ШЫҒЫС ӘЛЕМДІК ДІНДЕР


Slide 1

ШЫҒЫС ӘЛЕМДІК ДІНДЕР

Slide 2

Буддизм алғашында монахтардың діні болды.

Кшатрилердің әскери касталарының талабын қанағаттандырды.

Бірақ Будданың ілімі кейіннен қатты дамыды. Буддизмнің негізгі бастаулары әртүрлі және көп. Олар ежелгі санскрит, тибет, маньчжур, қытай, жапон тілдерінде болды және бір-бірінен өзгешеліктері білінді. Будда дінінің жүйеленуі Гаутама Буддаға байланысты болды.

Slide 3 Slide 4

Буддизм Сиддхартха Гаутаманың ілімінен таралған дін деп есептеледі. С. Гаутама б. з. д. 560 жылдың шамасында солтүстік шығыс Индияда туылған. Оның әкесі Шуддходанна кшатрий кастасынан шыққан раджа болған. Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дағдарысқа ұшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдің басын біріктіруге талпынды.

Slide 5

Будда ілімі қандайда бір Құдайға немесе адамға табынуға бағытталмаған. Будда құдай емес және Құдай жіберген елші де, ол адамдарды құтқарушы да, адамдардың күнәсін жуып-шаюшы да емес, Будда бар болғаны адам. Будда - өмірдегі қателіктерден, қиналудан, қараңғылықтан өзін-өзі сүюші менмендіктен, тойымсыздықтың кері әсерлерінен оянған, басқалардан өте жоғары тұратын сиқырлық күшке ие, жоғары рухани деңгейдегі - адам. [1]

Slide 6

Біріншісі - әртүрлі рахатқа, ойын-сауыққа және жан құмарлығына арналған өмір;

бұл рухқа қарсы, төмен дәрежедегі, дәстүрге сай емес, алғыссыз және жөнсіз өмір.

Екіншісі - өзін-өзі ерікті қинауға салған өмір;

бұл қараңғы, төмен дәрежедегі, дәстүрге сай емес өмір.

Slide 7 Slide 8

САНСАРА - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.

КАРМА - «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

АСКЕТИЗМ - (гр. askco - жаттығамын) - ол моральдік немесе діни мұратқа жету мақсатында «денені жансыздандыру», жер бетіндегі жақсылық атаулыдан бас тарту арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруда ұстамдық таныту.

НИРВАНА - «жоғалу», «сөну», Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикадан және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғымы арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен байланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдық пен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.

Slide 9

Кемелденген адам бұл екі нәрседенде алшақ тұрады; ол ортада жатқан жолды таныған, көз бен ақылды ашатын тыныштыққа, танымға, ақылға, ағартушылыққа, бір сөзбен айтқанда Нирванаға апаратын жол. Бұл жол арқылы Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзқарас, түзу шешім, түзу сөз, түзу әрекет, түзу өмір, түзу ұмтылыс, түзу естелік, түзу өзін-өзі жетілдіру, тереңдету. [2]

Slide 10

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегушілік».

Ол төрт игілікті ақиқаттан тұрады:

Бірінші ақиқат - өмір сүру азап шегу болып табылады.

Екінші ақиқат - азап шегудің себептері адамның тілегі мен құмарлығына байланысты болды.

Үшінші ақиқат - азаптан құтылудың жолдары - құмарлықтан құтылу.

Төртінші ақиқат - тілектер мен құмарлықты шешу үшін адамдар

Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-қатынаста болу, өзін-өзі ұстау және аңдап жүру. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету.

Slide 11

Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үлкен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң тақуалық тәртіп жолында медитация әрекеті мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды. Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әрі қарай тақуалық жұмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) деген қауым құрды. Ол орден халықтардың садақалық, қайырымдылық көрсетуінің арқасында өмір сүрді.

Slide 12 Slide 13

Сангха болса, Будда ілімін (дхарма) халықтарға жеткізу үшін жұмыс істеді. Алғашқы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б. з. д. 300 ж. Сангха бірқалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әртүрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна (кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме) . Хинаяна Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көзқарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастықпен дамыды.

Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

(ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай құрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндістанда етек алды. Мифтік аңыздарда Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі болып көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жұмысы, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдың рөлдері биік болды. Осыған байланысты Тхераведа ағымы немесе хинаяна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндер
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері
Ислам Христиан айырмашы лықтары
Парфия державасы
Конфессия - діни сенім
Періштелерге сену
Дінтану негіздері
Қазақстандық қоғамдағы қоғамдық - саяси өмір және құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастауы
Әлемдік діндер
Христиан дінінің тармақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz