Критериалды және формативті бағалау: критерийлер мен Блум таксономиясы


Slide 1

Критериалды бағалау - сапалы білім негізі.

Мақсаты: 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау.

Slide 2

«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. «Критериалды бағалау» - білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

«Баға» - символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

Slide 3

Формативті бағалау

Формативті бағалау мұғалім мен оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту жолындағы формальды және формальды емес іс-әрекеттері. Ол күнделікті сабақта орын алады. Мұғалімге оқушылардың білімін қадағалауға, ал оқушыларға өз оқу жетістіктеріне өзі бақылау жасауына мүмкіндік береді. Мұндай бағалау түрінде мұғалім мен оқушы арасында кері байланыстың болуы шарт.

Slide 4

Критериалды бағалау

Бүгінгі бағалау тек мұғалім тарапынан ғана жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау үрдісіне ауысқан. Бағалаудың дұрыс-дұрыс еместігін оқушы қайдан біледі? Сондықтан дұрыс бағалау жүргізу үшін оқушы өз білімін қандай да бір үлгі, эталондармен салыстыруы керек. Басқаша айтқанда, эталондардың критерийлерін нақты көрсету керек. Бұл мүмкіншілікті критериалды бағалау береді.

Slide 5

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

анық, айқындылығы;

бағаның әділдігі;

өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Slide 6

Математика пәні бойынша оқушы жетістігін бағалаудың жалпы критерийлері:

Білу және түсіну А; Қолдану және анализдеу В; Синтез және рефлексия С.

Slide 7

Б. Блум таксономиясы бойынша танымдық салада

оқу мақсаттарының категориялары

Slide 8

Білу

Жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды, тыныс белгілерін қояды, формуланы жазып алады, көшіреді, диктант жазады, сипаттайды, хабарлайды, әңгімелеп береді, дәл сол қалпында қайта құрастырады.

Slide 9

Түсіну

Әңгімелейді, өз сөзімен мазмұндап береді, ереже құрастырады, мысал келтіреді, топпен талқылайды, анықтама құрастырады. Неліктен, не үшін деген сұрақтарға жауап береді, формуланы ойлап шығарады

Slide 10

Қолдану

Есеп шығарады, берілген алгоритм бойынша орындайды, шолу жасайды, өлшейді, жоспарлайды, зерттейді

Slide 11

Талдау

Дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады. Не үшін, неліктен деген сұрақтарға тереңінен жауап береді, қателерді табады, жасалған жұмысты талдайды, проблеманы шешеді

Slide 12

Синтез

Шығармашылық жұмыспен айналысады, есептер-жаттығулар құрастырады, жоба жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады.

Slide 13

Бағалау

Таңдайды, шешім қабылдайды, қажеттілігін анықтайды, дәлелдейді, тұжырымдайды, өз пікірін келтіреді

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Блум таксономиясы негізіндегі кәсіптік колледж және жоғары сынып оқушыларының критериалды бағалау жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері мен процедуралық талаптары
Блум таксономиясы: оқу нәтижелерін бағалау әдістемесі
Критериалды бағалау технологиясы және Блум таксономиясына негізделген бағалау критерийлері
Математика пәніндегі критериалды бағалау: критерийлер, дескрипторлар және практикалық қолданылуы
Блум таксономиясы: теориясы, деңгейлері және сабақта қолданылуы
Блум таксономиясы: теориясы, деңгейлері және сабақ жоспарлаудағы қолданылуы
Химия пәнінде формативті бағалау: шарттары, әдістері және бағалау критерийлері
Блум таксономиясы және оқушылардың дербестігі мен дарындылығын анықтайтын көрсеткіштер
Блум таксономиясы: оқыту нәтижелерін бағалаудың алты деңгейі және қолданылуы
Блум таксономиясы: оқыту мақсаттарын жүйелеу және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz