалған» -деп Константин Паустовский айтқандай, халқымыздың қоныстарын, өмір сүру дәстүрлерін айна қатесіз дәлелдейтін жер -су атаулары өлкемізде жеткілікті -ақ. Соның бір дәлелі - осы Қаламқас Арудың есімінің тарихтың небір қатпар -қатпар парақтарының астында ұмытылып қалмай бізге жетіп, және бізбен бірге халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқаны. Осындайда «Қаламқас кім?» деген заңды сұрақ туады. Ақсақалдарымыз -көне көз қариялар білгенімен, жастарымыз біле бермеуі мүмкін. Бозашы түбегіндегі ежелгі қорымның бірі -Қаламқас қыздың есімімен аталады. Мұнда бай да, бағылан да, батыр да жатқан болуы керек. Бірақ соның бәрінен де бар болғаны жиырмаға жетер -жетпес жас қана өмір сүрген Қаламқас арудың атының озып тұрғаны неліктен? Қаламқас Маңғыстауға алғаш қоныс аударған адай, беріш, таз, т. б. рубасылары -Атағозы, Шотан, Шақан, Қожамбет, Есболай, Ақпандармен бірге келген ұрпақтың өкілі. Бозашы түбегін алғаш жайлағандар Адай руының жары, жеменей, түрік пен адай Тәңірберген, Беріштің қаратоқай тайпалары болса, Қаламқас ару жарының бектеміс бөлімінен. Ол -жаугершілік заманда ат үстінен түспегей, белінен бесқаруын тастамай, ел қорғаны -ер азаматтармен бірге талай қанды жорықтарға қатыса отырып, Отанын басқыншы жаулардан қорғаған батыр қыздарымыздың бірі. Ал бейбіт күнде ауылды азық -түлікпен қамтамасыз етуге белсене араласқан, аңшы -мерген атанған ару. . . Міне, осы мәдени -тарихи ескерткіштер қатарына жататын «Қаламқас әулие» қорымын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы әкімшілігі өз қамқорлығана алып, басына сәулетті кесене тұрғызу жөніндегі Қаламқас кенорнының бір топ мұнайшыларының ұсынысын жерге тастамай қолдауды ұйғарған -ды. Соның нәтижесінде вахталық қалашықта Қаламқас арудың бес қаруы бойында ақбоз атпен шауып келе жатқан бейнесі тасқа бедерленіп қашалған ескерткіш және Қаламқастың өзі тыныстап жатқан қорымда алып кесене дүниеге келді.

Slide 10

Бозашы түбегінде Каспий теңізінің жағалауына сұғына орналасқан Қаламқас атты мұнай-газ кенорны бар. Ол өзі қарайтын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының жалпы мұнайының 70 пайызын өндіретін ірі кенорны. Қаламқас кенорны 1979 жылдың 2 наурызында Қаражанбас кенорнымен бірге өз алдына «Комсомолскнефть» мұнай -газ өндіру басқармасы болып құрылды. Ол атау 1992 жылы, яғни тәуелсіздігіміздің алғашқы кезеңінде -ақ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына өзгертіліп, кенорнының өз төл атауын иемденді. Кенорны 1980 жылдың 2 -ші қарашасында алғашқы миллион тонна мұнайын өндірсе, одан 25 жыл өткен соң 2005 жылдың 6 маусымында 100 миллионыншы тонна «қара алтынын» өндіруге қол жеткізді. Ал бүгінгі күнге дейін 118 миллион тоннадан астам мұнай өндіріліп, ел байлығын еселеп отыр.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Кен орны игерілуге дайын
Құмкөл мұнайы
Қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты
Мұнай туралы
Ақтау қаласы
Биологиялық мониторинг
Республикасының мұнай - газ кешенінің инновациялық дамуы
МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУ
Ресей және ОПЕК
Каспий экологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz