Полигонометриялық ығысу құжаттары мен журналдары




Презентация қосу
Полигонометриялық ығысу
құжаттары мен
журналдары
Полигонометрия (грек. polygonos — көп бұрышты және …
метрия) — топографиялық түсірудің, қалаларды ң жоспары 
мен құрылысының, т.б. негізі болатын геодезиялы қ тірек 
торын құру үшін жер беті нүктелерінің өзара орналасуын 
анықтау кезінде қолданылатын тәсілдерді ң бірі. 
Пункттердің берілген санақ жүйесіндегі координаттары 
полигонометр. тәсіл арқылы табылады. Ол  үшін пункттер 
тізбегін өзара қосу нәтижесінде алынған 
полигонометриялық жол құрылады және сол кесінділерді ң 
арасындағы бұрыштар анықталады. Мұнда бастап қы ж әне 
соңғы пункттердің белгілі бір нүктеге 
қарағандағы дирекциялық бұрыштары алдын ала белгілі 
болады. Бұрыштартеодолитпен, ал полигонометр. жолдың 
жеке кесінділерінің ұзындығы болат не инвар 
ленталармен өлшенеді.
Полигонометрия әдісі
Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің 
дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен 
экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі 
қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер және 
полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен 
қабырғалары өлшенеді . Егер бір пункттің координаталары және бір 
қабырғасының дирекциондык бұрышы белгілі болса, онда 
полигонометриялық жүрістің барлық пункттерінің координаталарын 
есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары 
тиісті дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялык 
жүрістердің қабыргаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және 
радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық-механикалық қашықтық 
өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар 
колданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген 
базистен, қосалқы бұрыштары өлшенген геометриялық фигуралар 
арқылы анықталуы мүмкін
. Сондықтан қабырғаларын өлшеу әдісіне байланысты 
полигонометрия; а) траверстік немесе магистральдық , яғни 
қабырғаларын тікелей өлшеу арқылы; э) параллактикалық
полигонометрия, яғни қабырғаларды қысқа базис және 
параллактикалық сүйір бұрыш арқылы жанама тәсілмен анықтауға 
негізделген .
Егер ab базисі полигонометриялық жүрістің АВ қабырғасына 
перпендикуляр болса және онымен екіге бөлінсе, онда АВ 
қабырғасының ұзындығын анықтау үшін ab-базисін және φ1 мен 
φ2 параллактикалық бұрыштарын өлшеу жеткілікті.
I класты полигонометрия меридиан және параллель бағытында 
созылған жүріс түрінде кұрылады, олар бірінші класты периметрі 
700-800 км полигонный буындарын құрады, 2 класты 
полигонометрия I класты триангуляция мен полигонометрияның 
ішінде периметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дам 
иды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пункттері бар 
жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялык 
жүйенің пункттеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде 
кұрылады. Полигонометрияның негізгі сипаттамалары 9-кестеде 
келтірілген.
Көп жағдайларда комбинирленген схемалар 
қолданылады. Бұнда триангуляция және 
трилатерацияны бастапқы пункттер және көмекші 
нүктелердің уақытша координаталарын 
қиылыстырулар және полигонометрия әдісімен 
имараттардағы нүктелердің ығысуы анықталады. 
Мұндай схема мысалы 5.2 суретте көрсетілген. 
Нақты жағдайларға қарай триангуляцияны 
геодезиялық төртбұрыш,орталық жүйелер және 
пункттер арасындағы өлшенген бағыттардың көп 
мөлшері бар күрделі торлар түрінде 
құрастырылады.
5.3- суретте Цимлян гидроузелі бетон мен 
платиналары ығысуын бақылауға арналған 
торлардың күрделі схемасының мысалы 
көрсетілген. Тордың масштабын бақылау үшін 
бастапқы циклде екі базистік қабырға өлшенеді.  
5.4- сурет Имараттар ығысуын анықтау үшін созылған 
үшбұрыштардан тұратын арнайы торлар қолданылуы 
мүмкін.
Бұл торларда е қабырғалар ұзындығымен қатар h 
үшбұрыштар биіктігі өлшенеді.
Тордың бірінші түрі созылмалығы үлкен тік 
сызықты имараттар үшін, ал екінші-сақина пішінді 
ғимараттар үшін қолданылады. Техникалық 
жағыннан ең тиімді торлар-өлшемі мен пішіні 
бойынша шамамен бірдей созылған үшбұрыштар 
торы.
Назарларыңызға рахмет!

Орындаған:Ғайнеден С.
Әбілда Ж.
Дүйсенгалиева П.
Ходжаева Р.
1ГК-02

Ұқсас жұмыстар
Ветеринария факултеті
Профилактикалық қызметті регламенттейтін нормативтік құжаттар
Мұғалім - Сынып журналы
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ТІРЕК ТОРАПТАРЫ
Электронды теодолит
Рельефтен және фотосуреттің еңісінен шыққан нүктелер бұрмалануын анықтау
Есептік цикл мен қаржылық есеп беруді дайындау
Шалбарды өңдеу
Нивелирлер мен теодолиттердың жіктелуі
Сыныпқа мінездеме
Пәндер