Автомобильді маймен және жұмыс сұйықтығымен майлауға, жууға, құюға арналған жабдықтар




Презентация қосу
Автомобильді маймен және жұмыс
сұйықтығымен майлауға, жууға, құюға
арналған жабдықтар
Автокөлік агрегаттарын майлау және жұмыс
сұйықтақтарын ауыстыру жұмыстарының маңызы
Уақыт өте келе автокөлік агрегаттарындағы майлау, салқындату
және жұмыс сұйықтықтары ұсақ метал қалдықтарымен
ластанады және жоғарғы температура әсерінен өзінің
тұтқырлығын өзгертіп, жұмыс тиімділігін жоғалтады.
Сондықтанда автокөліктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін
оларды уақытылы ауыстырып отыру қажет.
Жұмыс сұйықтықтарын ауыстыру үшін майлау жұмыстары
кезінде қолданылатын жабдықтар қолданыла береді. Себебі б ұл
жұмыстар алдымен агрегатты ескі сұйықтықтан тазартып, оны
жаңасымен ауыстырудан тұрады және сұйықтықты қысыммен
берумен байланысты.
Автокөлік агрегаттарын майлау және жұмыс
сұйықтақтарын ауыстыру жұмыстары
Майлау жұмыстарының мазмұнын анықтайтын негізгі
технологиялық құжат майлау картасы болып табылады, б ұл
картада майлау орны, майлау нүктелерінің саны, майлаудың аты
мен саны, ТҚК түріне сәйкес аралық уақыты көрсетілген.
Майлау карталарында көрсетілетін ТҚК-1, ТҚК-2 және М ҚК
кезіндегі орындалатын негізгі майлау жұмыстарынан бас қа, электр
жабдықтау жүйесінің, механикалық жетектердің (спидометр
тросы, жалюзидің, карбюратордың жетектері және т.б.)
элементтерін майлау жұмыстары қарастырылған. Т ҚК-ді ң осы
түрлері кезінде шанақ және кабина бойынша майлау-қор ғау
жұмыстары орындалады.
Автокөлік агрегаттарын майлау жабдықтарының
жіктелуі
Автомобильдерге ТҚК кезінде майлау жұмыстары ТҚК-1
30% және ТҚК-2 17% дейін жетеді. Майлау жұмыстары
кезінде әртүрлі қозғалтқыш, трансмиссиялық,
индустриялық майлар, жұмсақ (консистенттік)
майлағыштар, гидравликалық жүйелер үшін жұмыс
сұйықтары және т.б. пайдаланылады.
Пайдаланылатын май түріне, жетегіне, қозғалу
мүмкіндігіне, өнімділігіне және май айдау қысымына қарай
майлау жабдықтары бірнеше класстарға жіктеледі.
Жылжу дәрежесіне қарай:
Стационарлы;
Жылжымалы;
Тасымалданатын.

Пайдаланылатын май түріне қарай:
Қозғалтқыш майлары үшін;
Трансмиссиялық майлар үшін;
Консистенттік майлар үшін.
Өнімділік дәрежесіне қарай:
Төменгі өнімділікті – шағын ТҚКС-да
қолданылады;
Жоғары өнімділікті – үлкен АКК-да қолданылады,
кейбір түрлері бір мезгілде бірнеше агрегатқа қызмет
көрсете алады.
Жетек түріне қарай:
Қол жетекті;
Пневмо жетекті;
Электр жетекті.
Май айдау қысымына қарай:
Төмен қысымды – 2,5-5 МПа-ға дейін;
Орташа қысымды – 5-10 МПа-ға дейін;
Жоғары қысымды – 15-45 Мпа-ға дейін.
Қозғалтқышты майлау жұмыстары
Қозғалтқыштың майлау жүйесіне қызмет көрсету,
картердегі май деңгейін тексеріп отыру және толтырудан,
жұмыс істеген майды айырбастаудан, қоз ғалт қыш майлау
жүйесін жуудан, май сүзгіштерін жуу немесе
айырбастаудан, май ағуын тоқтатудан тұрады.
Өзіндік майлау құрылғылары бар қозғалтқыш
механизмдерді (вентилятор және су сорғыш подшипниктері)
консистенттік майлағыштармен майланады. Ал
қозғалтқыштың басқа бөлшектері тұтқырлығы аз сұйық
маймен майланады.
Қозғалтқышты ескі майдан тазарту жұмыстары
Қозғалтқыштың майлау жүйесіне қызмет көрсететін жабдықтар
жуатын және толтыратын механизмдерден тұрады. Майды
ауыстыру әдетте қызып тұрған қозғалтқышта майдың
ағымдылығы жоғары болып тұрған кезде орындайды.
Қыздырылған май картер түбінде қалып қойған заттарды
жақсырақ кетіреді. Бірақ картердегі пайдаланыл ған майды
ағызғаннан соң, онда қиын кететін заттар (шлам) қалып қояды,
олар жаңа майды тез ластайды және оның жұмыс мерзімін
қысқартады.
Бұл заттарды кетіру үшін қозғалтқыштың майлау жүйесін
индустриальды немесе веретендік маймен, дизельдік отынмен
немесе арнайы жуатын сұйықпен жуады.
Қозғалтқышты ескі майдан тазартуға аранлған
құрылғы
Жүйені веретендік маймен немесе
дизельдік отынмен жуған кезде оларды
қозғалтқыш картері не құяды (2,5-3,0
л) және қозғалтқышты 4-5 минут, бос
айналдырады, содан кейін бұл сұйықты
ағызады да, жаңа май құяды.
Қозғалтқыштың жүйесін жуатын
құрылғыларды (сурет 1) пайдалану бұл
жұмысты қарқындатуға және жуғыш
майларды үнемдеп шығындауға
мүмкіндік береді. Сурет 1
Қозғалтқышты ескі майдан тазартуға аранлған
құрылғының құрылысы (сурет 2)
1 - қақпақ; 2 -
электроқозғалтқыш; 3-
қабылдағыш сүзгіш; 4- қаптама;
5- жұқалап тазалайтын сүзгіш; 6-
құйғыш мойын; 7- ортадан тепкіш
тазартқыш; 8- манометр; 9-
ажыратқыш; 10- май деңгейін
көрсеткіш; 11 - қосатын шланг;
12- ағызатын тығын; 13 - басқару
краны; 14 - сорғыш; 15 - өткізгіш
клапан.
Қозғалтқышты майдан тазартуға аранлған
құрылғының жұмысы
Құрылғы шланг 11 және ауыспалы штуцерлер комплектісі ар қылы
қозғалтқыш картерімен қосылады. Бұл оған жуатын майды беруге,
майлау жүйесін жууға, оны қозғалтқыш картерінен сорып алу ға
және тазалауға мүмкіндік береді. Құрылғының сору жүйесі
электроқозғалтқыштан (қуаты 0,6 кВт) және қырықаяқты
сорғыштан тұрады. Бақылау, қорғау және басқару органдарынан
басқа, құрылғы магниттік қосқышпен және электро
қозғалтқышты сөндіру автоматымен жабдықталған. Жууды
қозғалтқыш бос жұмыс істеп тұрған кезде жүргізеді. Қабылда ғыш
сүзгішті 3, жұқалап тазалайтын сүзгішті 5 және ортадан тепкіш
тазалағышты 7 магнитті тығынының көмегімен тазалаудан кейін
құрылғыны қайта пайдаланады.
Қозғалтқышты маймен толтыруға арналған май
таратқыш колонка (сурет 3)
Қозғалтқыштың майлау жүйесін
майға толтыру үшін бір рет
жіберілген және жалпы берілген май
санын өлшейтін май жібергіш
колонкалар қолданылады.
Орнату әдісі бойынша колонкалар
стационарлық және жылжитын,
сорғыш түрі бойынша – көлемдік
және жылдамдықтық болып Сурет 3 - Стационарлы май
бөлінеді. тарату колонкасы
Қозғалтқышты маймен толтыруға арналған май
таратқыш колонка құрылысы (сурет 4)

а б
Сурет 4 – а - жалпы көрінісі; б - құрылғының сұлбасы;.
Қозғалтқышты маймен толтыруға арналған май
таратқыш колонка құрылысы (сурет 4):

1 - сүзгіш; 2 - сорғыш; 3 - электроқозғалтқыш; 4 - ауа-
гидравликалык акумулятор; 5 - манометр; 6 -
электроқозғалтқыштың автоматты сөндіргіші (қысым
релесі); 7 - жақсы лайтын сүзгіш; 8 - қайтармалы клапан;
9 - сақтандырғыш клапан; 10 - қосатын құбыр өткізгіш;
11- май есептегішінің көлем өлшегіші; 12 - қабылда ғыш
құбыр; 13 - май есептегіш; 14 - жібергіш шланг; 15 - кран
Трансмиссия механизмдерін және жүргіш бөлікті
майлау жұмыстары
Трансмиссия механизмдері және жүргіш бөлік өте күрделі жағдайда
жұмыс істейді. Жұлдызшалардың жұмыс беттері өте қатты қысыммен
жұмыс істегендіктен трансмиссиялық майға аса назар аудару қажет (мысалы,
гипоидтық берелісте ортша қысым 3,9 ГПа-ға жетеді). Гидромеханикалық
берілістің және рульдік механизмнің гидрокүшейткішінің де майын
уақытылы ауыстырып отыру қажет.
Жоғарыда айтылған механизмдердің майлау жұмыстары майлау картасы
бойынша жасалады. Беріліс қорабының картеріне, тарату қорабына, кардан
білігінің араларындағы тіреулеріне, жетекші мостқа, борттық берілістерге,
басқару тұтқасының механизміне және басқа бөлшектерге майлау картасына
байланысты май көлемін толықтырып тұру қажет. Нормотивтік жүрістен
кейін майды ауыстырған жөн. Май ауыстыру аралығы 6 дан 20 мың км- ға
дейін болады.
Трансмиссия механизмдерін және жүргіш бөлікті
майлау жұмыстары
Трансмиссия агрегаттарына майды құю
картер мен шестерндерді керосин немесе
дизельдік отынмен жуғаннан кейін
жасалады. Агрегат картерін жуу үшін 1,5-
2,0 л жуу сұйығын құяды да агрегатты 1,5-
2 минутқа іске қосып, кейін сұйықтықты
төгіп жаңа май құяды.
Кардандық берілістің шлицтік
қосылыстары солидолмен жағылады, ал
карданның инелік подшипниктері Сурет 5 - май таратқыш
трансмиссиялық майлармен майланады. бак
Трансмиссия механизмдерін майлауға арналған
май таратқыш бак
Автомобиль агрегаттарын трансмиссиялық майлармен майлау
үшін кішігірім бағдарлама бойынша жұмыс ат қаратын
майтаратқыш бак (сурет 5) қолданылады. А ғым линиясында ғы
немесе аранайы тұйық посттарда жоғары өндірмелі қондыр ғы
орнатылады. Ол стационарлы ыдысқа монтаждалады. Ыдыста ғы
май екі таратқыш шлангімен (ұзындығы 4 метр) тісті насосты ң
(электрқозғалтқыш 1,5 кВт арқылы іске қосылады) к өмегімен
беріледі. Бұл құрылғының жазғы трансмиссиялық майды беру
қабілеті (екі шлангі арқылы) 20˚С-да 12 литр/мин. Қысым релесі
бойынша қозғалтқыштың қосылуы мен сөнуі
автоматтандырылған.
Трансмиссия механизмдерін майлауға арналған
май таратқыш бак құрылысы

Сурет 6 – а -сыртқы көрінісі; б-үлгісі; 1 – шток; 2 – насос цилиндірі; 3 – піспек; 4 –
босатқыш қақпақ; 5 – сорушы қақпақ
Консистенттік майлармен майлауға арналған
құрылғы
Консистенттік майлармен майлау
үшін стационарлық, қозғалмалы
және көшірмелі солидолүргіштер
қолданылады. ТҚКС-да көбінесе
қозғалмалы солидолүргіш көп
қолданылады. Олар электрлі,
пневматикалы және қол күшімен
жұмыс істейді. Сурет 6-да
электромеханикалық қозғалтқышы
бар қозғалмалы солидолүргіш Сурет 6
көрсетілген.
Консистенттік майлармен майлауға арналған
электрлік солидолүргіштің құрылысы

Сурет 7
Консистенттік майлармен майлауға арналған
электрлік солидолүргіштің жұмысы
Солидолүргіш төрт дөнгелекті металл плитаға монтаждал ған.
Плитада 14 кг майы бункер 1 және 40 МПа-ға дейін максималды
қысыммен жұмыс істейтін плунжерлік насос 6 қондырыл ған. Насос
электрқозғалтқышпен 8 (0,6 кВт) және жабық поддоны бар
шестеріндік редуктормен іске қосылады. Май шай қа ғыш пен
шүмектің көмегімен сеткалы фильтр арқылы бункерге беріледі.
Қысым релесі қысымның 25МПа-дан асқанда қозғалтқышты
автоматты түрде өшіреді. Бұл шлангінің бұзылуынан са қтайды.
Майлықтың беру қысымы редуктормен 9 реттеледі.
Май қысымын көтеруге арналған шағын
құралғылар
Көп май шығынын қажет етпейтін ұсақ бөлшектерді майлау үшін
майды қысыммен беретін пистолеттер (сурет 8) немесе шприцтер
(сурет 9) қолданылады. Пистолеттердің екі түрі болады: ішінде 1-2
кг дейін май болатын баллоны бар және шланг ар қылы май
таратқыш құрлғығы қосылатын. Ал плунжерлі шприцтер май
таратқыш құрылғысыз қолданылады.
Бұл құралдардың жақсы қасиеті – қысымның дәл пистолеттің
өзіңде болуында. Олар жұмысқа өте ыңғайлы және жоғары
өнімді. Сонымен бірге бағасы да арзан. Май қысымы плунжерді ң
көмегімен көтеріледі.. Плунжер сапты басқанда іске қосылады.
Май қысымын көтеруге арналған шағын
құралдар

а б

Сурет 8 - Май қысымын көтеретін пистолеттер: а - Сурет 9 - плунжерлі шприц
арнайы баллоны бар; б - майтаратқышпен бірге
қолданылатын
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Техникалық қызмет көрсету құралдарының құрылысы мен оны пайдалану ережелерін оқып үйрену
Генеральды жинау дезинфекция жинау
Май присадкалары
Емдеу сауықтыру мекемелерінін түрлері
Жүк көтергіш машиналар
Қозғалтқыштың ақаулары
Астық қоймалардың сыйымдылығын есептеу
Құрылыстағы бульдозер
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА
Пәндер