Шиномонтаж және шина жөндеу жабдықтары



Шиномонтаж және
шина жөндеу жабдықтары

Бүкіл әлемдік ЖКО статистикасы бойынша әрбір жетінші ЖКО автокөлік дөңгелегінің жыл мезгіліне сай болмауынан немесе нашар күйде эксплуатациялануынан болады екен. Сондықтанда автокөлік дөңгелегін әрқашан тексеріп, техникалық талаптарға сай екендігін бақылап отыру керек. Ал егерде дөңгелекте қандайда бір тозу белгілері пайда болса немесе ауа қысымы азайса, онда бұл мәселені кез келген заманауи ТҚКС шеше алады.
Автокөлік дөңгелегінің техникалық талаптарға сай болуының маңызы

Шиномонтаждық және шина жөндеу жұмыстарына мыналар жатады:
дөңгелектерді және шиналарды бөлшектеу және құрастыру;
покрышкаларды ауыстыру;
дөңгелек камераларын және дисктерін жөндеу;
жуу-тазалау;
дөңгелектерді теңгеру (балансировка) ;

Дөңгелек жөндеу жабдықтары
Аталған жұмыстарды сапалы әрі тез уақытта жөндеу үшін ТҚКС-да арнайы шиномонтаждық және шина жөндеу жабдықтары қолданылады. Сонымен қатар бұл жабдықтарды қолдану шиномонтаждық жұмыстардың еңбек сыйымдылығын азйтуға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шиномонтаждық жабдықтар атқаратын қызметіне, автоматтандырылу дәрежесіне, қуатына, қызмет көрсетілетін дөңгелек түріне қарай классификацияланады.

Атқаратын қызмет түріне қарай:
Шиномонтаждық стенд;
Теңгеру стенді;
Вулканизатор;
Көмекші жабдықтар.
Автоматтандырылу дәрежесіне қарай:
Автоматты;
Жартылай автоматты.

Қызмет көрсетілетін дөңгелек түріне қарай:
Жеңіл автокөлік дөңгелектеріне арналған - шина диаметрі 40 дюймге дейін,
қалыңдығы 16 дюймге дейін ;
Жүк автокөліктерінің дөңгелектеріне арналған - шина диаметрі 60 дюймге дейін, қалыңдығы 30 дюймге дейін;
Арнайы мамандандырылған - дөңгелек өлшемдері стандартқа сай келмейтін арнайы техникаға арналған.

Қуатына қарай:
Аз қуатты - қуаты 1 кВт-қа дейін және бір фазалы ток көзінен қоректенетін (негізінен жеңіл автокөлік дөңгелектері- не арналған) ;
Жоғарғы қуатты - бір немесе үш фазалы ток көзінен қоректенетін қуаты 1 кВт-тан жоғары (жүк автокөліктерінің дөңгелектеріне арналған) .

Шиномонтаждық стенд
Шиномонтаждық стенд (станок) - дөңгелекті бөл- шектеуге және құрастыруға, сонымен бірге шина қысымын реттеуге және диагностикалуға арналған жабдық. Автоматты және жартылай автоматты (сурет 1) түрлері болады.
Сурет 1 - Жартылай автоматты шиномонтаждық станок

Жартылай автоматты шиномонтаж- дық стенд (сурет 1)
Ең көп таралған шиномнтаждық стенд болып
саналады. Себебі, құрылысы қарапайым және оңай басқарылады. Стендте дөңгелек автоматты түрде айналып тұрады, айналым жиілігін оператор арнайы педальмен реттейді. Ал шиноионтаждық бастиек тек адам күшімен ғана басқарылады. Бұл жұмыскерден физикалық еңбекті талап етеді, сондықтан жұмыс өнімділігі төмендейді.

Жартылай автоматты шиномонтаж- дық стенд сұлбасы (сурет 2)

Жартылай автоматты шиномонтаж- дық стенд құрылысы (сурет 2) :
1- қосарлы блокировкасы бар иінтірек;
2 - бөлшектеу-құрастыру бастиегі;
3 - шина бортын көтеру иінтірегі;
4 - станок жайлы ақпарат;
5 - үруге арналған тапанша;
6 - айналатын үстел;
7 - цилиндр;
8 - үстел айналысын реттеу педальі;
9 - қысқыштарды басқару педалі;
10 - шина бортын көтеру құрылғысын реттеу педалі; 11 - шина бортын көтеру құрылғысының қалақшасы;

Автоматты шиномонтаждық стенд (сурет 3)
Автоматты стендтарда шино- монтаждық бастиектің және айналмалы үстелдің пневматика- лық жетегі бар, яғни адам күшін қажет етпейді. Бұл үлкен АКК-да жұмыс өнімділін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ жартылай автоматты стендтерге қарағанда электр энергиясын көп тұтынады.
Сурет 3

Автоматты шиномонтаждық стенд сұлбасы (сурет 4)

Автоматты шиномонтаждық стенд құрылысы (сурет 4) :
1 - монтаждық тіреуді шалқайту педалі; 2 - қысу механизмінің айналысын реттеу педалі; 3 - шина бортын көтеру қалақшасын басқару педалі; 4 - көмекші құралдар жәшігі; 5 - қысқыштарды басқару педалі; 6 - покрышка жиегін көтеруге арналған иінтірек; 7 - қысқыштары бар айналмалы үстел; 8 - қысқыштар; 9 - бөлшектеу-құрастыру бастиегі; 10 - вертикальді шток; 11 - блоктауыш тұтқа; 12 - горизонталь кронштейн; 13 - манометр; 14 - ауа клапаны; 15 - шина бортын көтеру құрылғысының қалақшасы; 16 - резеңке тіреу.

Автомобиль доңғалақтарын теңгерудің мақсаты
Жоғары жылдамдықтардағы қозғалыс кезінде теңгерудің бұзылуы - ортадан тепкіш күштердің пайда болуына әкеледі, олар жылдамдықтың квадратына пропорционал өседі. Бұл күштер доңғалақ подшипниктеріне қосымша динамикалық күш түсіреді де, олардын соғуын, бөлшектердің жоғары тозуын тударады, басқарылатын доңғалақтарды орнату бұрыштарын бұзады және шиналардың протекторының тозуын үлкейтеді.

Доңғалақтарды теңгеру
Доңғалақтарды теңгеру арныйы теңгеру станок- тарында жүргізіледі. Алдымен доңғалақтардың статикалық ауытқуын (дөңгелек массасы айналу шеңберінің ұзындығы бойынша бірқалыпты таралмауын) теңгереді, содан соң динамикалық ауытқуын (дөңгелек массасы айналу шеңберінің ені бойынша бірқалыпты таралмауын) теңгереді.
Айналу өсі горизонталь орналасқан күпшекке доңғалақты бекітеді. Доңғалақты қолмен жеңіл итеріп алдымен бір жаққа, сонан соң екінші жаққа айналдырады.

Доңғалақтарды статикалық теңгеру
Ол толық тоқтағанда төменгі нүктелерін бормен белгілейді. Бормен белгіленген нүктелердің сәйкес келмеуі станок білігінің подшипниктерінде үйке- лісу күштерінің моментінің бар болуынан болады. Осы нүктелердің арасында болатын доңғалақтың ең “ауыр” орнын анықтап, доңғалақтың теңестіріл- меген массасын теңгеретін жүкті дисктің қарама-қарсы бөлігіне бекітеді. Бірақ бұл жүк айналыс кезінде доңғалақтың білігі бойында механикалық тербелістер тудырады. Сондықтан да енді динамикалық теңгеру жүргізу қажет.

Жеңіл автомобиль доңғалақтарына арналған теңгеру стенді (сурет 5)

Доңғалақтарды динамикалық теңгеру
Динамикалық теңгеру (сурет 5) кезінде доңғалақтың тең- герілмеген массасы біліктің 2 механикалық тербелістерін туғызады, олар тербелмелі жүйе 7 арқылы индукциялы датчикке 1 беріледі, ол оларды электр импульстарына айналдырады. Соңғылар электронды-өлшеуіш блокқа 3 келеді, онда өлшеуіш құралға 4 жіберілетін белгілі кернеу қалыптасады. Құрал доңғалақтың теңгерілмеген масса шамасын көрсетеді, ал олардың орнын страбоскоптың шамы 5 және доңғалақпен ілеспелі айналатын графиленген диск арқылы анықталады. Шамның жарық беру моменті доңғалақтың теңгерілмеген орнының шеткі төменгі жағдайына сәйкес болады.

Теңгеру стендтерінің түрлері
Сурет 6 - қарапайым
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz