Өндірістік гигиена және санитария
Презентация қосу
Дәріс 27
Өндірістік гигиена және санитария
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің
денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек
процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу
жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық
шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда,
еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және
өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін
түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық –
гигиеналық, ұйымдық және емдік
профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік
аурулардың алдын алуына және еңбек
шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді
қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік
факторлардың қызметкерлерге әсерін
болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық -
гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен
техникалық құралдар жүйесі.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық
қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді,
кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың
өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке
қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық -
гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны
тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана
қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың
бірден бір себебі болуы да мүмкін. Цехтарда жоғары
температураның болуы бірден барлық
жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды,
бас айналу және ұйқышылдық пайда болады.
Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен
жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады. Төмен
(жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада
зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу
мүмкіндіктерін туғызады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен
ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте
зиянды. Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік
кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс
алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс
және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және
сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету
және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.Бұл
барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және
кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді.
Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын
аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті
қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорындардың арасындағы ара
қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени
тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық -
қорғайтын аймақ деп атайды. Барлық өнеркәсіп
кәсіпорындары олардың технологиялық процесстер және
зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа
бөлінеді. Шаңның, шуылдың және басқа да өндірістік
зиянды заттардың болуы кезінде, шаң ұстайтын қондырғы
қолдану қажет, арнайы тазалайтын құрылғыларды
құрастыру, учаскілерге бөлу, мұнда шуыл деңгейі жоғары
болған кезде қолданылады.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарды жазықтықты
жоспарлау кезінде санитарлық және от пен жарылуларға
қарсы қажетті талаптарды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс алаңдарының тиісті аумақтары нормаға сәйкес
биіктікті тігінен жоспарлау кезінде алынады. Өндірістегі
аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін
жолдар қамтамасыз етілуі қажет, адамдардың өту және
автокөліктердің ғимараттарға өту жолын қамтамасыз ету,
өндіріс мақсаттары үшін ғана емес, сонымен қатар
өртсөндірушілерге де немесе әр – түрлі апаттардың алдын
алу шаралары кезінде де қолайлы болуын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын аумақтарында кем дегенде екі шығатын жол
болу керек.
Қалған барлық алаңдар көгалдандырылған болуы
тиіс.Көгалдандырылған, және көркейтілген
аумақта автокөліктердің жолдарының және адамдар өтетін
жолдарды тек қана жүруді ғана қамтамасыз етпей, сонымен
қатар осы кәсіпорын ауданындағы ауа тазалығына да
жағдай жасау болып саналады.
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы – бұл солардың ішкі
ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға
әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы
жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты,
құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену
температурасының байланыстарымен анықталады.
Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура,
салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының
жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы
болып табылады.
Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша
болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті
білдіретін жұмыс аумағында бағалайды.Оңтайлы
микроклиматтық жағдайлар – бұл микроклимат
параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер
еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының
қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.Ауа
температурасы – көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне
елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және
тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары
температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс
қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының
көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі
болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін.
Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі
ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның
термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның
көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді.
Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен)
адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда
болады.Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында
микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа
қозғалысын 0,15м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа
ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты.
360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С
жоғары температурада – жайсыз сезінеді.Еңбек гигиенасы –
қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның
және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу
жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар
кешені;
Микроклимат (грекше Micros - шагын + климат ) -
адам агзасыныц жылу алмасуына эсер ететін шектелген
кецістіктеіі физикалық факторлардың кешені.
Өндірістік бөлмелердін микроклиматы бул -
ауа козгалысыны \ ылгалдыльны мен жылдамдыгы.
температурамен қосылгандагы адам ағзасына, сондай-
ақ коршаган орта температурасы эрекегімеі аныкталатын
бөлмелердін ішкі климаты.
Оңтайлы микроклимат жагдайлары - жылу реттеу
реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің
косындысында ацам агзасына ұзак және жүйелі әсерінде
ағзаның қалыпты функционалдык жэне жылу жағдайын
камтамасыз етеді.Олар жылылық сезімін қамтамасыз етеді
жэне жұмыс қабілетін арттырады.
3 талап Өндіріс алаңын жобалау кезінде төмендегі
шаралар ескеріледі:
1) қатынас жолдарын дұрыс игеру;
2) жауын – шашын суларын аймақтан алшақтау;
3) темір жолдарды ескеру;
4) алаңда бір жағына қарай еңкіштігін ескеру;
5) аяқ жолдарды ескеру және түрлі нұсқамалар қою.
Жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде
өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе
уақытша болатын орны.
Әр қызметкердің жұмыс орны – түрлі жұмыс бабының бір
немесе бір-неше түрін орындауға бөлінген мекеменің бір
бөлігі. Ол бөлмелер машиналармен, аппараттармен,
агрегаттар немесе станоктармен т.б. мекемеге керекті қауіпті
техника түрлерімен қамтамасыз етіледі. Қанша қауіпті
техника болғанымен ол орында қауіпсіздік шаралары басым
болу керек. Ол үшін мекеме әр техника құралдарының
талаптарын, ережелерін қатаң түрде сақтауға
тиіс. Сондықтан әр мекеменің тұрған орны, санитарлық
гигиенасы, әр техниканың орнықты болуы, қауіпсізідік
шараларына қарсы құрал – жабдықтары мен арнайы
киімдері және ереже талаптары алдын – ала қарастырылса,
қызметкерлерге мекеменің көрсеткен ең 1-ші жеңілдігі
деуге болады.
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық
гигиеналық талаптар Өндірістік ғимараттар
стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу
керек.Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу
санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі,
және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша
соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті –
себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері,
асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz