Органикалық синтез практикумы


Slide 1

Такырыбы: « Органикалық синтез практикумы »

Slide 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды «Органикалық синтез практикумы» пәнінің негізімен таныстыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік: сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Slide 3

Органикалық қосылыстар - құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары) . Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әр түрлі майларды, т. б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әр түрлі күрделі өзгерулер тән.

Slide 4

Органикалық синтез - органикалық химияның органикалық қосылыстардың түзілу жолдары мен әдістерін лаборатория және өндіріс көлемінде зерттейтін бөлімі. Органикалық синтездің дамуы органикалық заттардың құрылыс теориясы мен органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері туралы мағлұматтар жинақталғаннан кейін (19 ғасырдыңдың 2-жартысы) басталды. Сол уақыттан бастап органикалық синтез жаңа органикалық қосылыстар алудың көзі ретінде органикалық химияның дамуында түпкілікті орын алып, зерттелетін нысандардың қатарын кеңейте түсті.

Органикалық синтездің өзіндік мақсаты, тактикасы, стратегиясы және күрделі молекуланы дизайндау жолдары бар.

Slide 5

Қарапайым молекулалардан күрделі молекула құрастыру сатылап жүреді, яғни барлық Органикалық синтезді бірнеше, кейде өте көп кезеңдерге бөледі. Ең алғаш өнеркәсіпте органикалық бояғыш заттарды синтездеді. Оған шикізат ретінде тас - көмірлі смоланы қолданды. Ол шикізаттан сонымен қатар бензол мен басқа ароматты заттарды алды. 1842 жылғы Н. Н. Зининнің анилинді тотықтыру арқылы нитробензолды алған. Сонымен қатар Германияда өнеркәсіптік масштабта ализарин, индиго сияқты органикалық бояғыш заттарды ала бастады. Тек осыдан кейін ғана әр әлдің түкпір -

түкпірінде табиғи бояғыш заттарды ығыстырып оның орнына жасанды өндірілген бояғыш заттарды қолдана бастады.

Slide 6

Жеңіл жанатын және жарылыс қауіпті заттармен жұмыс

Препаративті органикалық химияда эфирлер, спирттер, бензол, ацетон және тағы басқа сол сияқты отқауіпті ерітінділерді жиі пайдалану қажет. Бұл заттармен ерекше абайлап жұмыс жасау керек, себебі олардың булары тез жануы мүмкін. Келесіні есте сақтау және атқару қажет:

- бұл ерітінділерді отқа жақын, жылы орындарда немесе жылытатын аспаптардың жанында ұстауға болмайды;

- оларды ашық отта, отқа жақын немесе ашық ыдыстарда жылытуға болмайды, оларды тек қана кері сулы мұздағышы бар сулы моншада жылытуға рұқсат беріледі;

Slide 7

- бұл ерітінділерді тек қана сулы мұздағышы бар сулы моншада лабораториялық үстелдің үстінде айдауға болады;

- көп сақталған эфирді алдын ала тотықтардың бар болуына тексергеннен кейін айдау қажет;

- егер лабораторияның ішінде көп жеңіл жанатын сұйық төгілсе, онда барлық жанғыштарын және электржылытқыш приборларын сөндіріп, әйнектерді ашып, төгілген сұйықты шүберекпен немесе орамалмен жинау қажет.

Slide 8

Пробиркалар - бұл ыдыстың ішіндегі ең көбірек қолданылатыны әр түрлі пішінді, әртүрлі материалдан дайындалған ыдысты айтады.

Олар цилиндр тәрізді, түбі доғалданған, әртүрлі көлемді, әртүрлі шынылардан дайындалған түтіктер. Лабораториялық пробиркаларды жеңіл балқитын

шынылардан дайындайды. Бірақта жоғары

температурада қолданылатын

пробиркаларды қиын балқитын немесе

кварцтан дайындайды.

Slide 9

Химиялық стакандар - әртүрлі сыйымдылығы (50 - 2000 мл) қабырғасы жұқацилиндр тәрізді ыдыстар. Ола аласа, биік тұмсықты, тұмсықсыз болып келеді. Сондай - ақ шкалалы конус қабырғалы стакандар бар.

Оларды химиялық реакцияларда, препарат дайындау жұмыстарында қолданылады.

Slide 10

Колбалар - олар шар және конус тәрізді болып келеді, сыйымдылықтары 50 мл - 10 литрге дейін, шлифті және шлифсіз түрлері болады. Колбаларды химиялық реакцияларды титрлеуге, препараттар дайындауға т. б лабораториялық жұмыстарға пайдаланылады. Колбадағы сұйықты стакан сияқты қыздырады. Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған колбаларды ашық отқа қоюға болады.

Slide 11

Кристаллизатор - қабырғалары жұқа, түбі жадағай, сыйымдылығы мен бетінің диаметрі әртүрлі шыны ыдыс. Оны заттарды кристалдау және буландыру үшін қолданылады. Кристализаторды су баниясында ғана қыздыруға болады.

Slide 12

Өлшегіш цилиндрлер - қалың қабырғалы, қабырғасының сыртында көлемді мл мөлшерінде көрсететін бөлік белгілері бар ұзынша келген шыны ыдыс.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
МОНОФУНКЦИОНАЛДЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ
Химиялық технология ғылымы
Органикалық реакциялардың механизмдері
Бейорганикалық заттардың жіктелуі
Жасуша қызметі мен құрылысы
Органикалық қосылыстардың молекуласындағы атомдардың өзара әсері
Зат алмасудың бұзылуының типтік этиологиясы
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Өсімдіктің химиялық құрамы
Дәрілік препараттарды синтездеу әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz