Халықаралық қауіпсіздік құқығы


Slide 1

Халықаралық қауіпсіздік құқығы

Орындаған:

ЮК-31 тобының студенті Ешимбаев Н. С.

Slide 2

Жоспар:

Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы, мақсаттары мен қағидалары.

Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы.

Қарусыздану және қарулануға шек қою. Халықаралық бақылау және сенімді нығайту шаралары.

Блоктарға қосылмау козғалысы және халықаралық қауіпсіздік.

Slide 3

Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы, мақсаттары мен қағидалары.

Қазіргі өзгермелі әлемде халықаралық қауіпсіздікті сақтау мен нығайту өзекті мәселе. Халықаралық қауіпсіздік дегеніміз - субъекттің сақталуы мен тәуелсіз дамуына еш қауіп-қатер болмайтын халықаралық қатынастардың орнығуы. Қауіпсіздік мәселесі - халықаралық қатынастар теориясындағы маңызды мәселелердің бірі және бүкіл халықаралық саясаттың даму үрдісімен тікелей байланысты, сондықтан да бұл мәселе үнемі мемлекет қайраткерлері мен әлемдік саясаттағы тұлғалардың назарында қала бермек.

Slide 4

Негізгі елдің қалыпты дамуы билік институттарының тиімді іс әрекетімен тығыз байланысты. Сондықтан, саяси құрылыс пен мемлекетті сақтау механизмі ол - қажеттілік. Сонымен қатар, мұндай механизмнің қажеттілігі келесі факторлармен айқындалады:

1. Елдің келешекте және тұрақты даму құрылысын айқындауға мүмкіндік беретін «мемлекеттің өзіндік генетикалық кодын» сақтауды қамтамасыз ету. Бұл пікірді толық сипаттасақ, мемлекет өзінің даму жолын айқындап, өзінің ұлттық құндылықтары негізінде дамуы керек.

2. Іс әрекеті саяси жүйені қиратуға бағытталған жаулық пиғылдағы элементтерді мемлекеттік құрылымға кіргізбеу, жақындатпау және олардан қорғана білу.

3. Мемлекеттің ішінде және сырттан жиі өзара байланыста әрекет жасайтын, қалыпты құрылымды бұзуға жаулық пиғылдағы элементтер мен күштердің мүмкіндіктерінің өсуіне жол бермеу, олардан қорғана білу.

Slide 5 Slide 6

Мемлекеттер кауіпсіздігі проблемасын халықаралық құқық жүйесі тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негізгі құрылымы болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тетігі бар деп айтуға болады. Мемлекеттер қауіпсіз-дігін қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу сияқты халық-аралық қауымдастықтың барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде қарастырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарлары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында әрекет ететін осы заманғы халықаралық құқық нормаларын пайдалануды көз-дейді. Халықаралық іс-тәжірибеде халықаралық-қүқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының жеке аспек-тілері бойынша мемлекеттердің біршама тәжірибелері бар. Сол арқылы мемлекеттер қауіпсіздігінің құқықтық кепілдеме-лерінің қалыптасу және даму мәселелерін біршама саралауға мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда халықаралық құқық қағи-даларының, нормаларының және институттарының өзара байланысына және өзара келісуге ерекше көңіл аударылғанын айтып өткен дұрыс болар.

Slide 7

Біз, поляк ғалымы М. Добросельскийдің "қауіпсіздік" ұғымына айқын анықтама беруге әрекеттенген кез келген талпыныс алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс-тәжірибелық маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес - дегенпікірімен келіссміз. Кез келген мемлекет халықаралық құқықтың субьектісі ретінде "қауіпсіздік" ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттіңосындай ықпал етуі дербес немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін көздейді. Мемлекеттің халықаралық кауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі оның

халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен қатынастарында өзара қорғану және өмір

сүруге кепіл беретін жағдайлар жиынтығын көрсетеді.

Slide 8

Ондай тетік құрылымын айқындаған кезде мынадай мәселелерге назараударған дұрыс болар еді:

Халықаралық құқық теориясы мен іс-тәжірибесінің қандай мәселелері кауіпсіздік проблемасымен байланысты?

Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық құралдарықандай?

Мемлекетте қандай ресурстар (табиғи, әкономикалық) бар?

Slide 9

Әскери күш пен дипломатияның қауіпсіздікті қамтамасыз етуқұралдары екендігі жалпыға мәлім. Соған орай, қауіпсіздік мүдделері әскери және дипломатиялық құралдардың қамтамасыз ету объектілері болып табылады. Жоғарыда аталған құралдар мемлекет саясатының жалғасы және белгілеу тәсілдерінің нысандары бойынша әр түрлі болып келеді. Сонымен бірге, мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және материалдық ресурстарға ие болуы керек. Қауіпсіздік құқық субъектісіне жағымсыз әсер ету мен оның осы әсерлерді өз күшімен немесе шетелдік, я болмаса өз мемлекетінің басқа субъектілерінің қолдауымен, кейде халықаралық қауымдастық күшімен жеңуі арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті ұстап тұрады. Мемлекет өзінің тұтастығын басқа мемлекеттердің жағымсыз әсерінен қорғауын қамтамасыз етсе, онда ұлттық кауіпсіздік туралы айтамыз. Халықаралык құқықта "ұлттық қауіпсіздік" ұғымы "мемлекет қауіпсіздігі" ретінде қалыптасып кеткен. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздікті нығайту туралы Декларацияда, КСРО бастамасымен 1986 ж. қабылданған бәрін қамтитын қауіпсіздік Тұжырымдамасында қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі жөнінде кешенді ұғым жарияланған болатын. 1992 ж. 10 шілдесіндегі "Уақыт және өзгерістер талабы" деген Хельсинки құжатында кауіпсіздік белінбейді және әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелей байланысты деп белгіленген. Егемендіктің иесі және кез келген мемлекеттегі биліктің жалғыз көзі көпұлтты халықтың қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік деп айтады .

Slide 10 Slide 11

Ұжымдық қауіпсіздік

Ұжымдық қауіпсіздік - 20 ғасырдың бас кезінен бастап халықаралық қатынастарда келісімшарттар жасасу арқылы бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылу жолы. Ұжымдық қауіпсіздікке қол қойған елдерге қарсы басқа бір ел шапқыншылық жасайтын болса, шарт бойынша олар бірлесіп шапқыншыға тойтарыс береді. Ұжымдық қауіпсіздік теория тұрғысынан пайдалы. Алайда халықар. құқық нормасы ретінде іске асуы өте күрделі. БҰҰ өзінің хартиясында көрсеткенімен (52-бап) атомдық қару заманында Ұжымдық қауіпсіздік шындықтан алыстай түседі. Әсіресе, атом қаруын қауіпсіздік мақсатында шапқыншыға қарсы қолдану қауіпті. Егер ол ел өзінің атом қаруымен қарсы жауап берсе, адамзатқа аса зор қатер төнеді. Қазақстан әлемде өзінің ядр. қаруынан толықтай бас тартқан тұңғыш мемлекет. Осыған орай ядр. қарулары бар мемлекеттер Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр. Алайда әлемдік саясатта, геоэкон. жағдайда әр ел өз мүддесін ойлайды. Түбінде өзінің төл мүдделерінің орындалуы жолында әрекет жасайды.

Slide 12

Сондықтан әрбір ел әлемдік геосаяси ойындардың құрбаны болмауды ойластырады. Ұжымдық қауіпсіздік қаншама тартымды болғанымен, саяси тартыстарда қандай да болмасын мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі бола алмайды. Бірақ Ұжымдық қауіпсіздікке мүше болу еш уақытта зиянды емес. Белгілі бір шекке дейін әр ел Ұжымдық қауіпсіздікті өз пайдасына жұмыс еткізе алады. Ұжымдық қауіпсіздік мемлекеттер үшін күрделі әлемдік қатынастарда өз орнын анықтауға және нығайтуға көмектеседі.

Ұжымдық қауіпсіздік - халықаралық құқық, халықаралық даужанжалдарды бейбіт реттеу, бейбітшілікке төнген қауіптің алдын алу, тыйып тастау, жоюдың үжымдық шараларының ережелері мен қағидаттарының жалпы мойындалған жүйесі. Ұжымдық қауіпсіздік БҰҰ Жарғысының талаптарына негізделген халықаралық қауымдастық мүшелерінің әрекеттерінен көрініс табады. Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлді НАТО, Араб мемлекеттері Лигасы, Америка мемлекеттері Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік Үйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сияқты мемлекетаралық құрылымдар атқарады. Бүл халықаралық құрылымдар өз қызметтерін келесідей қағидаттарға сүйеніп жүзеге асырады: күш қолдануды және қолдануға қоқанлоққы көрсетуге тыйым салу; халықаралық даужанжалдарды тек бейбіт жолдар мен қүралдар арқылы шешу; егемендікті қүрметтеу; мемлекеттер теңдігі; ішкі істерге араласпау.

Slide 13 Slide 14

Қарусыздану және қарулануға шек қою. Халықаралық бақылау және сенімді нығайту шаралары.

Қарусыздандыру - мемлекеттің немесе оның белгілі бір аумағының қару-жарағын толық немесе белгілі мөлшерде шектеу. Қарусыздандыру халықаралық келісімдермен белгіленеді. Онда мемлекеттің қарулы күштері, әскери бекіністері мен базалары, әскери өндірісі, т. б. болуына толық немесе ішінара тыйым салынады.

Slide 15 Slide 16

Демилитаризация - (лат. militaris - әскери) қарусыздандыру. Халықаралық құқықта мемлекеттер арасындағы келісім бойынша белгілі бір аумақта, мемлекетте қарулы күштер ұстауға, әскер орналастыруға, соғыс базаларын орнатуға тыйым салу. Екінші дүниежүзілік соғыста антигитлерлік коалиция елдерінің жеңісі нәтижесінде 1945 ж. КСРО, Ұлыбритания, Франция және АҚШ әскерлерінің Германияны басып алуының негізгі мақсаттарының бірі - оны толық демилитарландыру, қарулы күштерді қарусыздандыру және тарату, Бас штабты, барлық әскери оқу орындарын жабу, қандай да бір әскери дайындыққа және әскери үгіт-насихатқатыйым салу; қару-жарақтың барлық түрлерін жою және оларды жасауға тыйым салу болып белгіленді. Дәл сондай шаралар 1945 ж. Жапония жөнінде белгіленді. Батыс мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция) бұлшешімдерді орындамады. КСРО-ның қатысуынсыз олар Федеративтік Германия Республикасында милитаризмнің өршуіне және оның батыс мемлекеттердің әскери топтарына қосылуына бағытталған шешімдер қабылдады. Сондай-ақ Жапонияны милитарландыруға қатысты белгілі бір топтардың іс-әрекеттері күшейді.

Slide 17 Slide 18

Бүгінгі Қазақстан - бүкіл еуразиялық ареалда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудың белсенді күресушісі.

1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-інші сессиясында сөз сөйлеп тұрып, Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бізге болашақтың сынақтарына бейімделудің жолдарын ұжымдаса іздестіру қажет, бүгінде әлем бізді осы сынақтар бірлескен күш-жігерлерімізді жаңа сапада ұйымдастыруға көшіруге мәжбүрлейтіндей шепке келіп отыр, деді.

Президент Назарбаев проблеманы экономикалық дамудың емес, әскери-саяси шараларды шешудің пайдасына қарай бұра тартуды қазіргі халықаралық тұрақсыздықтың басты себептерінің бірі ретінде атады. ХХІ ғасырда тек экономикалық прагматизм ғана қауіпсіздік жүйесінің шешуші түйіні болмақ, деп санайды Назарбаев.

Slide 19

Көрші немесе алыстағы мемлекеттердегі әлеуметтік, экономкалық, діни және өзге де шиеленістер ерте ме, кеш пе, әйтеуір кез келген елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болады, деп есептейді Қазақстан басшысы. Осынау қарапайым ақиқатты басшылыққа ала отырып, ол БҰҰ мінберінен Ұйым мүшелеріне қайырымдылық ишарасын жасап, өздерінің әскери шығындарын бір пайызға қысқартып, үнемделген қаржыны дағдарысты өңірлер мен дамып келе жатқан елдердің проблемаларын шешуге бағыттауды ұсынды. 2002 жылдың қыркүйегінде Йоханнесбургте БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі бүкіләлемдік конференциясында Қазақстан Президенті өз ұсынысын тағы да қайталады.

Астана үшін саяси императив -қауіпсіздік режимін барлық деңгейлерде: ұлттық, өңірлік, жаһандық деңгейде нығайту. Сондай-ақ сенім шараларын құру және жанжалдарды тек қана бейбіт жолмен шешу. Осылардың бәрінің Қазақстанның халықаралық аренадағы салиқалы жетістіктері екенін мойындамауға болмайды.

Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23

Блоктарға қосылмау козғалысы және халықаралық қауіпсіздік.


Ұқсас жұмыстар
Ұжымдық қауіпсіздік
БҰҰ - ның негізгі органдары
Халықаралық құқық
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Мемлекет және заң
Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
СУБЪЕКТІЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Кеңесінің төрағасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz